Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы


Slide 1

Үй тапсырмасын сұрау:

Қылмыстық құқық дегеніміз не? Ол қоғамдық қатынастарды реттей ме әлде қорғай ма?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қай жылы шықты? Құрылымы неше бөлімнен тұрады?

ҚК-тегі құрылымы қандай элементтерден тұрады?

Гипотеза, диспозиция, санкция дегендеріміз не?

ҚК-тің 9-бабында мынандай анықтама берілген: “Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді”. Осы бап бойынша қылмыстың негізгі қандай төрт белгісі бар?

Р. деген азамат 1997 жылы 22 наурызда қарапайым ұрлық жасайды, бірақ 1999 жылы 29 желтоқсанда ұсталады. 1960 - 1998 жылдар аралығында әрекет етіп келген ҚК - те ұрлық үшін “3 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға” жазаланды деген. Ал қазіргі жазаны 175 - баптан қараңдар. Азамат Р. қандай ҚК бойынша жауапқа тартылады?

9-сынып оқушысы Айбар өзінің сыныптасы Әселдің қаламсабын білдіртпей алып кетті. Айбардың әрекеті қылмыс болып табыла ма? Қылмыс болса, қандай қылмыс немесе қылмыс болып табылмаса, қандай белгі жетпейді?

Slide 2

Үй тапсырмасын бекіту:

Қылмыс дегеніміз - қоғамға қауіпті, қылмыстық заңда көрініс тапқан кінәлі және жазаланатын іс-әрекет немесе әрекетсіздік болса, қылмыс құрамы сол әрекеттердің заңдағы белгілері - төрт элементтен тұрады:

Объект

Объективтік жағы

Субъект

Субъективтік жағы.

Slide 3

Сабақтың тақырыбы: Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы

Тарих пәнінің мұғалімі

Қылышбаева Райхан Қараманқызы

Slide 4

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.

Дамытушылық: Қылмыстың қоғамға қауіпті салдарын ұғындыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу.

Slide 5

“Қылмыс объектісі”

Қылмыстың заты

Қылмыс жасау кезінде тікелей ықпалға ұшырайтын материалдық және рухани заттар

Slide 6

Мысалға, автокөлікті ұрлап кетсе,

оның иесінің меншік қатынастары қылмыс объектісі де,

автокөлік - қылмыс заты.

Егерде осы автокөлікпен жолдан тағы біреудің сиырын

ұрлап кететін болса, онда сиырдың иесінің меншік

қатынастары - қылмыс объектісі, автокөлік - қылмыс затына

айналады.

Бұл - қылмыс заттары.

Slide 7

Енді рухани заттарға келсек.

Мысалы, авторлық құқықты бұзып (ҚК 180 - бап) “әннің авторы менмін” деп басқа адам көп пайда көретін болса, ән қылмыс заты болып табылады.

Slide 8

Қылмыстың объективтік жағы бұл да қылмыс құрамының бір элементі.

Бір адам ұрлық жасауға бел байлап, ішінде кек сақтап жүр

делік. Дәл осы сәтте оны жауапқа тартуға әлі ертерек, себебі

санадағы ой әлі сыртта көрініс тапқан жоқ, демек,

қылмыстың объективтік жағы деген элемент жеткіліксіз.

Қылмыстың объективтік жағы болса ол қылмыстың сыртқы,

көзге көрінетін жағы. Әйтпесе, ойлаған ой жүзеге асырылмаса,

қылмыс болып табылмайды.

Бірінші кезекте жүзеге асырылатыны, әрекет.

Slide 9

Қылмыстың объективтік жағы

Slide 10

Белгілі бір затты

Үйде тұрғанда ешкімге көрсетпей алу

Иесінің қолынан жұлып алу

Қару кезеніп тартып алу

Ұрлық

Тонау

Қарақшылық

Slide 11

Әрекет нысандары

Іс-әрекет

Қылмыс жасау кезінде субъектінің белсенді, саналы және ерікті қимылы

Әрекетсіздік

Заңда көрсетілген жасалуға тиісті әрекетті жасамау

Slide 12

Қылмыстың қоғамға қауіпті салдары

Қылмыстық әрекеттен туындайтын зардаптардан болатын материалдық немесе материалдық емес әр түрлі зияндар

Slide 13

Саналы болатын себебі адам өзінің әрекетіне жауап бере

отырып жасау керек, олай болмаса, яғни есі дұрыс болмаса,

ол үшін жауапқа тартылмайды.

Ерікті болатын себебі еріксіз мәжбүрлеп жасалған әрекет

үшін де адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Әрекетсіздік те әрекет сияқты саналы мінез-құлық, бірақ ол

әрекет сияқты белсенді емес, керісінше әлсіз.

Slide 14

Қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет пен әрекетсіздік) пен қоғамға қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс зардаптардың дәл осы әрекет арқылы туындағанын көрсетеді. Мысалы, бір жігіттің миына операция жасалып, бас сүйегінің бір бөлігі алынып, орнына ештеңе салынбай тек терісі ғана қалдырылған. Сол жігіт көшеде басқа бір бейтаныс жігітпен ерегісіп қалады. Оның басында ондай “жараның” бар екендігін білмеген бейтаныс жігіт шиеленіс үстінде жұдырықпен жеңіл соққы береді. Нәтижесінде алғашқы жігіт тіл қатпастан қайтыс болады. Бұл жерде себепті байланыс жоқ. Өйткені соққы берген жігіт жәбірленушінің басында “жарасы” бар екендігін білген жоқ. Әрекеттің екі себебі бар: алғашқысы - басына жасалған операция, екіншісі - юасына тиген жұдырық. Ал соққы беруші тек соңғы (қосымша) себепке ғана өз үлесін қосып тұр. Егерде ол операция туралы білген болса және әдейі ұрса, онда екі себепке де өз үлесі мен қатысын қосқан болар еді де, себепті байланыс бар деп есептелер еді.

Slide 15

Қылмыс жасау уақыты

Қылмыс жасау жағдайы

Қылмыс жасау тәсілі

Қылмыс жасау құралы мен қаруы

Қылмыс жасалуы мүмкін уақыт аралығы

Қылмыс жасалуы мүмкін объективтік жағдайлар

Қылмыс жасау үшін айыптының қолданған әдіс-амалдары

Қылмыс үстінде қолданылатын материалдық немесе материалдық емес заттар

Slide 16

Қылмыстың субъектісі мен субъективтік жағы

Қылмыс субъектісінің белгілері

Қылмыстың субъектісі

Қылмыс жасаған адам

Қылмыстың арнайы субъектісі

ҚРҚК-ң ерекше бөлімнің баптарында көрсетілген қосымша белгілер (азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жұмысы т. б.

Қылмыстың заңда көрсетілген

(ҚК-ң 15 бабы) белгілі бір жасқа толу

Бір күні кем емес он алты жасқа толған адам субъект бола алады.

Есі дұрыс адам болуға тиісті (есі дұрыс емес адам жауапқа тартылмайды) .

Міндетті түрде белгілі бір жаста болу керек.

Slide 17

Қосымша белгілер:

“Азаматтық”: тек қана Қазақстан Республикасының азаматы жасай алатын қылмыстар бар: Отанға опасыздық (165-б. ) немесе тек қана шетел азаматтары не азаматтағы жоқ адамдар жасай алатын қылмыста (166-б. )

Жыныстық белгі: зорлау (120-б. ) тек ер адамадр жасайды (әйел адам әрекет жасаса, 121-б. болады нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттер) ;

Жас белгісі: кәмелетке толмаған адамады қылмыстық іске тарту (131-б. ) тек кәмелетке толған адам жасайды;

Отбасылық-туыстық қатынасы: еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан жалтару (140-б. ) тек қана күйеуі немесе әйелі ғана болуы мүмкін (бөтен біреу асырамаса, ешқандай жауапқа тарта алмаймыз) ;

Лауазымдық жағдайы және кәсіптік міндеттері: қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану ( 307-б. ) тек қана лауазымды адам;

Әскери қызметке қатысына қарай: әскери қылмыстар (366-393 баптар) тек әскери адамдар.

Slide 18

Қылмыстың субъективтік жағы

бір негізі

кінә

екі нысаннан тұрады

қасақаналық

абайсыздық

менмендік

немқұрайдылық

Slide 19

Үш қосымша белгілерден тұрады

Екеуі - интеллектуалдық (әрекетін ұғыну-ұғынбауын білдіреді) .

Біреуі - еріктілік (зардапты тілеу-тілемеуін білдіреді) .

Slide 20

Тікелей қасақаналық.

Мысалы, 96-бапта келтірілген кісі өлтіруді алуға болады.

Айыпты адам жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұға отырып, өз әрекетінің қоғамға қауіпті екндігін ұғынады (1-белгі) . Өз әрекетінің нәтижесінде адамның өліп қалуы мүмкін екендігін және негізгі денеге пышақ сұққан соң өлмей, тірі қалмайтындығын да көре біледі (2-белгі ) . Жәбірленушінің қайтыс болғанын тікелей тілейді (3-белгі) .

Жанама қасақаналық.

Мысалы, адам автакөлікті айдап кетеді де, ғимараттардың қасына келгенде соңына полицияның түскендігін көріп, машинадан секіріп түседі. Автокөлік ғимараттардың қабырғасына соғылып, ауыр зардаптарға әкеліп соғады.

1-белгі

2-белгі

3-белгі

Ол автокөліктің қабырғаға соғылу мүмкіндігін (болмай қоймайтындығын емес) көре білген еді

Мұндай кезде онда “күл болмасаң гүл бол” деген көзқарас болады, яғни зардапты тікелей тілемесе де саналы түрде жол береді.

Егер ол зардаптың туу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қоса болмай қоймайтындығын көре білсе, онда ол тікелей қасақаналық болар еді.

Slide 21

Абайсыздықтың екі түрі болады:

Менмендік

Мысалы, адам көзін байлап, басқа адамды тұрғызып, пышақ лақтырып, адамға тигізбей оның артындағы ағашқа қадайтынына сенімді. Солай істеп, көзін байлап пышақ лақтырады да өзі ойлағандай емес, адамға қадайды.

1-белгі

2-белгі

3-белгі

Мұндай жағдайда адам өз әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екендігін көре біледі.

Қоғамға қауіпті зардаптың туу мүмкіндігін көре біледі.

Жеткілікті негіздерсіз сенеді, егер жеткілікті негіздер болған болса, бұл қылмыс болмас еді.

Менмендікте қашанда бір нәрсеге, өзінің күшіне, икемділігіне, табиғат күштеріне, т. б. да күштерге сенеді.

Slide 22

Немқұрайдылық: қоғамға қауіпті екендігін көре білмейді, зардапты тілемейді.

Мысалы, дәріхана қызметкері дәрігердің жазып берген рецептін дұрыс оқи алмай, “шамасы осы болар” деген болжаммен мүлде басқа дәрілерді беріп жібереді. Осының кесірінен сырқат адам қайтыс болады.

1-белгі

2-белгі

Дәріхана қызметкері өз әрекетінің адамға зиян әкелуі мүмкін екендігін

Зардаптың тууы мүмкін екендігін көре білуге тиісті және көре біле алатын болуы керек.

Slide 23

Қосымша белгілер:

мотив, мақсат, эмоционалдық жағдай.


Ұқсас жұмыстар
БЕЙБIТШIЛIККЕ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚАУIПСIЗДIГIНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ЗАҢИ НЕГІЗІ - ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Қылмыстың белгілері
Қылмыстарды саралау және оның санаттары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыс объектілері
АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАГЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Жекелеген қылмыстарды ашу және алдын алу ерекшеліктері
ЖАҢА ТУҒАН БАЛАНЫ АНАСЫНЫҢ ӨЛТІРУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz