Наурыз-думан


Slide 1

”наурыз - думан” мерекелік кеші

Slide 2 Slide 3

Ынтымақ пен достықтың,

Тіршілік пен еңбектің.

Дәстүрлі Наурыз тойы -

Құтты болсын!

Slide 4

Тәуелсіздіктің 20 жыл-дығы дүйім қазақ жұрты ұлықтайтын тарихи күнге айналатынына сеніміміз зор. Тәуелсіздік алған тәубе күн әрбір қазақтың санасында жаңғырып, жүрегінің түкпірінде тербелуі керек!

Slide 5

Абылай ханның туғанына - 300 жыл

2011 жыл, яғни, биыл осынау ұлан - байтақ жерді сақтап қалған, қазақ деген халықтың бойында ерлік, елдік, намыс сияқты асыл қасиеттердің дәнін сеуіп, ұлттың ұлылық сезімін бойымызға ұялатқан Абылай ханның туғанына - 300 жыл! Қазақ халқының бүтіндігі, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға күшін сарп еткен батырдың ерлігі мен өрлігі кез келген адамға рух берері сөзсіз.

Slide 6

Дина Нұрпейісоваға - 150 жыл

Қазақ халқының маңдайына біткен күйші қыздарының бірі Дина Нұрпейісоваға биыл - 150 жыл. Бұл жыл - қасиетті қара домбыраның шанағында ойнаған атақты күйшінің рухы бір жасап қалатын дәстүр сабақтастығы жылы.

Slide 7

Қасым Аманжоловқа - 100 жыл

Биыл, сондай-ақ, қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығы! Ол қысқа ғана ғұмырында көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармаларды дүниеге әкеліп үлгерген от ауызды, орақ тілді ақын.

Slide 8

Мұқағали Мақатаевқа - 80 жыл

Мұқағали Мақатаев! Қазақ поэзиясының пір тұтар азаматы. Көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді. Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, жанының жыршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі - мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.

Slide 9 Slide 10

Ау, жарандар, келіңдер,

Той қызығын көріңдер.

Наурыз Айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер!

Slide 11

Айымыз нұрлы,

Күніміз жылы болсын!

Slide 12

Мен көгілдір көктеммін,

Шұғыласын төккен күн.

Тіршіліктің бастауы -

Еңбек күйін шерткен күн!

Slide 13

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,

Таң-тамаша дүние дабырлап жұрт.

Көктем келді, өмірдің келешегі,

Көп қой оның өмірге берешегі.

Slide 14

Бұл күн-Ай мен Күн теңескен,

Қос ару кеңескен күн!

Ол түн-Ай мен Күн қолдасқан,

Жаңа жылға жол ашқан күн!

Slide 15

Мол болсын, ырыс құт!

Болсын елде тыныштық.

Ел достығын өркендет,

Қоян жылы, кел, төрлет!

Slide 16

Қоян жылы, кел, төрлет!

Slide 17 Slide 18

Армысыңдар, балалар!

Бармысыңдар, балалар!

Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.

Сұрасаң, бата берейін

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Slide 19

Той тойға ұлассын!

Slide 20

Халқымның салт-дәстүрін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.

Slide 21

Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен.

Slide 22

Ұлыс оң болсын,

ақ мол болсын!

Slide 23 Slide 24

Қымбатты ОҚУШЫЛАР!

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Барша адамдарды ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, бірлікке шақыратын мерекеде көңіл-күйлеріңіз шаттыққа толсын.

Егеменді Қазақстанның ертеңгі болашақ тұтқасы сіздердің қолдарыңызда.

Дендеріңіз сау, оқуда озат болып, биік белестерге жетулеріңізге тілектеспін.

Аудан әкімі Б. Кемешов

2011 жыл, наурыз

Slide 25

Көктемнің жан сергітер самалы есіп,

Келіп тұр, қоян жылы, қағады есік.

Қырандай қиырларға қанат сермеп,

Жасай берсін туған ел - Алтын бесік!

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Наурызым-мерекем, Наурызым-берекем.
Мәтіннен мағыналары жақын сөздерді тауып жаз
Наурыз
Қой атасын ата
"Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз
Астана қандай қала
Қазақтың салт-дәстүрлері
Мінезі - тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш
Қазақтың дәстүрлерін дәстүрлерді ата
ЕТІСТІК туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz