Ешкі сүті және ешкі сүтінің тағамдық құндылығы




Презентация қосу
Ешкі сүті және ешкі
сүтінің тағамдық
құндылығы

Орындаған: Жамакур Г.
Тобы: АП-13-7к1
Жетекшісі:
Жоспар
• 1. Ешкі туралы жалпы түсінік
• 2. Ешкі сүтінің құрамы
• 3. Ешкі сүтінің азықтық және
биологиялық құндылығы
• 4. Ешкі сүтінің сапасы
• 5. Ешкі сүтінің емдік қасиеті
• 6. Ғалымдардың зерттелуі
Ешкі туралы жалпы түсінік
• Ешкі (Сapra hіrcus) – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты,
күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің бастапқы тегіне ешкілердің жабайы
екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C. prіsca
түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің
мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні,
терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель, заане, орыс
ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері),
сүтті-етті жүндес (өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері)
тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкі бір – екі, кейде
бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді.
Ешкі сүтінің құрамы
• Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды
бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат
тектер, 4,4% май, 3,6% белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық
құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын. Ерте кездерде асқазаны,
бүйрегі ауыратын адамдарға ешкі сүтін беріп емдеген. Ешкіден
күніне 4 литрге дейін сүт сауылады. Ешкі сүті көбінесе ірімшік,
айран және т.б. тағамдар дайындауға пайдаланылады.
Ешкі сүтінің азықтық және
биологиялық құндылығы
•Ешкі сүті — жоғары азықтық және
биологиялық құндылығы бар ерекше
тағам өніміне жатады. Өзінің
физикалық-химиялық қасиеттері мен
дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе
басқа да ауыл- шаруашылық
жануарларының сүтімен
салыстырғанда тиімді
айырмашылықтары мол.
• Халық аузындағы аңыздар ешкі
сүтінің керемет сиқырлық қасиетін,
ауыр науқастардан кейін ағзаға күш
беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр
етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі
жасқа жеткенде ұрпақ алдында
сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі
сүтін ұдайы пайдалануды ұсынған.
Халық медицинасы ешкі сүтіне
Ешкі сүтінің сапасы
• Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі анағұрлым жоғары, біртекті, құрамында
нәруызсыз азот жоқ. Оның нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда
тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен,
өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады.
• Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына
шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
Ешкі сүтінің емдік
қасиеті
•Швейцарияның таулы шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына
шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.
•АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның
физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай,
сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін же ңіл к өтереді. Б ұл
пікірді итальяндық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Оларды ң зерттеулері
керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі с үтін де бірдей
әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі с үті тері мен буын
ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын
емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУІ
• Бүгінде ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе,
анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының
ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда,
ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және
көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады. Сондай-ақ, ешкі
сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері,
аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің
құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері
жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге
қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса
маңызды, - деп отыр мамандар.
• Сондай-ақ, олар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті
жарамды келетінін зерттеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ,
бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін
лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға
болады.
• Айтпақшы, ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да
аурулармен ауырмайды.

Ұқсас жұмыстар
Ешкі сүті
Ешкі шаруашылығының өнімдері
Ешкі шаруашылығы
Ешкіні төлдету
Ұлттық сүтқышқылды сусындар
Ешкі сүтінің емдік қасиеті
Буйвол сүті
Сүт құрамындағы казеин
АЛЬБУМИНДІ СҮТКЕ БИЕ МЕН ЕСЕКТІҢ СҮТІ
Сүт ферменттері
Пәндер