Натюрмортты сызба және штрих арқылы бейнелеу: сабақтың мақсаты мен кезеңдері


Slide 1

Тасқала ауданы Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп бала-бақшасы

Нәрсеге қарап

сурет салу

Койшибаев Дархан Макатұлы

Slide 2

Нәрсеге қарап

сурет салу

Slide 3

Сабақтың мақсаты.

1. Сызба сызықтар арқылы нәрсеге қарап сурет салу яғни штрих арқылы,

жарық көлеңке арқылы кеңістікті бере білу.

2. Оқушыларды ұқыптылыққа, таза жұмыстар орындауға тәрбиелеу. Жауапкершілікті қалыптастыру.

3. Сызба арқылы сурет салуда схемалық әдісті қолдану. Кезеңдер арқылы бейнелеу сызба сызықтар арқылы бейнені ұқсата білу. Штрих арқылы затқа көлем беру.

Slide 4

Натюрморт - (фр. nature morte - өлі табиғат) - бейнелеу өнері жанрының бірі

Slide 5

Карандашпен салынған натюрморт

Slide 6

Түрлі -түсті бояумен салынған натюрморт

Slide 7

Акварельмен салынған натюрморт

Slide 8

Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

1 кезең

Slide 9

Суретті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша көңіл бөлуі керек. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

2 кезең

Slide 10

Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. әрбір заттың өңінің көмексі не қараңғы болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жағын анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. .

3 кезең

Slide 11

Бұл бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

4 кезең

Slide 12 Slide 13

Үйге тапсырма Нәрсеге қарап натьюрморт орында

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Ана тілі - білімнің кілті: сайыс-сабақтың мақсаты, кезеңдері және тапсырмалары
География арқылы әлемді танимыз: сайыс мақсаты мен кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту
Табиғатқа шығу: сабақтың мақсаты, интерактивті әдістері және бағалау критерийлері
Сурет салу арқылы мектепке дейінгі балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту
Гидросфера - Жердің су қабаты: сабақтың мақсаты, міндеттері және бағалау сұрақтары
Әбілхан Қастеев және көсемше: бейнелеу өнері арқылы тілдік дағдыны қалыптастыру
Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру және есептер шығару: сабақтың мақсаты мен жоспары
Штрих-код: тарихы, түрлері және қолданылу салалары
3-сыныпқа арналған бейнелеу өнері сабақ жоспары: Пуантилізм және натюрморттың түстік шешімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz