Абайды оқы- таңырқа!



Ашық тәрбие сағаты
АС Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Құдайберген Г. Ү

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап - күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
"Абайды оқы -
таңырқа!"

Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А. Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Мақсаты:

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М. Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш “Телғара” деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.

Абай өлеңдерінің
аттарын атап беріңіздер?

Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т. б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

Туған елінің, Шығыс пен Батыстың рухани ой қазыналарынан нәр алып, өз халқын ғылым мен өнерге жетелеуді армандаған Абай Құнанбаев: “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” деген өлең жазған.

Ақынның айтпақ өсиеті
Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар - кейін өкінбейсіңдер
Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.

Абайдың әр өлеңі бізді
жақсы болуға, жаман әдеттерден
жиренуге тәрбиелейді.

Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ- Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз. Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де-өзі, мал да -өзі
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз . . .

Білімдіден шыққан сөз
Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкiрегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңiлі - оят, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген ез?
“Айтшы-айтшылап” жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңсікқой,
Байлаулы емес ақыл ой, Ойлағаны - айт пен той, Ыржаң-қылжаң ит мінез„ Сұлу қыз бен я батыр Болмаған соң, тәңірі алғыр, Шығып кетер, я қалғыр, Оған ақыл - арам без. Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп, Дертiң ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез. “Ой, тәңір-айшыл” кер есек, Қулық, сұмдық не өсек Болмаған соң, бір есеп -
Мейілі қамқа, мейілі бөз.

Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңнің бір шумағын есімізге түсірейік …

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 46 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

Абайдың 31-ші қара сөзі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz