Науқастардың ауруға қатынасының түрлері мен клиникалық-психологиялық сипаттамасы

Сырқатқа деген көзқарас түрлері
Амбулаторлы-емханалық педиатрия кафедрасы
асс: Сыдыгалиева З. М.
2011 жыл.
Сырқатқа түрлі көзқарас болуы байланысты:
тұлғаның ерекшеліктеріне
өмірдегі орнына
әлеуметтік орнына
қоршаған ортаға
Дерт әсер етеді:
жанұяға
әлеуметтік жағдайына
көңіл - күйіне
кәсіби жағдайына және т. б.
Науқастың ауруға қатынасы түрлерінің бағыттары:
хал - жағдайына және шағымдарына қатынасы
емдеуге және медицина қызметкерлеріне қарым-қатынасы
әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы
Гармониялы
- науқас өзінің хал-жағдайын адекватты бағалап, қалыпты түсінеді және барлық жағдайды жамандық жағынан қарамай, бірақ қуаныш сезімінсіз бағалайды, емдеуге белсенді түрде қатысады
Эргопатиялы
- науқастың аурудан алшақтауы жұмысқа берілуімен сипатталады
Анозогностикалы
- ауру туралы ойлардан, оның асқынуынан, теріс жақтарынан белсенді түрде алшақ тұру
Үрейлі
- науқас өзінің ауруы туралы қатты мазасызданумен, қолайсыз ағымын, мүмкін болар асқынуларды ойлаумен, емнің тиімсіздігі тіпті қауіптілігін уайымдаумен, жаңа емдеу әдістерін, “беделді” адам іздеумен сипатталады
Ипохондриялы
- науқас өзінің субъективті ауырсынуларына және жағымсыз сезімдеріне аса көңіл аударумен, айналасындағы адамдарға олар туралы үнемі асыра айтумен сипатталады
Неврастениялы
- “әлсіз күйгелектену” ауырсыну, жағымсыз сезімдер, емнің сәтсіздігі кезінде болатын күйгелектену мен ауырсынуларды көтере алмаумен сипатталады. Күйгелектік жылаумен немесе өкінішпен аяқталады.
Меланхолиялы
- өзінің аурудан жазылатынына, тіптен объективті белгілері қолайлы болғанда да жағдайының жақсаратындығына сенімсіздікпен, супцидальды ойларға дейін апаратын депрессивті жағдайлармен сипатталады