Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру
Презентация қосу
№15 Жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының
ізденушілік, шығармашылық
қабілеттерін арттыру.
Қарағанды – 2013/2014ж.ж.
Мақсаты:
Оқушының ғылыми негізделген көзқарасын
дамыту, адамның табиғатқа және қоғамға
деген танымдық, эмоционалдық қатынасын,
оның іс әрекетін дамыту.
Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу,
тәрбиелеу ісіне кешенді көзқарас
қолдану,танымдық түрткіні дамыту, ойлау ісәрекетінің дағдыларын, әр тұлғаның жеке
шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазіргі ғылыми белсенді, әлемдік өркениеттік
құндылықтарды меңгерген жеке тұлғаның
ашуға, информациялық мәдениетті
қалыптастыруға ұмтылысын дамыту.
Міндеті:
• - оқушылардың оқуға деген саналы қатынасын тәрбиелеу,
танымдық белсенділігін дамыту, ақыл-ой еңбегінің
мәдениетін жетілдіру;
• - білімді тереңірек игеруге даярлау, алған білімін
шығармашылықпен өмірде пайдалана білуге баулу;
• - оқуды игерудің қоғамдық құндылық түрткісін саналы
түсіну;
• - білімді белсенділікпен игеріп, күнделікті өмірде
пайдалана білуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға
бағыттау;
• - танымдық іс-әрекетті сараптау мен тұжырымдай білуге,
өз көзқарасын негіздеуге үйрету, ақыл-ой мәдениетін
арттыру;
• - білімді игерудегі жауапкершілік пен жүйелікті дамыту.
Образға кіру
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй
кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын,
Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының
әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен
адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш
әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош,
жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы
оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.
Талдау және қиялдау
Оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем
әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны
тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап
алынады.
— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
— Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.
• . Жантас
• Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
• Қожа
• Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
• Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін
бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен
қалай суреттеуге болады?
— ОСЫНЫ ОҚИ ОТЫРА ҚАНДАЙ КӨҢІЛ-КҮЙДІ БАСТАН КЕШІРДІҢДЕР? (ЖАНТАСҚА ЫЗАЛАНДЫҚ,
РЕНЖІДІК Т.Б.)
— БАЛАПАНДЫ АЯДЫҚ, КӨМЕКТЕСКІМІЗ КЕЛДІ.
— ҚОЖАНЫҢ ІСІНЕ ҚУАНДЫҚ.
— ЕНДІ ОСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫМЕН КЕЗДЕСКІЛЕРІҢ КЕЛЕДІ?
— КЕЗДЕСКЕНДЕ НЕ ДЕП АЙТАР ЕДІҢДЕР?
— МӘТІНДІ БАСҚАША ҚАЛАЙ АЯҚТАР ЕДІҢДЕР?
— ОСЫ БОЙЫНША ҚАНДАЙ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР АЙТАР ЕДІҢДЕР?
— ҚАНДАЙ СУРЕТ САЛАР ЕДІҢДЕР?
— ҚАЛАЙ МҮСІНДЕР ЕДІҢДЕР?
ОСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІНІҢ ҚҰМАРТУ, ҚИЯЛДАУ, ИДЕЯНЫҢ
ЖАРҚ ЕТУІ, ШАБЫТ СИЯҚТЫ КЕЗЕҢДЕРІН БАСТАН КЕШЕТІНДЕЙ ЖАҒДАЙҒА ӘКЕЛУГЕ БОЛАДЫ.
Қорытынды: өзіміздің іс… тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай
түйін түюге болады.
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың
пәнге қызығушылығы артты.
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
4. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып,
оларға ақыл кеңес берілді.
5. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп,
оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен
ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда
пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің
танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге
көтеріледі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz