Ішек өтімсіздігінің патогенезі
Презентация қосу
Тақырыбы: Ішек өтімсіздігінің патогенезі
Ішек
түйілу
ауруы
Бұл ауру ащы және тоқ ішектердегі заттардың қалыпты жолмен
жылжу мүмкіншілігінің, яғни ішектердің өткізгіштік
қасиеттерінің,толық немесе жартылай бұзылуымен сипатталады.
Бұндай жағдай негізгі екі себептен туады. Біріншісі механикалық
себеп,ал екіншісі - ішектің қозғалу қызметін реттейтін нерв
жүйелері қызметтерін бұзылуы. Ішек түйілу ауруы
жедел хирургиялық сырқаттардың арасында 7-10% шамасында
кездеседі және ол еркек жынысты пациенттерде жиірек байқалады.
Шамамен бұл ауруға шалдығу жиілігі ер адамдарда 55%, ал әйелдер
45% құрайды және ауру, көбінесе, 60-тан асқан адамдарда жиі
кездеседі (35-40%). Іш түйілу ауруынан болатын өлім жиілігіні ң
көрсеткіші, өкінішке орай, өте жоғары, атап айтканда, 20-25%
аралығында болып тұр. Әрине бұл қуанарлық жағдай емес.
Ішек түйілу ауруың жіктеу. Ішек түйілу ауруының хирургтер
арасында көп тараған және жиі қолданылатын топтау жобасының
түрі мына төмендегідей.
I. Пайда болу мерзіміне
байланысты:
А) Туа біткен
Б) Жүре пайда болған.
ІІ. Аурудың барысына карай:
Жедел
Созылмалы.
ІІІ. Аурудың себебіне қарай:
А) Механикалық:
а)Обтурациялық;
б)Странгуляциялық
в)Аралас, яғни обтурация және странгуляция туғызатын себептерді ң
және іш түйілудің аталған түрлерің белгілерінің қосарласуы
Б) Динамикалық:
а. Спастикалық;
б. Паралитикалық;
IV. Кедергінің орналасуына карай:
1.Ащы ішекте: а) жоғары деңгейде, б) томенігі деңгейде.
2.Тоқ ішекте.
Механикалық іш түйілудің динамикалық іш түйілуден
айырмашылығы сырқаттың механикалық түрінде ішектің
өткізгіштігінің бұзылуы механикалық себептерден туады және
олар ағзаның ішінде немесе сыртында орналасады.
Динамикалық іш түйілудің негізгі себебі орталық немесе шеткі
нерв жүйелері қызметтерінің бұзылуымен байланысты болады.
Ал енді іш түйілудің механикалық түрінде ажыратылатын
обтурациялык және странгуляциялық іш түйілудің бірінен
бірінің айырмашылығына қелетін болсақ,обтурациялық түрі ішек
қуысының механикалық себептермен бітелуімен сипапатталады, ал
динамикалық түрінде ішек түйілу құбылысын туғызатын фактор,
ішек шажырқайын қамтиды, яғни сырқат ішек қан айналымының
бұзылуын тудырады, ал ол, өз кезегінде, ішек қабырғасының қанмен
қалыпты қоректенуін бұзады.
Іш түйілудің странгуляциялық түріне
төмендегілер жатады:
ІШЕКТІҢ
1.ҚЫСЫЛУЫ;
2.БҰРАЛУЫ;
3.БАЙЛАНУЫ.
Ішек түйілуі диагнозымен
ауруханаға түскен пациенттердің
88%-нда механикалық, ал 12%-да
динамикалық түрлері кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. Жоғарыда көрсетілгендей ішек
өткізгіштігінің жедел бұзылуының себептері арқылы болады.
Іш түйілу ауруының странгуляциялык
т үрлері Ішектің оралуы (а), байлануы (б), кысылуы (в)
Механикалык іш түйілуіді себептердің қатарына ішектердің туа
біте пайда болған әртүрлі даму ақаулықтарың,іш қуысын ашумен
байланысты (лапа- ратомия) операциялардан және іш
жарақаттарынан соң немесе ондағы қабыну процестерінің әсерінен
пайда болатын жабыспаларды, ішек куысына түскен немесе сонда
пайда болатын бөгде заттарды , ісіктерді т.б. жатқызуға болады.
Динамикалық іш түйілу себептерінің негізінде, жоғарыда
көрсетілгендей, орталық немесе шеткейді (перифериялық) жүйке
(нерв) жүйелерінің ішек моторикасын реттеу қызметінің әрқилы
себептерден нашарлауы жатады.
Ондай себептер хирургиялық операциялардан және іш
жарақаттарынан соң немесс перитонит және іш қуысының абсцесі
сияқты аурулар пайда болғанда және кейбір жүйке жүйелерінің
ауруларында туады.
Аталған себептер ішектердің спазмын немесе парез,
параличін туғызады, ал олар, өз кезегінде, ішектердің
қалыпты қозғалысын (перистальтика) бүзып, олардың
өткізгіштік касиетінің жоғалуына әсерін тигізеді.
Инвагинация
Іш түйілу сырқатында организмдегі зат алмасу түрлерінің бәрі дерлік
патологиялық озгерістерге түседі. Қанда гипопротеинемия байқалады. Белок
алмасуының бұзылуы бастапқы сәтте алкалоз туғызса, ол кейіннен,
компенсацияланбайтын ацидозға айналады. Циркуляцияға түсетін қан мен
сүйықтық көлемдері томендейді, олардың секвестрленуі себебінен ішектер мен
іш қуыстарында көп көлемде сұйықтык жыйналады.
Клиникалык коріністері мен диагностикисы. Іш түйілу ауруының түрлері,
жоғарыдағы топтау жобасында көрсетілгендей, бірнешеу болғанмен олардың
клиникалык, көрінісінде субъективтік және объективтік ортақ белгілерді байқауға
болады.
Күңделікті хирургиялық тәжірибеміздегі байқауымызға қарағанда, әдебиет
көздерінде корсетілгендей, клиникаға іш түйілумен әкеліп жеткізілген аурулар
арасында, көбінесе, механикалық іш түйілу орын алады және сырқаттың бұл түрі
ерекше қауіпті болып келеді. Осы себептен студент жастарға сыр қаттың осы
түріне толығырақ тоқтсалуды қажет деп санаймыз.
Механикалық түйілудің түрлеріне қарай аурудің белгілері әртүрлі болып
бітінеді. Дегенмен, аурудын бастапқы кезендеріңде, онын түрлеріне қарамай,
негізгі үш-төрт белгілерін анық байқауға болады.Олар: ауру сезімі (100%
анықталады), іштің кебуі (70-80%), нәжіс пен іш желінің шығуларыны ң қиндауы
немесе мүлдем доғарылуы(80-85%) және құсу (60-65%). Механикалық іш т үйілу,
көбінесе,кенеттен басталады. Тек оның обтурациялық түрінде, кейбір
пациенттерде, ауру белгілерінің біртіндеп дамуын байқауға болады.
Сырқаттың келесі бір жиі анықталатын белгісі ол үлкен дәреттің шығуының
қиындауы және іш желінің шықпауы. Кейбір пациенттерде, ауру басталуының
алғашқы мерзімінде, ішекте орналасқан бөгеттен төмен бөліктері босау себебінен
нәжіс түсуі мүмкін. Қабылдау бөліміндегі дәргерлерді бұндай жағдай диагнозды
анықтауда дұрыс жолдан тайдыруы мүмкін екенін есте сақтағандары абзал.
Келесі бір пациенттер қан араласқан нәжіс түседі деп шағымданады.Б ұл белгі іш
түйілудің инвагинация түрінде жиі байқалады және соған тән белгі.
Ішек қуысында газдың қөп мөлшерде жиналуы,іш кебу белгісін
тудырып, іштің сыртқы пішінін өзгертеді (деформация).
Құсу белгісінің жиілігі және құсықпен шыққан заттардың түрі ішек
өткізгіштігің бұзған себептің орналасу деңгейіне байланысты. Бөгет
неғүрлым жоғары орңаласса, солғүрлым құсу жиі болады, ал бөгет төмен
орналасса,құсу көп қайталанбайды.
Объективті зерттеу. Пациентердің жалпы жағдайлары іш түйілу ауруының
түріне байланысты болады. Сырқаттың обтурациялық түрінің бастапқы
кезендерінде ауру адамдардың көпшілігінің жалпы жағдайлары
қаңағаттандырарлықтай немесе орташа дәрежелі ауыр жағдайда болса,
странгуляциялық іш түйілуде, көбінесе, пациенттер өте ауыр жағдай түседі.
Көзбен шолып зсрттегенде іштің алдынғы қабырғасының пішінінің бұзылғанын
(дсформация), ішектердің қозғалысын (перистальтика) және ұлғайған ішек
ілмектерін көруге болады. Перкуссия тәсілімен зерттеу барысында метал
дыбысына ұқсас тимпаникалық дыбыс анықталады Пальпация әдісімен Скляров
симптомын анықтауға болады. Странгуляциялық іш түйілуде Щеткин-Блюмберг
симптомы ерте анықталады.
Аускультация тәсілі, аурудың алғашқы кезендерінде, ішек перистальтикасыны ң
күшейуін аңғартса, аурудың даму барысында, оларда парез, паралич тууына
байланысты, перистальтикалық дыбыстың біртіндеп саябырлап, тіпті м үлдем
жоғалуын байқатады.
Ішек түйілу сырқатында тік ішекті саусақпен зерттеу әдісі міндетті түрде
орындалуы керек, өйткені ол диагноз анықтауда маңызды мәліметке иелендіреді.
Бұл зерттеу тік ішектің кеңейгенін, оның бос екенін және тік ішек қысқышының
босаңсығанын анықтайды.
Емдеу. Іш түйілу ауруының белгілері анықталған пациенттер тез
арада хирургиялық стационарға жеткізуші керек. Өйткені ауру
басталған мерзімнен стационарға жеткізу мезгіл аралығы
алшақтаған сайын ауру адамның жағдайы нашарлай береді де емдеу
нәтижесіне теріс әсер көрсетеді.
Іш түйілу ауруын емдеу оның түріне байланысты. Динамикалык іш
түйілуде, негізінен, консервативтік ем қолданылады,ал оның
механикалық, түрі тек хирургиялық жолмен емделеді. Бірақ
бастапқы кезеңде бұларды бірден ажырату оңайға түспеу себебінен
емдеуді.консервативтік тәсілден бастау керек.
Консервативтік ем, адетте,екі сағаттан аспауы шарт. Бұл екі арада
аурудың анықталады және операция жасалуы қажеті болса,
қолданьшған консервативтік ем операция алдындағы дайындық
ретінде тиімді.
Консервативтік ем шаралары мынандай нысаналарға бағытталады:
•ас қорту жолдарын ішіндегі зачтардан босатып, тазарту
(асқазанды назоғастральді сүнгінің (зонд) көмегімен ішіндегі
заттардан босату, жуу, тазалау клизмасын орындау т.с.с.);
•ауру сезімімен күресу (спазмолитиктер, ауру сезіміне қарсы
қолданылатын дәрігер, новокаиндық тосқауылдар);
•су - электролит баланстарын қалыпқа келтіру, улану
(интоксикация) дәрежесін төмендету;
•өмірді қамтамасыз ететін негізгі ағзалардың (жүрек, бауыр,
бүйрек т.с.с.) қызметтерін реттеуге және жақсартуға бағытталғанн
шаралар т.б.
Іш түйілудің динамикалық (функционалдық) түрінде аталған
консервативтік ем, әдетте, жақсы нәтиже береді, сондықтан ол бір
жағынан емдік әсер етеді, ал екінші жағынан динамикалық іш
тиімді оның механикалык түрінен ажыратуға көмектеседі.
Хирургиялық ем. Операция жалпы жансыздандыру тәсілін
қолдану арқылы іске асырылады.
/шек туйілу ауруының странгуляциялык түрінде ішекті резекциялау ережесі (жоба)
Жабыспалардың себебінен туатын іш түйілу ауруы. Іш қуысындағы ағзаларға
операция жасау жиілеген сайын іш қуысында жабыспалар пайда болу себебінен
туатын іш түйілу ауруларынын саны да кұрт жоғарылағаны айқын білінуде
(Женчевский Р.А., 1989).
Іш түйілу ауруының бұл түрінің клиникалық көрінісі мен анықтау жолдарына
тоқтатайық. Әрине, сырқаттың бұл түрінің клиникалық көрінісі жоғарыда
баяндалған түрлеріне ұқсас болады. Дегенмен кейбір ерекшеліктері де бар.
Сырқаттың бұл түрінде ауру сезімі, көбінесе, толғақ тәрзді және ұстама (приступ)
түрде болады. Жүрек айну, құсу, Сырқаттың бұл түрінде жиі байкалатын белгілер
болын есептеледі. Осылармен қатар ауру адамдарың іштерінде ед әуір
қашықтықта естілетін патологиялық шулардың пайда болатынына шағымданады.
Ішекті интубациялау тосілдері (жоба)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz