Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері
Презентация қосу
Жеміс ағаштарының
карантинді зиянкестері
Шығыс жеміс жемірі
Қабыршаққанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар
тұқымдасына жатады.
Шығыс жеміс жемірі Еуропада кең таралған. Оның ішінде
Ресей мен Украинада тіркелген. Азия, Африка, АҚШ және
Австралияда кездесетін қауіпті зиянкес.
Қазақстанда кездеспейді, сыртқы карантиндік нысанға
жатады.
Шығыс жеміс жемірі жұлдызқұрт күйінде тығыз пілләда
діңнің көтерілген қабығының астында немесе қаңқа
бұтақтарда, топырақ бетіндегі құрғақ жапырақтарда,
мумияланған жемістерде, бұрғы көбелек зақымданған
жарақаттарда қыстайды. Жазғы пілләларды бұтақтарда жеміс
бетінен, зақымдалған өркендердің арасынан, ширатылған
жапырақтардың астынан табуға болады.
Көбелектер іңір қараңғыда және бұлтты күндері
белсенді болады. Қыстап шыққан ұрпақ
ұрғашылары жұмыртқаларын шабдалы, шие,
алхорының жас өркендерінің жапырақтарының
астыңғы бетінде орналастырылады.
4-8 күннен кейін жұмыртқадан жұлдызқұрт
шығады, олар жоғарғы жас өркенге немесе жеміс
сағағы бекілген жерге енеді. Жұлдызқұрттар
өркендер мен жемістерде 8-12 күн қоректенеді. Одан
кейін қуыршақтануға кетеді.
Қуыршақтың дамуы 5-12 күнге созылады. Жалпы
ұрпақтың дамуы 24-30 күнге жетеді. Ауа райына,
жер ерекшеліктеріне байланысты шығыс жеміс
жемірі жылына 5-6 ұрпақ береді.
Шығыс жеміс жемірінің жұлдызқұрттары
зақымданған жемістегі жолдары ұзын болады.
Кейде тұқымды да зақымдайды.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр
Зиянкес теңқанаттылар отряды, сымырлар
отряд тармағының қалқаншалылар тұқымдасына
жатады.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр Батыс
Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде, Африка
және АҚШ-та сонымен қатар Ресейде де кең
таралған.
Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға
жатады. Сымырдың ұрғашысының ұзындығы 1,3
мм, лимондай сары түсті, денесі дөңгелек
болады, аяғы, қанаты және көзі редукцияланған,
бір орнында қозғалмай тіршілік етеді, шаншып –
сорғыш ауыз мүшесі жақсы жетілген,
қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі
бозғылттау қоңыр, диаметрі 1,5-2 мм.
Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр бір жастағы
дернәсіл күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір
жағдайларда 2 жастағы дернәсілдері және еркектері де
қыстап шығады. Қыстаушы дернәсілдің қалқаншасы
тығыз қара түсті болады.
Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру» кезеңі
басталысымен дернәсілдер қысқасы ұйқыдан ойанады
да 10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек бунақденеге
айналады. Ұрықтанған ұрғашы сымырлар 50-60 күн өмір
сүреді.
Дернәсілдер алғашында тез қимылдап, ағаштың өн
бойына түгел таралады. Кейіннен олар ағаштың
діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала
жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады
және олардың арқа жағында қалқанша пайда болады.
Зиянкес қоректенген жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре
бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал
жапырақтары мен жемістерінде және басқа қабығында осы түрге
ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай
ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді.
Мекендеген жерлерінің ерекшелігіне байланысты калифорниялық
қалқаншалы сымыр жылына 2-4 ұрпақ береді.
Американдық ақ көбелек
Зиянкес қабыршаққанаттылар отрядына
жатады.
Американдық ақ көбелектің
жұлдызқұрттарының зақымдауы нәтижесінде
ағаш жапырақтарынан жалаңаштанады, оның
әсерінен ағаш әлсірейді және бірнеше рет
қайтара зақымдаудың нәтижесінде кейбір
өсімдіктер өледі. Зиянкестің жұлдызқұрттары
көп қоректі, 230 ағаш пен бұта, шөптесін
өсімдіктерді зақымдайды.
Американдық ақ көбелек ауа райына, жер
ерекшеліктеріне байланысты жылына 1-2 ұрпақ береді.
Американдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде
оның ішінде Ресей мен Украинада, Азияда таралған.
Қазақстанда американдық ақ көбелек сыртқы
карантиндік нысанға жатады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz