Ұқсастық, сән және талғам: киім кию мәдениеті (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы:
6 - тақырып:
ҰҚСАТЫМ. СӘН. ТАЛҒАМ.
Киім кию мәдениеті
Оқу мақсаты:
7. А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту.
7. Т3 Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Жетістік критерийлері:
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді.
Мәтін мазмұнын дамыта алады.
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі /3 минут/
Оқушыларды үш топқа 3-4 оқушыдан бөлу
I топ
II топ
III топ
Топ ережесі:
Тәртіпке бағыну
Өзара сыйластық
Тыңдай білу, ести білу
Белсенділік таныту
Сын мәдениетіне үйрену
Қолдау көрсету
Уақытты үнемдеу
Қызығушылықты ояту
/2 минут/
«Мәскеудегі сән апталығында қазақстандық дизайнерлердің киім үлгілері жоғары бағаланды» видеокөрініс
Жаңа сөздер
сыртқы бейне - внешний образ
ішкі жан-дүниесі - внутренний мир
киім киісі - стиль одежды
бойға қонымды - в пору
ой тумауы керек - не должны думать
үйлесімді - совместимый; подходящий
қорғайды - защищает
Жұптық жұмыс. 1- тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Сен киімді өзің таңдайсың ба, әлде ата - анаңмен бірге таңдайсың ба?
Ата - анаңмен киім таңдаудағы талғамың сәкес келе ме?
Киім таңдағанда қандай ерекшелігіне қарайсың?
Топтық жұмыс. 3 - тапсырма. 1 - топ: сыртқы бейне, ішкі жан-дүниесі, киім киісі; 2 - топ: бойға қонымды, ой тумауы керек, таңдайды; 3 - топ: үйлесімді, қорғайды, сенімді.
Сөз
Синоним
Сөйлем
Жеке жұмыс 4 - тапсырма Оқушылар «КИІМ КИЮ МӘДЕНИЕТІ» мәтінімен танысып, мақал-мәтел, неологизмдерді теріп жазып алып, мәтін мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстырып мазмұнын дамытады.
Топтық жұмыс Мәтіннен жаңа сөздерді тап. Тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді аяқта.
1-топтың мәтіні. • Тахмина сәнді және әдемі киінген . . . жақсы көретін. Ол қиынға соқпайтын, себебі бай адамдар . . . қызы болатын, ата-анасы еш нәрседен кем қылған жоқ. Өзінің бос уақытын ол танымал дүкендер . . . өткізіп, өзінің онсыз да үлкен гардеробын жаңа киімдер . . . толықтыратын. Басқа қыздармен сөйлескен кезде, Тахмина оның басы . . . аяғына дейін сынап қарап шығатын. Адамдар . . . тек киімі бойынша қабылдап, тұрпатына қарай сыйлап, ол «әдемі орамға» тәуелді болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын.
2-топтың мәтіні. • Райхан ерке болғанымен, анасы . . . алып берген киімін ғана киеді. Оған ешқашан қарсы кел . . . көрген емес. Қалаға келген . . . кейін құрбыларының көйлектерін кигісі келді, сондай сатып алғысы келді. Алайда ол ең алдымен ана . . . бұл қылығын құптамас деп ойлады. Өз киімдер . . . таза ұстап, артық киім сатып алмауға тырысты. Құрбыларымен дүкен . . . барса да, көзі қызықса да, өзіне өзі сенімді бола алмады. Райхан адам . . . киіміне емес, біліміне қарап бағалаған дұрыс деп есептейді.
3-топтың мәтіні. • Күнсұлу қолына ақша тисе, оған киім немесе аксессуар алу үшін базар . . . жүгіреді. Ол үшін ең бастысы - әдемілік. Әдемілік көп ақша . . . қажет етеді. Әкесі меселін қайтарған емес. Қасындағы құрбылары . . . бұрын алтын сырға, сақина тақты, ақ, қара, қоңыр түсті етіктерді бір жылда ғана киеді. Шаштаразға, маникюр мен педикюр . . . тұрақты түрде барып тұрады. Оның гардеробында әр көйлекке арналған аяқ киім мен аксессуар . . . бар. Сондықтан шығар ол өзін ерекше жақсы көреді, үнемі макияж жасайды. Білімді болу міндет емес, әдемі қыз болсаң, бақытты етер жігіт . . . өзі қасың . . . табылады деп санайтын . . .
Бағалау
Кері байланыс
«Қайық пен кеме» әдісі.
Қайық - Әлі де толық білмедім (сабақты толықтай түсінбедім)
Кеме - Бәрін толық білдім ( сабақты толықтай түсіндім)
Бағалау
Үй жұмысы
131 - бет, 5 - тапсырма (жазбаша)