Нұрсұлтан Назарбаевтың 1960-1969 жылдардағы металлургиялық жұмысы мен кәсіби-білім жолы


Slide 1

Жастық шағы

Slide 2

1960 жылы 3 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. Сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы - Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.

Slide 3

Жиырма жастағы Нұрсұлтан өзінің қомақты жалақысының жартысын жас балаларының мұқтаждығына жұмсасын деп, әкесіне жолдап отырды. Жұмыста ол танымал бола бастады, өндіріс үздігі Назарбаевтың суреті орталық баспасөзде де басылды. Жас металлург жұмыстастары арасында үлкен құрмет пен беделге ие болды. Сондықтан ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды.

Slide 4

Осы жылдарда оның өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды. Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп жазды: «Ал сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы - болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім.

Көп ұзамай тойымыз болды. Өзім екпінділер мен белсенділер қатарында жүргендіктен коллективіміз оны комсомол-жастар үйлену тойы етіп өткізіп берді».

Slide 5

Бақытты жас отбасы тез жетіліп, өсіп-өніп келе жатты, шаңырақтарында үш қыз - Дариға, Динара және Әлия дүниеге келді.

Slide 6

Жас жұбайлардың өздері де кәсіби тұрғыдан өсе берді. Зауыттың жолдамасы бойынша Назарбаев өз цехындағы бірнеше жігітпен бірге Қарағанды политехникалық институтына түсті. Ол онда Теміртауда тұратын талапкерлерден жасақталған ЛП-62-2 (қара және түсті металл құйма өндірісі) тобына бөлінді.

Slide 7

Н. Ә. Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург қызыл дипломымен бітіріп шықты.

Slide 8

.

Оның ізінше зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаева да 1967 жылы « ҚАРМЕТ» жанындағы зауыт-втузды бітіріп, экономист дипломын алды.

Slide 9

Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды. Оның әрдайым бірінші болуға деген ұмтылысы, өзгелерді қызықтыруға және соңына ерте білуге қабілеттілігІ байқалып, бағаланды. Ол 1969жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: өмір жолы, мемлекеттік қызметі мен реформалары
Тұңғыш Президент күні және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси қызметі
Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Қазіргі Қазақстанның саяси элитасы және көшбасшылығы: Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі
1960-1980 жылдардағы Тоқырау кезеңінің қазақ әдебиеті, өнері және білім жүйесіне шолу
Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі және реформалық саясаты
Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы рөлі мен болашаққа бағдар
Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласының бағдарламалық мәні мен стратегиялық бағыттары
Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: қалыптасуы, өкілеттіктері және Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz