Достық пен адалдық: сынып сағаты үшін сабақ жоспары


Slide 1

Шаттық шеңбері

Әкел, досым, қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, кәне, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі-

Кел, қосылып күлейік!

Slide 2

Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)

Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.

Сонымен, балалар, «Доссыз адам - тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше,

« ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші.

Slide 3

Дос

Slide 4

-Міне, балалар, сендер дос туралы өз ойларыңды жаздыңдар және өз достарың туралы айтып жатырсыңдар. Досы көптің жаны семіреді, Асы көптің тәні семіреді. -демекші сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріңе сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз.

Slide 5

Дос болайық, бәріміз!

Сабақтың тақырыбы:

Slide 6

Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым - қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.

Сабақтың мақсаты:

Slide 7

“Достық “ деген не деп ойлайсың?

Досыңның көмегін қай кезде сезіндің?

Досыңды ренжітсең, қалай татуласар едің?

Ойланайық, пікірлесейік.

Slide 8

“Адамдар бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. ”

Slide 9

Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос.

Slide 10

Достық малға емес, басқа жарасады,

Нағыз дос бір-біріне шынайы қарасады.

Амандық шешен

Достық жайында кім қандай мақал- мәтелдер біледі екен?

Slide 11

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біздер тату баламыз, Гүл - гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Достар тату - тәттіміз, Болса қолда тәттіміз, Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз.

Slide 12

«Тату балалар»

Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті. Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ саусақ, үшіншісін - Ортан терек, төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты. Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі. Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады. Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты. Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен. Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен. Осылайша, бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты. Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады. Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке айналды. Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай, кері қаша жөнеліпті. Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен. Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық, бірлік, достықтарын көрсете білді.

Slide 13

- Сендерге ертегі ұнады ма? - Ертегі қалай аталады? - Ағайынды балаларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?

Slide 14

Адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Қуаныш

Өзара сыйластық

Еңбек

Шыншылдық

Сүйіспеншілік

Мейірімділік

Кешірімділік

Күлкі

Оқу

Өзара көмек

Сұлулық

Түсіністік

Төзімділік

Өтірікші

Тәртіпсіз

Қамқорлық

Адалдық

Әдептілік

Салмақты

Кек сақтамау

Жалқаулық

Төзімсіздік

Мақтаншақтық

Жауапкершілік

Slide 15

Қорытынды:

Сонымен, балалар, біздің сынып қандай?

Бүгін не туралы өттік?

Сабақ сендерге ұнады ма?

Осымен сынып сағатымыз аяқталды? Барлықтарың жақсы қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.

Slide 16

Үйге тапсырма

Адал достар тақырыбына әңгіме жаз

Достық туралы мақал - мәтел жина


Ұқсас жұмыстар
Дос және достық: 4-сыныпқа арналған сынып сағаты жоспары
Достық пен махаббат: сенім, адалдық және ұлттық-рухани құндылықтар
6-сынып үшін Қазақстанның пайдалы қазбалары тақырыбындағы аралас сабақ жоспары
7-сынып үшін Paint графикалық редакторы бойынша қорытынды сабақ жоспары
Достық: мәні мен түрлері, оқушыларға арналған сабақ жоспары
Квадрат теңдеулерді шешу: 8-сынып алгебрасы үшін сабақ жоспары мен әдістемесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Қазақстанның Адалдық сағаты, негізгі құндылықтар және 2015-2025 стратегиясының басымдықтары
Адалдық пен жауапкершіліктің мәні және қоғамдағы рөлі
Өзін-өзі тану пәні: достық, махаббат және бақыт тақырыбына сабақ жоспары
8-сынып информатика: MS Word-та сурет пен автофигураларды кірістіру және редакциялау сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz