Қазіргі мультфильмдердің балалар өмірі мен психикасына әсері және ұлттық тәрбиелік маңызы


Slide 1

Жобамның тақырыбы: Қазіргі мультфильмдердің

бала өміріндегі рөлі

Дайындаған: Ақмағанбетова Жанель 6сынып оқушысы

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Смагулова Б. Б.

Slide 2

Зерттеу мақсаты:

Қазіргі мултьфильмдердің бала өміріне тигізетін әсерін анықтау. Шетел мултьфильмдерінің бала тәрбиесіне әсерін зерттеу. Анимацияның ұлт болашағы-ұрпақ тәрбиесінде рөлі зор екенін дәлелдеу. Балаларды ұлттық нақыштағы мултьфильмдерге қызықтыру. Тәрбиелік мәні зор, ұлтжандылыққа, кішіпейілдікке үйрететін мултьфилмдерді көруге бағыт-бағдар беру

Slide 3

Зерттеу объектісі:

Зерттеу жұмысының басты объектісі -қазіргі мультфильмдерінің бала

психикасына әсері.

Slide 4

Мультипликациялық кино дегеніміз (латын тілінде multіplіcatіo - көбею; ағылшын тілінде - жандандыру) - cуреттердің, қуыршақтардың қозғалыс кезеңдерінің фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі.

Slide 5

Бүлдіршіндердің қолдары

ойыншықта болса,

көздері теледидарда

Slide 6

Балалардың қазіргі cүйікті шетел мультфильмдеріне тәжірбие жасадым

Slide 7

№1 тәжірбиемде . Балалардың сүйікті туындысына айналған «Спанч Бобқа» көз тіктім. Бұл мультфильмді аяғына дейін көрдім. Көрген соң, мынадай ой түйдім: мән-мағынасы жоқ, айтар ойы беймәлім, оқиға сюжеті де қызығарлық емес. Тіпті кейіпкерлердің кескін-келбеті де түсініксіз. Жалпы шығарма мазмұнында іліп-алар дүние жоқ. Әйтеуір оспадар күлкі мен мағынасыз әңгімеге толған

Slide 8

Рас, мультфильмнің оқиға желісі қызық. Тіпті өзің де соның ішіне қалай еніп кеткеніңді аңғармай қаласың. Бірақ, біздің дәстүрімізге, тарихымызға сай келетін ештеңе жоқ. Басты кейіпкерлердің өзі - адам көріп-білмейтін жандар, яғни құбыжықтар

Slide 9 Slide 10

№2 тәжірибе «Том мен Джерриді» және «Ну, погодиді» салыстырайық. Бұл мультфилімде қасқыр мен қоян, мысық пен тышқан бірде-дос бірде қас болып жүреді. Осыған қарап балалар бірін-бірі алдауды, сатып кетуді үйреніп алады.

Slide 11

№3 тәжірибемде : Алдаркөсе ертегілері мен мультфилімдерін тамашалау Нәтиже: телеарнаны ашпасаңыз да алдыңыздан Алдардың киносы, не Алдардың мультфильмі шығады. Бұл қуантарлық жайт. Десек те, қазіргі Алдардың бейнесі Шәкен Айманов сомдаған парасатты, қу да болса, елдің қамын ойлаған Алдардан өзгеше. Бүгінгі Алдарда сол парасаттылықтан еш нәрсе қалмағандай. Бір сөзбен айтқанда Алдаркөсе, қазіргі заманның нағыз алаяғы сияқты көрінеді.

Slide 12 Slide 13

№4 тәжірбиемде «Шректегі» құсты троль әйел өлең айтып жарып жіберетін, оның үш жұмыртқасын қуырып жейтін немесе құрбақа мен жыланды шар қылып үрлеп ұшырып жіберетін эпизодты бәріміз білеміз. Сонда бала санасында қоршаған орта мен табиғатты аялау керек деген ой қайдан пайда болсын?

Slide 14

№5 тәжірибе «Тасбақа-ниндзялар» «Аватар»«Трансформер» мултьфильмдерін көре отыра:

I. Балалардың атыс-шабысқа, төбелеске деген құмарлығы артады. II. Аяушылық, қайырымдылық, қамқорлық сияқты қасиеттерді ұмытады. III. Мультфилім қаһармандарына еліктеп биік жардан, терезеден немесе этаждардан секіруге қорықпаймын деп, өздерін зақымдап алуы мүмкін. IV. Өзінен кішілерге, әлсіздерге күш көрсетіп, немесе өзгелерден батырсынып қорғаймын деп еіктеушілік қабілеттерін көрсетуі мүмкін. V. Түстерінде ертегі кейіпкерлерін көріп, шошып оянуы мүмкін

Slide 15

Қазір қазақ тілінде шыққан мултьфильмдер аз. Сондықтан балалар шет елдерінің мултьфильмдерін көреді. Түсірілген қазақ мультфильмдерде ұлттық мән- мағынасы түсініксіз. Совет дәуірінде шыққан «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты сапалы мултьфильмдер жоқтың қасы. Қазір батырларымыз туралы мультфильм аз. Кішкентай баладан Алпамыс, Қобыланды, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлы кім деп сұрасаңыз, жауабын айта алмай мүдіреді. Бала біздің болашағымыз дейміз. Оны тәрбиелеуге келгенде енжармыз. Неге Қажымұқан туралы мултьфильм түсірмеске.

Slide 16

1967 жылы шыққан Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі

Slide 17

Зерртеу жұмысына кейін 2-4 сынып білім алушыларынан сауалнама алдым. Сауалнамада мынадай сұрақтар қойылды: Сен мултьфильм көресіңбе?, қандай елдердің мултьфильмдерің көресің?т. б.

Сауалнама нәтижесінде балалардың көпшілігі мултьфильмдерді көп көреді. Шетел елдерінің мультфильмдерін көп қарайтынын байқадым.

Slide 18

Балалардың шетел мултьфильмдерін көп көруі, менің ойымша психикасына, дамуына әсер етеді.

Slide 19

Шетел мультфильмдерінің бала психикасына әсері

Бала бойында эпилептикалық құбылыстар пайда болады

Интеллектуалдық дамуында кедергі болады

Эмоционалдық күйі өзгеріске ұшырайды

Бүлдіршіннің бойында қатігездік қалыптасады

Балалардың бойында ұялшақтық, ойын ашық жеткізу бәсеңсиді.

Әртүрлі құбылыстарды бойына тез сіңіреді

Slide 20

Мультфильм баланы өзіне тәуелді

етіп қояды

Slide 21

Бала бойына үрей

туғызады

Slide 22

Ұлттық нақыштағы мультфильмдер дамыса, балалар соны қызықтап көреді. Сонда балардың мынадай қасиеттері дамитын еді.

Slide 23

Ұлттық туындыларымыздың бала дамуына әсері

Біздің батырларымызды, тарихымызды, салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді мультфильм арқылы меңгереді

Бала бойында бауырмалдық, өзгеге қамқор болу сияқты асыл қасиеттер қалыптасады

Мультфильм тамашалап болған соң бала көтеріңкі көңіл күйде жүреді

Нағыз қазақ баласының дүниетанымына оң әсерін тигізетін қасиеттер-рух, жігер пайда болады

Балалар шындықты сезінеді, сезім эмоциялары дамиды

Slide 24

Ата - аналарға берер кеңесім:

Ата -ана мультфильмді балаға көрсетпес бұрын өзі қарап алу қажет.

Қай мультфильмді қараса да, ата анасы мүмкіндігінше бірге көргені абзал. Түсініксіз жерін түсіндіріп, жаман кейіпкерлерінің жаман жерін, жақсы кейіпкердің ұлгі аларлық тұстарын айтып отырғаны дұрыс.


Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы және тәрбиелік маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының тарихи және тәрбиелік маңызы
Қазақстандағы балалар құқықтары: тарихы, құқықтық негіздері және қазіргі ұлттық саясаты
Қазақтың ұлттық ойындары: түрлері, тәрбиелік маңызы және тарихи деректері
Қазақтың ұлттық ойындары: спорттық-тәрбиелік маңызы мен ережелері
Қазақ ұлттық би өнерінің мәдени және тәрбиелік маңызы
Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік және танымдық маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы, түрлері және тәрбиелік-әлеуметтік маңызы
Мектептердегі Мұрагер ұлттық музыка бағдарламасының қалыптасуы мен тәрбиелік-мәдени маңызы
К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие теориясы және қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz