1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы


Slide 1

Ашық сабақ Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылы Өткізген: Новоишим қазақ орта мектебінің тарих және география мұғалімі Дүйсенбин Ерболат Байтасұлы

Slide 2

Тақырыбы:

Қазақстан тарихы

9 - сынып

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Slide 3

Мақсаты

Білімділігі: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының

тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.

Дамытушылығы:

оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып,

өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыру

Тәрбиелілігі: жасақшылардан қайтпаған,

қаймықпаған желтоқсаншы лардыңжастарымыздың ерлігін

үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке

тәрбиелеу

Slide 4

Сабақтың барысы: Эпиграфы: “1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. ” Н. Ә. Назарбаев

Slide 5

Үй жұмысы:

1950-1960жж. Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары болды?

Мыс қорыту зауыты қай қалада орналасты?

Тың игеру қай жылы басталды?

Қазақстанның қай облыстарында тың игеру жүргізілді?

Қанша жұмысшы келді?

Slide 6

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

1986 жылғы Желтоқсаннның әлеуметтік-экономикалық және саяси астары.

Желтоқсан оқиғасының сипаты

Желтоқсан оқиғасының себептері, тарихи маңызы

Slide 7

Қазақстан компартиясының

V пленумында Мәскеудің тікелей бұйрығымен Дінмұхаммед Қонаев орнынан алынып, орнына

Г. Колбин тағайындалды

Slide 8

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Себебі

Сипаты

Тарихи маңызы

Халық шаруашылығының

тоқырауы

2. Қазақ тілінің жағдайы

Семей полигонындағы

жарылыстар

КОКП V пленумы.

Д. Қонаевтың кетуі,

Г. Колбиннің билік

басына келуі.

“Қазақ ұлтшылдығы” айдарын

таққан М. Соломонцев

болды. 1990 жылдың

21 мамырында КОКП ОК

“Қазақ ұлтшылдығы”

айдарынан бас тартты.

“Қазақстандағы 1986 ж.

желтоқсанның 17-18-гі

оқиғаларға қатысқаны үшін

жауапқа тартылған

азаматтарды ақтау

туралы” Н. Ә. Назарбаев

Алматы. 1991 жыл.

12 желтоқсан

Қозғалысты басу үшін

“Метель/Құйғын/ - 1986” атты

оперативті жоспар.

3200 адам, 10-15мың жасақшы

20 өрт сөндіруші.

15 БТР қатысытырылды.

1. Ұлттың өзін - өзі тану

сенімінің оянуы

Одақтас

республикалардың

егемендігіне

сипаттама берді.

Социалистік

құрылыстың күйреуі.

Slide 9

Желтоқсан оқиғасының салдары:

Желтоқсан оқиғасын тоқтату үшін КСРО Ішкі істер министрлігінің 1-ші орынбасары генерал-полковник Б. Елисев басқарды. Оның қарамағына 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизоны;

Фрунзе, Ташкент, Челябі, Свердловск, Новосі-бір, Уфа, Тбилиси қалаларында орналасқан әскери бөлімдер әкелінді.

Slide 10

Салдары:

8, 5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды.

99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып,

2 адам өлім жазасына кесілді;

758 студент оқудан шығарылды;

ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды

Slide 11

1986 жылдың 16-17 желтоқсаны

Slide 12

АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Мәскеуде дайындалған «Метель» операциясы арқылы көтерілісшілерді күшпен басып-жаншу жүзеге асырылды

Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19

Қайраттың рухы

қашанда биікте

Slide 20

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке

орнатылған ескерткіш. Семей қаласы

Slide 21

ІV. Пікірталас.

Проблемалық - ситуациялық сұрақтар.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына косылуына сенің қосар үлесің қандай?

Slide 22

Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш

Slide 23 Slide 24

Ақмарал Сіргебаева: “Бұл күнгі қанды қақтығысты ешкім де суреттеп айта алмас. . . Ол кезде басымнан оңбай таяқ жедім. Соның зардабынан бүгінде екі құлағым да естімейді. . . . Бұл менің ғана емес, мыңдаған желтоқсан қаһармандарының басынан кешкен ащы ақиқат қой. ”

Slide 25

Қайрат Рысқұлбеков

Басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21-інші басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасқа қараған шағында тұтқындалып, 21 күн қазақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21-інші камерасында 21-мамыр (1988 жыл) күні қапылыста дүниеден өткен. Қайрат Рысқұлбеков арада бес жыл өткен соң, 21 ақпанда (1992 жыл) ақталды. Бұны тағдырдың жазуы дерсің, сірә!

Slide 26

Ербол Сыпатаев

1964 жылы Алшынбековтер шаңырағының тұңғышы болып өмірге келегн ұлға ұрпақ жалғастырушы деп қуанған қауым ер болсын, батыр болсын деген ырыммен Ербол атты есім берді. Ербол әкесінің ағасы Мұқажанның бауырында өседі. Жаратылысынан зерек бала мектепті жақсы бітіреді. Мектептен де, армиядан да, шаруашылықтан да, институттан да мақтау қағаздарын құшақтап шыққан. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Ербол өз тіршілігімен Алматы энергетика институтына оқуға түсті.

Slide 27

Ләззат Асанова

“Аталған аласапыран болмағанда, Ақжазақ мектебінде оқыған, одан соң астанадағы П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищенің қобыз класында дәріс алып жүрген, «бет біткеннің әдемісі, сана біткеннің естісі» Ләззат атты қаншыл қазақ қызының бұл өмірде бар-жоғынан хабарсыз өткендей екем. . . ”

Абзал Бөкен

Slide 28

Сәбира Мұхамеджанова

“Жиналыс жүріп жатқанда Сәбирамның класс жетекшісі Шолпан: «Енді бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор шешеді» деп, есіктен шығып кетті.

. . . Бес минут өтпей жатып-ақ екі ұл бала жүгіріп келіп: «Шолпан апай, бесінші этаждан құлап, қызыңыз өліп қалды!» - деді аптығып. . . ”

Анасы Күлшара

Slide 29

Көтеріліс болған Тәуелсіздік алаңы

Slide 30

Үй жұмысы:

Параграф 32. оқып, мазмұнын айту, қысқаша эссе жазу


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Желтоқсан көтерілісі туралы
1986 жылқы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары
Көтеріліс хронологиясы
Діни экстремизм: психологиялық аспектілер
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан оқиғасы. 1986 ж
"Желтоқсан оқиғасы"
ЖӨНІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН
Желтоқсан оқиғасының сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz