Қар мәтіні: оқу, талдау және шығармашылық тапсырмалар


Slide 1 Slide 2 Slide 3

Үй тапсырмасын бекіту: «Қар құрастыру»

Slide 4 Slide 5

Сафуан Шаймерденов-1922 жылы 15 сәуірде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, өз ауылының орталау мектебінде біршама уақыт мұғалім болды. 1950 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін үздік бітірді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған . 23 ақпанда 2007 жылы қайтыс болған.

Slide 6

“Қар “деген кезде ойымызға не келеді?

Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме? - Қар қандай екен?

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Қардың түрлері

Slide 10

Мәтінмен жұмыс

Аудиозаписьтан мәтінді тыңдау

Slide 11

Қар

Тұрар есікті жауып қойды да, терезе алдына келді. Үлкен терезеден күңгірт аспанның бір бөлігі ғана көрінеді. Қалың қар жауып тұр. Үлкен қар ұлпалары жерге түсерде қызық: баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады. Жел жоқ, дыбыс жоқ. Күнгірт аспанға бойлап тұрған қыраулы биік ағаштардың басы қыбыр етпейді. Алма ағаштарының қалың бұтақтары бір-біріне айқаса иіріліп, неше түрлі өрнек жасаған. Қар жапалақтары жұлдыз сияқты үзын кірпікті. Олар әлсін-әлсін терезе көздеріне жабысады. Кенет еріп, төмен қарай су болып сырғанай жөнеледі.

Жер дүниенің бәрі аппақ. Тек терезе тұсындағы бір түп қарақат бұтасының астыңғы жағы ғана қарауытып көрінеді. Шарбақ қадалары қардан басына қоқырайта қалпақ кие бастаған. Осының бәрі Тұрарға әлдебір қиял, кинокартинадай болып көрінеді.

Тұрар терезе жақтауына шығып алып, желдеткішті ашып қойды. Жылы қыс таңының жұмсақ лебі соқты. Есік алдынан өтетін тар жолдың арғы бетін бойлап ағатын тау өзенінің шуы естілді. Тұрар терезеден басын қылтитты. Қар жапалақтары басына қона бастады. Дыбысы жоқ, салмағы жоқ болса да, денені түршіктірер зәрі бар. Тұрар түшкіріп салды. Содан кейін шешесінің суық тиіп қалады дейтіні есіне түсті. Ол күндегіше жылы киінді де, далаға шықты.

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Сергіту сәті

Slide 16

Дәптермен жұмыс

Әңгімеден қар ұлпалары, қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөздерді тауып, дәптерге жазу.

Slide 17

1-топ. Қыс тақырыбына мәтін жазу.

2-топ. «Қар» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

3-топ. Тұрар байқаған қысқы табиғат құбылысының суретін салу.

4-топ. Мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы. .

Топтық жұмыс

Slide 18

«Қар лақтыру»ойыны

Slide 19

Үйге тапсырма:

«Қар» мәтінін оқу, мазмұндау. Мәтін бойынша қыс суретін салу.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің Бала Абай мәтіні бойынша оқу-түсіну, лексика және шығармашылық тапсырмалар
Есімдіктерді қайталау: деңгейлік тапсырмалар мен оқу-шығармашылық жаттығулар
Құмырсқаның қанағаты ертегісін талдау: сабақ жоспары мен шығармашылық тапсырмалар
Бастауыш сыныпта шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту: деңгейлік тапсырмалар мен педагогикалық тәсілдер
ББЖМ: оқу сауаттылығын бағалау және функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар
Еңлік-Кебек: шығарманың мәтіні, тақырыптық талдау және оқыту тапсырмалары
Физика (механика): деңгейлік тапсырмалар, тесттер және шығармашылық жаттығулар
2-сыныпқа арналған Аялы алақан мәтіні бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу сабағы: Әуелбек Қоңыратбаевтың Киіктің айласы мәтіні, автор туралы мәлімет және оқу тапсырмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz