Көңілді қыс


Slide 1

1 “Г” сынып

Пәні:Ана тілі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Көңілді қыс

Мұғалім: Әбдір Айгүл

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Оқушылырға өлең мазмұнын меңгерту, өлеңдегі жаңа сөздерді, қысқы табиғат ерекшелігін түсіндіру.

Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғаттың әсемділігін бақылай білуге баулу.

Оқушылардың таным қабілеттерін арттыру, ойын толық жеткізіп сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту

Slide 3

Сабақтың әдісі:

Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.

Slide 4

Үй тапсырмасын тексеру.

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мәтінін мазмұндау.

Ой шақыру стратегиясы:

Ақ матадай қары бар,

Аязы бар, әні бар

Бұл қай кезде болады?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс айларын атаңдаршы?

- Қыс мезгілі сендерге несімен қызықты?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

Slide 5

Сабақ барысындағы аялдамалар

1 - аялдама: «Көңілді қыс»

2 - аялдама: «Қысқы орман»

3 - аялдама: «Қысқы ойындар»

4 - аялдама. «Қысқы табиғат»

Slide 6

1 - аялдама: «Көңілді қыс»

Slide 7

Аялдамадан аялдамаға жету үшін тапсырмалар орындау керек. 1- ші аялдама тапсырмасы

Автор жайында түсінік.

Шәміл Мұхамеджанов Ш. Мұхамеджанов 1931 жылы Қостанай облысы, Әліби Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген. Оқу ағарту ісін дамытуды мақсат еткен Шәміл, 1952 жылы Абай атындағы педагогикалық институтында білімін жетілдірді. Өз замандастары, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаевтармен жақсы жолдас болған. 2011 жылы ақиық ақынның 80 жылдық мерейтойы тойланды. Бұл «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деген аталы сөздің бекер айтылмағандығының дәлелі.

Артында қалған «асыл қазыналары» жастың да, кәрінің де есінде.

Slide 8

Енді осы кісінің “Көңілді қыс” өлеңімен танысайық

ә) Дауыстап оқу.

б) Тізбектеп оқу.

-Өлеңде не туралы айтылған?

- Балалар не істейді?

- Қысқы ойындардың аттарын атаңдар.

Жіңішке дауысты дыбыстарды табу.

Slide 9

Көңілді қыс

Бір топ бала сырғанап,

Барады, әне, жарысып.

Қалды артында қыр, алап,

Іздерінде қар ұшып.

Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

Сәтке қарап тұрмайсың,

Көңілді еді қыс қандай!

Шаңғыменен зырлайсың,

Қанат бітіп ұшқандай.

Slide 10

2 - ші аялдама “Қысқы орман”

Slide 11

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп - кішкентай ағаштар

Үп - үлкен боп өседі

Slide 12

3 - ші аялдама “Қысқы ойындар”

Slide 13

Тапсырма

Дәптермен жұмыс

32 - жаттығуды орындап, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз

Slide 14

Ойын: “Қай сөзді жоғалттым”

. . . . . . . . . суытты

. . . . . . . . . . . жауды

. . . . . . мұз . . . . . . . .

Адамдар . . . . . . . . . киінді

Slide 15

Сергіту сәті: Қол соғу

Аталған сөздердің ішінде, қыс мезгіліне байланысты сөздер болса қол соғасыңдар.

Slide 16

4 - ші аялдама “Қысқы табиғат”

Берілген сөздерді, буынға бөл

Адам, табиғат, құстар, жануар, өсімдік, шаңғы, аққала.

Slide 17

Сөз құра

Берілген әріптермен сөз құра

А ш а н

Р а б н о

П с а а н

Р ж е

Ү н к

Slide 18

қорытынды

Бүгінгі сабағымыз жылдың қай мезгілі жайында айтылған?

- Қыс айларын атаңдаршы?

- Қысқы ойындырды атаңдар.

- Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар.

- Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар.

(күн, ыстық, жаңбыр, суық, жыл, мезгіл, боран, самал жел, қар, аяз, саз, су)

Slide 19

Бағалау. Үйге тапсырма. «Көңілді қыс» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Slide 20

Назарлары

ңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Тармақталған алгоритмді блок схемаға салу үлгілерін үйрету
Щ, щ әріпі мен дыбысы
Сабақты қортындылау
Көктем сәні. 3 сынып
Қар үстіндегі іздерді бақылау
Менің сүйікті жыл мезгілім
Сұраққа жауап
Адам еңбекпен шыңдалады
Қайырлы күн
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz