Ақан сері – адамзаттың сұңқары
Презентация қосу
Зерттеудің мақсат - міндеттері
1. Өмірді өлеңмен
ғана емес, өзінің
өмірімен суреттей
білген Ақан
серінің
шығармашылық
өмір жолын
меңгеру.
2. Ақан сері
әндерінің
ерекшелігін
тану.
3. Ақан
трагедиясының
шырқау шыңы –
«Құлагер» әнінің
шығу тарихымен
танысу.
«Ақан сері – жігіт көркі,
сөздің бұлбұлы еді»
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
1. Ақан сері Қорамсаұлының өмірбаянымен,
шығармашылығымен таныстық.
2. Лирикалық өлеңдерін оқыдық.
3. «Құлагер» поэмасымен таныстық.
4. Құлагер өлімінің себептерін анықтадық..
5. Атқарған жұмыстар бойынша қорытынды жасадық.
ХІХ ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген қазақтың әнші - ақындар
тобының көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы
қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде
туған. Шын аты - Ақжігіт. Ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып
жіберген.13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ
ұғымтал, сергек ойлы бала Дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей,
оқуды тастап кеткен.
Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли дегеннің медресесінде
2-3 жылдай сабақ алған. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін
пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан
ән-жырға үйір жас жігіт 16-17 келгеннен кейін-ақ қолына домбыра
алып,
ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші,
домбырашы, палуан - неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық
жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран
құс, жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірімен дархан
мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырған.
Жастық,бозбалалық кезінде Ақан серінің
көп жырлаған
тақырыбы - достық ,махаббат мәселесі.Ол сүйіспеншілікке беріктік
пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін
әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі,талғамы күшті,нәзік жанды
ақын өмірдегі не бір сұлу , әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты
да , алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін
оятқан әдемі,көркем құбылыстардың қайсысын болса да , ол егіле,
беріле суреттейді. Ақынның « Жайықтың ақ түлкісі», « Ақ көйлек»
т.б.лирикалық
өлеңдерінен
сұлулықты
машықтай,сүйсіне
жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де , ісі де, жаны да
сұлу болуын тілейді.
Ақанның бір топ өлеңдері: «Сырымбет» , «Үш тоты» ,
«Балқадиша» , «Үрқияжан»,т.б.әйелдердің бас бостандығын аңсаудан
туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі
үшін үлкен,әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.
Құлагер
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылың болды,
Жығалмаса Құлагер қайда деймін.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.
Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.
Балқадиша
Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал — Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың — хан, Қадиша,
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадшиа,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің
өмірімен суреттей білу – Ақан
серідей ірі жанды адамның ғана
қолынан келеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz