Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы


Slide 1 Slide 2

Құқықтық білімді игеру барысында оқу орнынында құқықтық білім алушы маман мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан түсінеді. Жалпы мемлекет туралы ұғым мемлекет және құқық теориясы пәнінде оқытылады. Заң ғылымында мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория ретінде зерттеліп, оқытылады.

Тақырыптың өзектілігі:

Мемлекетті пен құқықты зерттеу барысында мемлекеттегі нақты белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмай керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастыру зерттеу нысаны ретінде алынып отырған тақырыптың өзекітілігі болып табылады.

Slide 3

Тақырыптың мазмұның ашып көрсеу үшін зерттеу жұмысына осы заманғы мемлекеттіліктің дамыған нысандарын зерттеудегі бағыт-бағдарларды ашып көрсетуді, олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіруді мақсат етіп алдым.

Мақсаты мен міндеті:

Slide 4

Мемлекеттің ұғымы, құқықтың нысандары және оның элементтері туралы алғашқы шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап қалыптаса бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар мен Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі жайлы шығармаларын айтуға болады. Сондай - ақ К. Маркстың, Л. И. Петражцкийдің, Вашингтонның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның нысанына көп көңіл бөліп еңбектер жазғанын атап өтуге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Slide 5

Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері".

Slide 6

Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді:

құқықтық әдеттер,

сот прецеденттері (үлгілер),

құқықтық келісім-шарттар,

нормативтік-құқықтық актілер.

қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.

- жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім.

екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.

Ол өзіне, жалпыға бірдей мемлекетпен құрылатын қорғалатын ереже тәртібін жинайды. Ондай актыларға конституция, басқа заңдар, атқарушы органдардың нормативті шешімдері жатады.

Нормативті-құқықтық актылар

Құқықтық келісім-шарт

Құқық прецеденті

Құқықтық әдеттер -

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Екіншісі - бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі - қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп айтады.

Slide 15

Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:

1) Мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға айналуы, соған байланысты оларға мемлекетпен рұқсат беріліп бекітілуі;

2) Мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар арнайы құжаттар жасалуы - нормативті актылар (заңдар, қаулылар т. с. с. ) .

3) Прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады (соттардың және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді шешуге үлгі ретінде қабылдануы) .

Slide 16

Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.

Құқықтың қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң президенттің қаулысы, үкіметтің қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі. Көрсетілген актыларда белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларға бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа ие болады.

Slide 17

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырды. Олар қоғамның, объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларын қолдану
Әкімшілік құқықтық нормалары
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ
Құқық нормаларының негіздері мен белгілері
Құқықтық қатынастың субъектілері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Құқық және мәжбүрлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz