Әйелдер консультациясы және отбасын жоспарлау орталықтарында жас ата-аналар мектебінің жұмысына қатысып,есеп жазу



ТАҚЫРЫБЫ:Әйелдер консультациясы және отбасын жоспарлау орталықтарында жас ата-аналар мектебінің жұмысына қатысып, есеп жазу

Әйелдер кеңесі - диспасерлік типтегі амбулаторлы-емханалық мекеме, оның жұмысында қазіргі кездегі денсаулық сақтаудың негізгі мақсаты ретінде алдын алу мен емдеудің ұжымы толығымен көрсетіледі.

Әйелдер кеңесінің мақсаты
- әйелдерді сауықтыру бағытталған емдік - профилактикалық көмек көрсету, аналық және перинатальдық аурушаңдықтың пен өліміне арналған профилактикалық шаралар көрсету. Әйелдер кеңесінің басты мақсаты - ісік алды ауруларды анықтап, онкологиялық ауруларға профилактика жүргізу. Профилактикалық тексерулердің 3 түрі бар: комплексті, бағытталған, индивидуальді. Профилактикалық тексерулерді тұрғындарда 20 жастан бастап жүргізеді, ол жылына 2 рет цитологиялық және кольпоскопиялық тесерулермен бірге жүргізіледі.

Бұл мақсатқа жету үшін әйелдер консультациясында келесі шаралар орындалуы керек:
Жүктіліктің, босанудың асқынуының, босанудан кейінгі және гинекологиялық ауруларға бағытталған емдік-профилактикалық шаралар жүгізу, ұрықтың перинатальді қорғанысын қамтамасыз ету;
әдістері туралы, түсіктерді ескерту;
Тәжірибеге патологиялық жүктіліктің профилактикасы мен емін, босанушылар мен гинекологиялық аурулардың, акушердік-гинекологиялық көмектің амбулаторлық берілу формасының және әдістерінің заманауи диагностика әдістерін енгізу;
Санитарлық -ағарту жұмыстарын жүргізу;
Ана мен баланы қорғау заңдарына сәйкес әйелге әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғау көрсету;
Салауатты өмір салтын жүргізу; Жүкті әйелдер, босанушылар мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге тексерілуге қол жетімділік көрсету;
Отбасын жоспарлау тақырыбы бойынша жұмыстар жүргізу.

Әйелдер консультациясының құрылымы:
Регистратура, жүктілерді, босанушыларды, босанған әйелдерді, гинекологиялық аурулары бар әйелдерді қабылдайтын акушер-гинеколог дәрігерлердің кабинеті, манипуляциялық бөлме, емдік процедураларды жүргізетін физиотерапиялық кабинет, терапевт, стоматолог, венеролог және әлеуметтік-құқықтық сұрақтармен кеңесетін заңгер кабинеті. Бедеулік, жүктілікті көтере алмаушылық, контрацепция сұрақтарымен кеңесетін, кабинеттер ұйымдасытырылған. Сонымен қатар лаборатория, УДЗ кабинеттері бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 07. 04. 2010 жылғы №239 бұйрығына сәйкес:
Біріншілік қабылдау - жүктіліктің 12 аптасына дейін ұсынылады Екінші қабылдау - жүктіліктің 16-17 аптасында ұсынылады
Үшінші қабылдау - жүктіліктің 24-25 аптасында ұсынылады
Төртінші қабылдау - жүктіліктің 30-32 аптасында ұсынылады
Бесінші қабылдау - жүктіліктің 36 аптасында ұсынылады
Алтыншы қабылдау - жүктіліктің 38-40 аптасында ұсынылады
Жетінші қабылдау - жүктіліктің 41 аптасында ұсынылады

Отбасыны жоспарлау
- қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т. б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады. Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.

Отбасын жоспарлаудың кажеті:
қалаулы денісау баланы туу ушін;
әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;
өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.

Отбасыны жоспарлау - әйелдер мен балалардың ауруларының төмендеуі мен сақтауына бағыталған шаралар жиынтығы. Бұл шаралар жиынтығы ерлі - зайыптылардың келесі мәселерін шешуге мүмкіндік береді:
Керексіз балалардың болдырмауынан;
Тек керекті балалардың болуы;
Жүктілік арасы аралығын реттеу;
Балалар санын анықтау;
Ата - аналардың жасына байланысты балаларды туу мерзімін бақылау. Бұл мәселелердің бөлігі келесілер есебінен шешіледі: Ұрықтануға қарсы заттармен қамтамасыз ету; Тұқым беру қабілеті жоқтығын емдеу; Бала көтере алмауды емдеу.

Бала туу үшін әйелдің жас мерзімін анықтау өте маңызды. Жүктілік кезіндегі, туу және туғаннан кейінгі мерзімде асқынудың пайда болуынан жиырма жасқа дейінгі бала туатын әйелдердер қауіптілік тобын құрайды. Отыз бес жастан асқан әйелдер босанғанда баланың генетикалық «ауытқулармен» (мысалы, даун - бала) туу қаупі артады. Отбасыны жоспарлауда ана өлімінің төмендеуінде маңызды роль атқарады, оның бір себебі - заңсыз жасанды түсік. Кейде жасанды түсік жасату арқылы жоспарланбаған жүктілікті үзу әйелдерге репродуктивті денсаулығына түзелмейтін зиян келтіреді. Зерттеулер нәтижесінде, егер 16 жасқа дейінгі әйелдердің бірінші жүктілігі түсікпен аяқталса, онда келесі жүктіліктер сәтсіз болуы мүмкін (өзіндік түсіктер, ерте босану) . етті

Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады
Бұл:
Ішілетін құрама контрацептивтер.
Инъекцияльқ контрацептивтер.
Имплантанттар (норпланта) .
Әйелдердің стерилизациясы.
Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы) .
Презервативтер (мүшеқаптар) .
Жатырішілік заттар. Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы) .
Отбасын жоспарлаудьң табиғи әдісі (физиологиялық әдіс) .
Лактациялық аменорея әдісі (ЛАӘ) . Ақ

Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) - тиiмдi, қайтымды контрацепция әдісі. Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады. ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің даму қауіп-қатерін азайтады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz