Кристалдық тор




Презентация қосу
*Кристалдық
тор
орындағандар: Рамазанов
С, Оспанов Е, Мт-301
* Кристалдық тор
Кристалдық тор – кристалдың заттардағы 
атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. 
Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден 
немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық 
тордың ұяшығы болып табылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар   
орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық 
тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары 
деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш түйін арқылы өтетін 
жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш бағыттағы 
сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары 
кристалдық тордың параметрлері болып табылады. Кристалдық тордың 
өлшемдері, атомдары мен молекулалардың орналасуы рентгенография, э
лектронография,нейтронография көмегімен анықталады. Кристалдық 
тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар 
өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. 
Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу 
температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа 
айналады.
* Кристалдық торлардың
түрлері
* Атомдық кристалл
Атомдық кристалдық торлы заттарда (а) 
байланыс ковалентті, оны үзу үшін арнайы 
химиялық реакциялар жүргізу қажет. 
Қалыпты жағдайда олардың барлығы қатты, 
балқу температуралары жоғары, ерігіштігі 
өте нашар заттар.
* Молекулалық кристалл
Молекулалық кристалдық торлы заттар (ә) 
түйіндерінде молекулалар орналасқан, ал 
молекулааралық тартылыс күші өте аз 
болуына байланысты мұндай кристалдық 
торлы заттардың көпшілігі қалыпты 
жағдайда газ күйінде кездеседі. Оларды 
қыздырғанда оңай балқиды немесе 
температура әсерінен ыдырап кететін 
беріктігі нашар қосылыстарға жатады.
* Ионды кристалл
 Ионды кристалдық тop (б) түйіндерінде 
иондар орналасқан, олар суда жақсы ериді, 
ерітінділері мен балқындылары электр тоғын 
жақсы өткізетін қатты заттар.
* Металдық кристалл
•Металдық кристалдық тop (в); Металдарда 
металдық байланыстар болады, себебі кристалдық 
торларының түйіндерінде металл атомдары мен 
иондар орналасқан, ал металдың көлемінде электрон 
бұлттары (валенттілік электрондар оңай белініп 
шығады, өйткені олар ядромен нашар байланысқан) 
еркін қозғалып жүреді. Осы электрондар металдық 
қасиеттерді анықтайды:
•а) жоғары жылу және электрөткізгіштік
•ә) металдық, жылтыр
•б) созылғыштық, тапталғыштық
* Брав торлары
* Қолданылған әдебиеттер:

1. "Қазақ энциклопедиясы«
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми 
түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: 
"Мектеп" баспасы, 2007.
3. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8 
сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., 
Сақариянова Қ.Н. / Алматы: Атамұра, 2009. - 
216 бет.
* 1) Кеңістік тор ол?
* А. Кристалдық тор
* Б. Сингония
* В. Жазықтық
Г. Атомдық тор

2) Кристалдық тор ұящығы болып табылады:
А. Параллелепипед пен кубтар
Б. Ромб және цилиндр
В. Квадрат пен шар
Г. Тіктөртбұрыш пен куб

3) Бір қатарда жатпайтын 3 түйін арқылы өтетін жазықтықты қалай
атайды?
А. Жазық торап
Б. Тегіс торап
В. Ашық торап
Г. Жабық торап

4) Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан қандай болады?
А. Тұрақсыз
Б. Тұрақты
В. Қатты
Г. Жұмсақ
* 5) Кристалдық тор түрі:
А. Атомдық
Б. Кисталдық
В. Химиялық
Г. Физикалық

6) Кристалдық тор ыдырағанда зат?
А. Сұйықтыққа айналады
Б. Қатайады
В. Жұмсарады
Г. Ериді

7) Егер заттың құрамында құрылыс бірліктері ретсіз орналаса,
онда зат?
А. Аморфты
Б. Ретті
В. Ретсіз
Г. Ауыспалы

8) Кристалдық тордың неше түрі бар?
А. 4
Б. 5
В. 3
Г.2
* 9) Балқу температурасына жеткенде кристалдық
тор не істейді?
А. Ыдырайды
Б. Ыдырамайды
В. Сүйықтыққа айналады
Г. Ериді

10) Атомдық кристалдық заттардағы байланыс:
А. Ковалентті
Б. Иондық
В. Атомдық
Г. Молекулалық
* 1)Атомдық кристалдық торлы заттардың
байланысы кандай болады?
2)Ионды кристалдық тор түйіндерінде не
орналасады?
3)Кристалдық тордың ұяшығы болып
табылады ?
4)Кристалдық торлардың түрлерін ата?
5)Молекулалық кристалдық торлы заттар
түйіндерінде не орналасақан?
6)Кристалдық тор деген не?
7)Металдарда қандай байланыс болады?
8)Кристалдық тордың өлшемдері,атомдары мен
малекулалардың орналасуы ненін көмегімен
анықталады?
9)Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан
қандай болады?
10) Кристалдық тор ыдырағанда зат?
*Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Атомдық кристалдық тор
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
Кристалдардың құрылуы
КРИСТАЛДЫҚ КҮЙ
Қатты денелердің қасиеттері
МЕТАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС МЕТАЛДЫҚ КРИСТАЛДЫҚ ТОР
Аморф заттар Кристалл заттар
Металдар мен электролитт ердегі электр тогы
ЖАРЫҚ ДИФРАКЦИЯСЫ
Кристалл және аморф денелер
Пәндер