Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы



Жоба Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы»
Орындағандар: Искакова К.
Алиева Б.
Пернебекова К.
Якубова Д.
Сланбаева А.
Жолдасбекова А.
Қабылдаған: Бокешова
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы
ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Мазмұны
Жобаның мақсаты және міндеттері
Кіріспе
Негізгі бөлім
Дидактикалық ойындардың тиімділігі
Дидактикалық ойын түрлерін қолдану
Дидактикалық ойындардың түрлері
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Қарапайым математикада қолданылатын дидактикалық ойындардың топтастырылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Тәрбиеші күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады

“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата - аналарға көмек беру ретінде құрастырылған. Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Жинақта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойынша дидактикалық ойындар сипатталған.
Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық ойындар. Ойынды тәрбиеші баланың ойлау іс әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін дидактикалық ойындарды пайдалану қажет.
Құралда әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. Ойнау ережелері қарапайым, тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталған.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістер дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістік, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Мысалы, математика сабақтарында ойындар арқылы балалар әр түрлі амалдар мен жаттығулар орындайды, сөйтіп, олар математикалық сипаттағы қиыншылықтарды меңгергендерін тіпті байқамай қалады. Сауат ашу сабақтарында, көркем әдебиет шығармаларын оқуда сөз белгілі бір заттың, жеке айналадағы құбылыстың әрекетін білдіретінін және өз ойын жеткізуде мағынасына қарай сөзді дәл сәйкестеп табу керектігін саналы ұғындырумен баланың тілін дамытуда тілдің дыбысталуы мәдениетіне тәрбиелеудің алатын орны ерекше. Бұл ойындар жай ғана емес, оқу ойыны болып табылады.

Баланың ойлауы - ересектердің ойлануынан ерекшеленетін басты күрделі процесс. Балалардың ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады:

Дидактикалық ойын түрлерін қолдану
Даярлық топ балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін көп пайдалану тиімді.
Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш жігер, мінез - құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептер, ахуал жағдайлары, сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.
Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс - әрекет. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты.

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
« Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
«Пішіндерді боя»
Мақсаты: 1. Түстерді тани білуге үйрету.
2. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

Қарапайым математикада қолданылатын дидактикалық ойындардың топтастырылуы
Он көлеміндегі сандардың атауын, ретін меңгертуге бағытталған
Он көлеміндегі сандардың құрамы туралы білімді бекітуге бағытталған
Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайту дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
Қарапайым геометриялық материалды меңгертуге бағытталған
Дидактикалық ойындар( мектепалды даярлық)
Санамақ ойындар, жаңылтпаш ойындар, жұмбақ ойындар, «Тізбек», «Поезд», «Орнын тап», «Жалғастыра санау», «Көрші - көрші»
«Мынау кімнің үйі», «Допты қай ойыншыға беру керек?», «Хаттың иесі кім?», «Керекті санды қой»
«Айға кім бұрын жетеді?»,
«Есептеуіш машиналар»,
«Дүкен»,
«Баспалдақ», «Аң патшасы», «Орамал тастамақ», «Ханталапай», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу»
«Геометриялық эстафета»,
«Ою құрастыру»,
«Фигураны тап»,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz