Киімдегі сән бағыттарының көрінісі: силуэт пен стильдер

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Киімдегі сән бағытының көрініс табуы
Орындаған: Сұлтанберді А
Тобы:ТК-701
Тексерген: Спанова А
Семей 2018
Сән ( франц. Moda, лат. Modus - өлшем, әрекет тәсілі) - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән - әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
Костюм - өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты.
Силуэт - ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б. ) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні.
Сәнде маңызды ұғымдардың бірі- стиль. Стиль - (styios деген грек сөзі) - мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
Классикалық стиль - келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль - әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі - қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: - www. wikipedia. kz
Назарларыңызға рахмет!!!