Киіз үй жабдықтары бойынша панорамалық сабақтың оқу-тәрбие жоспары


Slide 1

№1 жалпы орта білім беретін мектеп

Панорамалық сабақ

Дайындаған Абильдиева Гульшат Желдешовна

2014 - 2015 о. ж

Slide 2

Білім беру саласы:

Қатынас. Әлеуметтік сала

Білім көздері:

Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы:

Киіз үй жабдықтары

Бөлімі:

Айналаны қоршаған орта

Slide 3

Мақсаты:

Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.

Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.

Атадан - балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.

Slide 4

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта шапалақ. (2 рет)

Шаттық шеңбері

Мотивациялық-қозғаушы

Slide 5

Санамақ

Бір дегенім - бақан,

Ағашты шапқан атам.

Екі дегенім - есік,

Көздері бар тесік.

Үш дегенім - үзік,

Дөдеге басқан тізіп.

Төрт дегенім - түндік,

Түндікті оңнан түрдік.

Бес дегенім - басқұр,

Кереге басын бастыр.

Slide 6

- Біз не туралы санамақ айттық?

- Киіз үй жабдықтарын айтайықшы.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Киіз үй - кереге, уық, шаңырақтан - тұрады.

- Оларды бір сөзбен не деп атайды?

Slide 7

Ұйымдастыру -ізденушілік

Қане, балалар, киіз үй туралы

білетін мақалдарыңды айта қойыңдар.

1. Керегең кең болса, екі босағаң тең болады.

2. Жеті уық шаншылғанша, жетесіз ғана сөйлейді.

3. Үйдің көркі - сандық.

Slide 8

Дидактикалық ойын

“Сандық”

Slide 9

Мақсаты:

Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойын шартын түсініп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.

Slide 10

Қызыл, жасыл, сары түске боялған асықтар сандық ішінде жатады. Әртүрлі тапсырмалар болады. Жасыл асық алған бала жұмбақжасырады, шешкізеді. Сары асық алған бала мақал-мәтел айтады. Қызыл асық алған бала тақпақ, өлең оқиды.

Ойын шарты:

Slide 11

“Асық” ойыны

Slide 12

Дәптермен жұмыс

Киіз үйді боя.

2. Жолаушыға киіз үйге апаратын жолды көрсет.

Slide 13

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз

Сергіту сәті

Slide 14

Санамақ жаттату

Алты дегенім - арқан,

Белдеу қып үйге тартам.

Жеті дегенім - жалбау,

Шаңырақтағы тең бау.

Сегіз дегенім - сырмақ,

Беретін үйге сымбат.

Тоғыз дегенім - таңғыш, Таңуға кетер бар күш.

Он дегенім - орда,

Тігіліп болар зорға.

Slide 15

Атауын жаз

Кереге, уық, шаңырақ, есік.

Slide 16

“Қамажай” биі

Slide 17

Топтастыру

Рефлексивті - түзетуші

Slide 18 Slide 19

Мадақтау

Қуанышты хабарлама

Бүгін

Сабаққа өте жақсы қатысты.

Алдағы уақытта да жақсы жағынан көріне бер.

Тәрбиеші

Slide 20 Slide 21

Қ

О

Р

Ы

Т

Ы

Н

Д

Ы

Әр тәрбиеші дамыта оқытуды түсініп, өз балаларына түсіндіріп, кез келген материалды бала терең ұғынып, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыған жағдайда ғана байланыстырып сөйлеу дағдысын ойдағыдай жетілдіруге болады.

Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды.


Ұқсас жұмыстар
№53 мектеп-лицейі: Рационал өрнектер бойынша сайыс сабақтың оқу-тәрбие жоспары
Паскаль тіліндегі басқару операторлары бойынша аралас сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Таза бұлақ әңгімесі бойынша панорамалық тіл ұстарту сабағының лексика тақырыбына арналған сабақ жоспары
Жыраулар поэзиясы және ұлттық идея: сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Қазақ хандығы мен Абылай хан: сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Көшпенділер мәдениеті: салт-дәстүрлер, киіз үй құрылымы және материалдық мәдениет
Қазақ ұлттық мәдениеті: дәстүрлер, киіз үй, ұлттық тағамдар, киім-кешек және музыкалық аспаптар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
3-сынып әдебиеттік оқу: Шегіртке мен құмырсқа - жауапкершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеуге арналған панорамалық сабақ жоспары
Кәсіп түрлері тақырыбы бойынша сабақтың әдістемелік жоспары - Тажетдинова Жанна Шукирбаевна
Информатика: Формальдау - моделдеудің негізгі кезеңі (сабақтың оқу-жоспары мен практикалық тапсырмалар)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz