Көңіл-күй шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес



Мен өз-өзіме сенімсізбін.
«Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.
Рефлексия
Мен сабаққа дайынмын
Менің сабаққа зауқым жоқ

Ақын қандай жерлерде білім алды?
Ақынның жыр жинағы қашан, қандай атпен жарық көрді.
Ақын оқып жүргенде қандай әдеби ұйым құрды?
«Батыр Баян» жырында қандай тарихи кезең суреттеледі?
М. Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Поэманың негізгі кейіпкерлері кімдер?
Бұл поэмадаа қандай мәселелер қозғалды?
Жер жаннаты Көкше көріністерін суреттеудегі
Мағжанның қандай жетістіктерін байқадық?
Поэма кейіпкерлерінің қайсысы саған ерекше әсер етті?
Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жата ма?
«Ұтқыр ойдан-ұтымды жауап»


АНА

Анаң саған керек болса, анаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы


Мақсаты:
Білімділік: ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі М. Дулатов өмірі, шығармашылығына қысқаша тоқталып, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңімен таныстыру. Тәрбиелік: оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан-ананы сүюге, қадірлеуге, перзенттік, парызын өтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: сөйлеуін дамыту, шығармашылыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Шешенің балаларын сүюі Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, Қуанышына қуанып, қайғыңа - күйетұғын? Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. Кім сендерді, балалар тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін. Кім сендерді сағынар шетке кетсең, Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? Бетін жуған жасымен сорлы анаңа Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін. Кім сағынар сендерді келгеніңше, Құлындарын көзімен көргенінше? Сендер қайтып келсеңдер адам болып. Еш арманым болмас еді өлгенімше. . .

І -топ М. Дулатұлы өмірі туралы хронологиялық кестені толтыру.
ІІ топ
«Шешенің балаларын сүюі» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.
ІІІ топ
Ана жайында аңыз әңгіме айту.
“Білімді мыңды жығар”

Менің атым-әйел, мына қыздың анасымын!
Бәрің де анадан тудыңдар.
Ана керек!
О, адамдар, ана керек адамға Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Жақсы жігіт ел -жұртының қаласындай.
Жақсы әйел әлемге жұрттың анасындай
Асыл әжем ғасыр әжем аңсаған сағынышым сары армандай самсаған
Ана сен бақыт-
тысың жыламаған жай түсіп жатқанда да құламадың
М. Мақатаев
С. Аронұлы
Ғ. Мүсірепов
Т. Айбергенов
М. Мақатаев
«Ана-мәңгі таусылмайтын жыр әнім»

Ақын да туған анадан,
Батыр да туған анадан
Пайғамбарымыз Мұхаммед
Ананы құрмет санаған.
Анаға мәңгі борыштар
Дүниедегі бар адам!
I- топ.
Ана туралы мақал-мәтел айту.
II- топ.
Өз шығармышылығыңнан
Анаңа жазылған бір шумақ өлең .
III- топ.
Ана әлемнің жарығы
Эссе жазу.
Шығармашылық жұмыс.

Проблемалық сұрақтар
Өлеңнен ананың баласына деген қандай сезімі, қандай қасиеттері танылады?
Ана есімі неліктен “Отан ана”, “Жер-ана” терминдерімен қоса айтылады деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақты бекіту. Тест сұрақтары 1. М. Дулатовтың туған жері? а) Торғай облысы в) Ақмола облысы с) Семей облысы 2. Міржақовтың ұстазы? а) Асқар в) Мұқан с) Дулат 3. 1909ж жарыққа шыққан кітабы? а) “Азамат” в) “Терме” с) “Оян, қазақ!” 4. Міржақыптың анасы? а) Дәмеш в) Айғаным с) Жамал 5. Міржақып анасынан неше жасында жетім қалады? а) 12 в) 2 с) 9 6. “Шешенің балаларын сүюі өлеңіндегі ұйқас түрі? а) ерікті ұйқас в) шұбыртпалы ұйқас с) қара өлең ұйқасы

Жауаптары: 1. а 2. в 3. с 4. а 5. в 6. с

Домалақ ана.
Шын аты Нұрила (Бибісара) . Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі. Бәйдібек ауылының көші Ташкенттен Қаратауға көшіп бара жатқан жерде Балабөген өзенінің жағасында әулие ана намаз оқып отырған жерінде қайтыс болып, оған сол жазықтықтан кесене тұрғызылған. Домалақ ана кесенесі деп аталады.
Қазір Астана қаласында Домалақ ана көшесі бар.
Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға,
Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға.
Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім -
Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға
Тарихта болған дана аналар. . .

Айғаным Сарғалдаққызы
Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли сұлтанның кіші әйелі.
Уәлихан қаза болғанда Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болған. Ал Ғұбайдолла ұзақ жылдар бойы айдауда жүріп қайтыс болады. Соның салдарынан Уәли әулетінде ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерген.
Александр І патша арнайы бұйрықпен Айғанымның өтініші бойынша Сырымбетте қыстау салдырып беруген. Айғаным әжесі Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, қоғам қайраткері болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен адам.

БОПАЙ ханшайым.
Әбілқайыр хан зайыбы.
Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі ХҮШ ғасыр болса, сол кездің саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан көрнекті қайраткерлердің бірі Бопай (Бәтима) болған.
Бопай − Кіші жүздің ханы Қожасұлтанұлы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қауіпі төнгенде Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай жалтақсыз қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айрықша икемділік-тапқырлық танытып отырған.

Айша бибі
(ХІ ХІІ ғғ. ) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, оның басына қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау сақтар заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі де сәулетті "Айша бибі кесенесі" атты архитектуралық әсем ескерткіш тұрғызылған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz