Рәмізді құрметтеу-халықты құрметтеу




Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу.
Тәрбиелік: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру, ой-өрісін кеңейту. Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру одан әрі дамыту бағыттарындағы түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.


Отан үшін отқа түс - күймейсін. Б. Момышұлы

Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер:
Елтаңба, Ту, Гимні бекітілді.

Қазақстан-көк байрағы желбіреген тәуелсіз мемлекет
ҚР Конституциясы 34 бап. 2 бөлім. Әркім Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Қ. Р Конститутциясы 36 бап. 1 бөлім. Қ. Р қорғау - оның азаматының қасиетті парызы және міндеті.

Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан,
Алтын дән даласы, Кең байтақ жерім бар.
Ерліктің дастаны, Бірлігі жарасқан,
Еліме қарашы! Тәуелсіз елім бар.
Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты,
Даңкымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай.
Намысын бермеген, Біздің ел бақытты,
Қазағым мықты ғой! Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Әні: композитор Шәмші Қалдаяқов
Cөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев .


1991 жылы 1-желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Орта мектепті бітіре салысымен сол жылдары Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста еді.
Өмір жолы

Жұмекен Нәжімеденов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. 1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Қошалақ деген жерде дүниеге келген.
Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған.

Шәмші Қалдаяқов
Шәмші Қалдаяқов (15. 8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы - 29. 2. 1992, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артісі (1991) . Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.


Мемлекеттік Гимн
1. Жиналыстар мен мәжілістерде;
2. Ескерткіштер орнатылғанда;
3. Шет елдердің мемлекет бас-шыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда орындалады.
4. Гимн міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды.


Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ.
Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елесте-теді. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздік-ке, бостандыққа жетелейді.
Елтаңбаның маңдайшасына бебұрышты жұлдыз -таңмен бірге туатын Шолпан жұлды-зының белгісі. Халқымыздың
“Бағымыз ашылып, жұлдызы
мыз жарқырай берсін”деген асыл арманынан туған.
Елтаңбаның төменгі бөлі-гінде-ел аты “Қазақстан” деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы


Мемлекеттік Елтаңба
Туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік
ғимараттарға
Республика Президентінің жұмыс бөлмесінде, Пар-ламент мәжілістері өтетін залда
Орталық және мемлекеттік мекемелерде, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің үйіне
орнатады
Мемлекеттің шекарасындағы бағанаға салынады


Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы (Шота Уәлиханов) - сәулетші. Уәлиханов Шота Ыдырысұлы (26. 4. 1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауыл) - сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001) .
Уәлихан, Шот-Аман Ыдырысұлы

Жандарбек Мәлібеков (1942, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы) - сәулетші. ҚР Елтаңбасы авторларының бірі (1992) . Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі.
Жандарбек Мәлібеков
Жандарбек Мәлібеков

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz