Тіл дамыту әдісі


Slide 1

Тақырыбы:

І. Кіріспе

Педагог қызметіндегі жеке әдістемелік мәселенің жүзеге асуы.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Сабақтың мақсаты мен міндеті

2. Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер.

3. Әдістерді сабақ барысында пайдалану

ІІІ. Қорытынды.

"Тіл дамыту әдісі"

Жоспар:

Slide 2

Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес. Осы оқыту әдісі дегеніміз не? соған тоқтала кетейік.

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігінің артуы.

Әрбір ұстаз- ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды.

Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату мұғалімнің міндеті.

Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады.

Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.

Slide 3

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен сауатты жазу, мәнерлеп оқу қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олардың өз бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір оқушыға жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.

Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады.

Қандай әдіс болсын мұғалім өз сабағына икемдеп қолдануы керек .

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің негізгі мақсаты-тіл дамыту, дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Slide 4

Менің жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі болғандықтан бүгінгі баяндамам осы мектептегі жүргізіліп жатқан тіл дамытудағы әдістер туралы болады.

Мектебіміз орыс мектебі болғанмен балалардың араласатын ортасы: отбасы, жолдастары, қоғамдық орындар негізі қазақ тілінде сөйлейтін болғандықтан, балаларға қазақ тілін сөйлеуде қиындық тудырмағанмен, жалпы мектеп қабырғасында пәндер орыс тілінде жүретіндіктен қазақ тілінде сауатты жазу, қазақ тілінде жүйелі сөйлеу, орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білу қиындық тудырып жатады.

Slide 5

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер, біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды.

Қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтын әдеби тілінін нормасына сай, грамматикалык, лексикалық, орфографиялық нормасына лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырады.

Оқушының тілін дамыту жұмысы - ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы қай пәнді оқып-үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады.

Slide 6

Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту әдісін ұйымдастырудың негізгі мақсаты - дұрыс, сауатты жазып, оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту.

.

Slide 7

Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол-сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видеокассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтармен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенемін.

Slide 8

Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс -тәсілдер туралы мәлімет беру.

Әдіс - тәсілдер туралы теориялық ұғым беру.

Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту

Жазбаша тілін дамыту.

Қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздер арқылы өз тілін қадірлей білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Жылдамдыққа, тапқырлыққа үйрету.

Есте сақтау қабілетін арттыру.

Сөздікті дамыту.

Сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Диалогтік сөздің қалыптастыру.

Түсінгенін айта білу.

Сауатты жазуға дағдыландыру.

Тіл үйренуде ең басты міндет - оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Мақсаты :

Міндеттері :

Slide 9

Тіл дамыту -қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті-Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Slide 10

Түсіндіру әдіс -жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай-ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп, не істейді? сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы, кім? сұрағының тек адамға қойылатындығы, ма, ме, ба, бе, па, пе деген қосымшалардың бірде жұрнақ, бірде сұраулық шылау болатындығы, т. б ) түсіндіріледі.

Slide 11

Болымсыз етістіктің жұрнағы

Сұраулық шылау

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Ма, ме, ба, бе, па, пе

Отыр-отырма

Жүр-жүрме

Жаз-жазба

Үз-үзбе

Айт-айтпа

Күт-күтпе

сенен сабақ сұрады ма?

Ол келді ме?

Айттың ба?

Ерте келдің бе?

Жазып па?

Күліп пе?

Ұқсас формалар

Slide 12

Берілген сөздерді жуан және жіңішке дыбыстарына қарай екі бағанға бөліп жазыңдар.

Қазақстан, амансыз ба, сәлем, қайырлы, күн, кеш, түн, қазақ, украин, кәріс, ұлт, Алматы, Қарағанды, өте, жазу, есім, аты, жас, туған жыл, мен, сен, таң, танысқаныма, кім, азамат, қайда?

Жуан дауысты дыбысты сөздер Жіңішке дауысты дыбысты сөздер

Slide 13

Практикалык әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, жалғауларды дұрыс тауып қоюға жаттығады.

Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіру

Мен мектеп. . . (-та, -те) оқимын. Мектеп. . . (-та, те) үлкен кітапхана бар. Одан түрлі қызық кітаптар (-ты, -ті, -ды, -ді) алуға болады. Кітапхана (-та, -те, -да, -де) көп газеттер мен журналдар бар.

Жақшаны ашып, дұрыс жалғау жасап көшірту

Біз мұғалім. . . (-мен, -бен) хайуанаттар бағына бардық.

Біз құстар. . . (-дың, -дің) , жануарлар (-дың, -дің) бірнеше түрін көрдік.

Жануарлар. . . (-дың, -дің) мінездері әртүрлі.

Олар түрлі тамақ. . . (-бен, -пен) қоректенеді.

Slide 14

Ә

Ө

М

А

Ү

Л

Қ

і

Ң

Ұ

Ғ

Р

Кім жылдам?

б

а

һ

қ

і

М

Р

П

а

Ж

Ы

Р

Ұ

Ғ

Л

а

і

М

а

м

а

Р

Р

П

Ы

С

М

і

Т

н

А

Slide 15

Көрнекілік әдіс -Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. 1-2 сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды, яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек .


Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі. Жазу және тіл
Тіл дамыту әдістемесінің курсы
Балалардың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар
Сағира Рахметова Қазақ тілін оқыту методикасы
Ауызша тіл дамыту
«Таза бұлақ» әңгімесі тіл ұстарту сабағында
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
Оқыту процесіндегі шет тілін ауқымды қолдану
Шешендік сөз
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz