Өрт қауіпсіздігі: терминдер, талаптар және негізгі принциптер


Slide 1

Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер

Қалиақбаров Султанбек ЗР 113

Slide 2 Slide 3

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Slide 4 Slide 5

Өрт - тілсіз жау

Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.

Slide 6

Өртке байланысты негізгі, әрі қысқаша мағлұматтар

Slide 7

өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;

ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;

өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;

Slide 8

өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;

Slide 9 Slide 10

өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;

өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;

өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;

өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

Slide 14 Slide 15

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Қорғаныс объектілерінің өрт қауіпсіздігі: талаптар, жүйелер және сөндіру құралдары
Өрт қауіпсіздігі және өрт сөндірушілердің қызметі: балаларға арналған сабақ
Өрт қауіпсіздігі: құрылыстық, техникалық және ұйымдастырушылық шаралар мен өрт сөндіру жүйелері
Өрт қауіпсіздігі негіздері: жану түрлері, өндірістік тәуекелдер мен өрт сөндіру құралдары
Мектептегі өрт кезіндегі әрекет ету және өрт қауіпсіздігі ережелері
Медицинадағы биоэтика: негізгі принциптер, өзекті мәселелер және пациенттердің қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі: факторлар, алдын алу және сөндіру әдістері
Жаңа жылдық мерекелердегі балалар қауіпсіздігі: өрт, электр, жол және пиротехника қауіпсіздігі
Құқықтық терминдер: ұғымы, жіктелуі және терминологияға қойылатын талаптар
Өрт қауіпсіздігі негіздері, автоматты өрт сөндіру жүйелері және эвакуация уақыты мен өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz