Талқылау тәсілдерінің жинағы



Талқылау тәсілдерінің жинағы
Made by Mike Gershon - mikegershon@hotmail. com

Не үшін сөйлеу керек?
Бос жұмыс дәптері немесе сабақ «өнімінің» болмауы әдетте тапсырманы орындамау болып саналады. Бұл мектепті бағалау барысындағы есептілік және тексеру үдерісімен қуатталған пікір, сабақ үстіндегі тапсырма немесе оқу сезінерлік болу керек деген ойға жетелейді. Көрсетуге болатын «нәтиже» болуы керек. Көптеген зерттеулер мен жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, түсіну өз бетінше ғана пайда болмайды, ол - анағұрлым тиімдірек жазбаша сөзден немесе бір нәрсе жасау кезінде де орын алады.
Демек оқу, тереңдетілген оқу міндетті түрде материалдық дәлелдермен қосақталып жүру керек деген пікір дұрыс емес болып шықты.
Орыс психологы Лев Выготский сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты деп жазған. Сөйлеу үдерісі бізге дүниені тану үшін қолданатын ойларымызды айту және тұжырымдамаларды дамыту арқылы білім алуымызға көмектеседі. Қарым-қатынас және түсіну тәжірибе барысында жақсарады. Демек түсінуді дамыту үшін сөйлеу қабілеті өте маңызды.
Әрине құр сөйлесудің өзі жеткіліксіз - әңгіме дамытуды қажет ететін пәнге шоғырланған болуы керек. Шоғырланбаған жазу шоғырланбаған нәтижелерге әкеліп соғады, талқылаулар мен пікірталастар ақиқаты сондай. Бұл жинақта көрсетілген тапсырмалар оның нысаналы, құрылымдалған (немесе әдейі құрылымдалмаған) және оқушылар мен параметрлерге сәйкес келетін болуы үшін, әңгімеге қолдау және көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар мадақтау мен бағалаушы әңгіме ақпарат береді; тыңдау мен сөйлеу сияқты, қарым-қатынас жасау өте маңызды.

Әңгіменің түрлері
Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрін
анықтады:
Әңгіме-дебат (мәлімдеу және қарсы мәлімдеу)
Топтық ( қайталау, мақұлдау, түсіндіру)
Зерттеушілік ( сыни әрі сындарлы) .
Сонғы екеуі PSHE-де кең тараған, өйткені олар оқушыларды эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады. Кейде дебат та болуы мүмкін, бірақ оның дәлелдерге негізделген стилі қауіпсіз және қолайлы орта құра алмайды. Бұл оқушыларды өз көзқарастарына бағытталған орынсыз шабуылдардан сақтанып, тайсалмай сөйлеуге итермелейді. Топтық әңгіме қауіпсіз ортана құруға барынша ыңғайлы. Бұл жерде «сөйлеушілер әңгіме құрып, өз бетінше және өзара қолдау көрсету арқылы, сынап-мінемей ақпаратты ұсына отырып, білім және түсінік негізін бірлесіп құрады» (Мерсер, Сөздер мен Саналар, 2000)

Пікірталастар мен талқылауға арналған жаттығулар
Төменде пікірталастар мен дебаттарды қолдау үшін қолдануға болатын тәсілдер берілген. Тінтуірмен айналдырыңыз немесе слайд шоудағы сілтемеге басыңыз.
Уақыт шеңбері Балалар философиясы
Кемпірқосақ топтары Қар үйіндісі
Жұптық әңгіме Тыңдап отырған үштік
Өкілдер Мозаика Құндылықтар спектрі Ыстық орындық
Ара қашықтық Алтын балықтың аквариумы
Стоп-кадр Ойлаудың алты қалпағы
Еркін талқылау Радиоға қоңырау шалу
ТВ Шоу Сұрақтар шеңбері
Стикердегі диалог Айналмалы бекет
Ойлан -Жұптас - Бөліс 3-қадамдық сұхбат

Уақыт шеңбері
Мақсаты:
Идеялар, тәжірибелер және ойлармен бөлісу. Өз-өзіңді және басқаларды түсіну алға бастыру. Топ сұрақтарын құрастыру.
Ұйымдастыру:
Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар (мысалы, доп) .
Жаттығудың сипаттамасы:
Мұғалім оқушылар сияқты орындықта немесе еденде отыр. Бұл мына ерекше сынып тапсырмасында мұғалімнің директор емес, делдал екенін білдіреді. Мұғалім Уақыт шеңберіндегі құрылымдық ережелерінің сақталуына, әр оқушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды дайындауға жауапты. Егер оқушылар ережелерді үнемі бұза берсе, мұғалім тапсырманы аяқтауға дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже - талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Бұл бірініші болып өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі. Негізгі үш ережені талқылау керек:
Тек біреу ғана сөйлеу керек - әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.
Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.
Толығырақ: http://www. circle-time. co. uk/site/home
Мазмұнға оралу.

Балалар философиясы
Толығырақ: http://www. sapere. org. uk/
Мақсаты:
БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі. (Уилл Орд - http://www. thinkingeducation. co. uk/p4c. htm )
Ұйымдастыру:
Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп) . Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы: Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір екі минут беріледі. Осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде қатысады.
Мазмұнға оралу

Кемпірқосақ тобы
Толығырақ: http://www. brainboxx. co. uk/a3_aspects/pages/TALKrainbow. htm
Мақсаты:
Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Тұрлі-түсті топта) сөйлейді.
Ұйымдастыру:
Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.
Мазмұнға оралу

Қар үйіндісі
Мақсаты:
Келіссөздерді, бірге алаң болу және негіздеуді қолдануға көмектеседі.
Ұйымдастыру:
Сыныптағы жұмыс үшін стандартты .
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.
Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.
Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.
Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.
Мазмұнға оралу

Жұптық әңгіме
Толығырақ:
http://www. teachingenglish. org. uk/language-assistant/primary-tips/working-pairs-groups
Мақсаты:
Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру:
Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса арақашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше. Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз - мысалы, мынаған жауап беріңдер.
Мазмұнына қайта оралу

Тыңдап отырған үштік
Толығырақ:
http://www. ltscotland. org. uk/glossary/l/listeningtriads. asp?strReferringChannel=learningaboutlearning
Мақсаты:
Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы ролі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.
Ұйымдастыру:
Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта - сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсінтеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Келесі жолы рөлдер ауысады. (ақпарат көзі http://www. at-bristol. co. uk/cz/teachers/Debate%20formats. doc)
Мазмұнға оралу

Өкіл
Толығырақ:
http://schools. norfolk. gov. uk/index. cfm?s=1&m=1146&p=412, page&id=263
Мақсаты:
Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланысты болу.
Ұйымдастыру:
Топтарды сынып бойынша үш-төрттен орналастыру.
Жаттығудың сипаттамасы:
Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды . (ақпарат көзі http://www. at-bristol. co. uk/cz/teachers/Debate%20formats. doc)
Мазмұнға оралу

Мозаика
Мақсаты:
Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.
Ұйымдастыру:
Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы:
«Мозаиканың» басымдылығы - оның топты жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді.
• Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан) . Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .
•Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.
•Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz