КазТрансСервис


Slide 1

Орындаған: Фархатұлы Мағжан

Slide 2

КТС деген не?

Директорлар кеңесі

Басшылык

Тарихы

«Қазтрассервис» АҚ орталық аппаратын басқарудың ұйымдастырушы құрылымы

БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕР

СЕРІКТЕСТЕР МЕН КЛИЕНТТЕР

АКЦИОНЕРЛІ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ТҚО

ЖӨНДЕУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Корытынды

Slide 3

Қазіргі күнде «Қазтранссервис» АҚ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ контейнер паркінің ресми операторы бола отырып, тарифті әзірлеу, тауарды тиеу, түсіру және тасымалдау сияқты қызметтер көрсетеді. Бұл үшін біздің ұжымда қажеттінің бәрі бар: мол тәжірибе, жоғарғы кәсіби біліктілік, келісім міндеттерін нақты орындау мен біздің Компанияға келген әр адаммен адал және сапалы жұмыс істеу құштарлығы. Тұрақталған жұмыс технологиясы мен қызметкерлердің жоғарғы біліктілігі бізге Қазақстан темір жолдарымен барлық бағытта жүк тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біз жүктің шығарылған жерінен, жолдағы кездескен қиындықтарды шешумен қатар, алушыға жетуін қамтамасыз етеміз. Барлық мүддесі бар клиенттерді сапалы ынтымақтастыққа шақырамыз!

Slide 4

«Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің «Қазтранссервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының барлық құқығы мен міндеттерін алушы Қазақстан темір жолы әкімшілігінің контейнер паркінің операторы - «Қазтранссервис» акционерлік қоғамы 1999 жылы негізін салды.

Қазіргі уақытта «Қазтранссервис» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында контейнер паркі мен фитингті платформасы бар ірі иелердің бірі. Клиенттер қажеттілігін қамтамасыз ету үшін компанияның Қазақстан аумағында 3 бөлімшесі мен 18 агенттігі бар, сонымен қатар, ҚХР өкілеттігі жұмыс істейді. Компанияның мүліктік кешені орта тонналық және көп тонналық контейтерлерден ғана тұрмайды, өндірістік орындар мен жақындау жолдары мен тиеу- түсіру және көліктік тасымалдау құралдарынан тұрады, бұл «басынан аяғына дейін» жүкті тасымалдау қызмет кешенін атқаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманда компания Қазақстан темір жолдарында тасымалдау процесінде басты орындардың бірін алып отыр, ТМД, Азия, Еуропа елдерімен өз серіктестіктігін дамытады, арлы, барынша ашық ұстанымдары негізінде сенімді және қажетті серіктес имиджіне ие болды.

«Қазтранссервис» АҚ басты мақсаты - Компанияның кешенді дамуы, жоғары дәрежелі экономикалық пайдалы, бәсекеге қабілетті контейнерлерде жүк тасымалдауды қамтамасыз ету және контейнермен жүк тасымалдаудың ішкі және сыртқы нарығының қажеттілігін қанағаттандыру екенін атап өткен жөн. Компания клиеттерінің ішіне Қазақстанның ірі индустриалды өндірістерімен бірге кіші және орта бизнес ұйымдары кіреді. Компания серіктестері ТМД, Азия, Еуропа елдерінің ірі жүк тасымалдаушылары. Клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету, алдыңғы технологиялар мен инновацияларды енгізудің арқасында «Қазтранссервис» АҚ Қазақстандық және әлемдік сыйлықтардың жүлдегері болып отыр.

Қазіргі заманда «Қазтранссервис» АҚ төменгі функцияларды орындайды:

контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру;

контейнерлі пойыздарды бағыттау және жетелеуді ұйымдастыру;

жетелеуші транспорттық қызмет;

«Достық» стансасында контейнерлерді қайта тиеу; темір жол контейнер паркін шұғыл басқаруды қамтамасыз ету;

пайдалануға контейнер мен вагондар беру;

және тағы басқа.

Клиенттерге бағытталған компания негізінде «Қазтранссервис» АҚ басты мақсаты - контейнерлі тасмалдау ісінде клиенттердің қажеттілігін барынша қанағаттандыру, сапалы қызмет беру мен кең қызмет аясын көрсету.

Slide 5

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

1. "КТЖ" ҰК" АҚ маркетинг бойынша басқарушы директоры Әділ Болатұлы Ысқақов - Төраға

2. "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ активтерін басқару бойынша департамент директорының орынбасары Мереке Аманжолұлы Тұрарбеков

3. "КТЖ" ҰК" АҚ Қаржы Департаменттінің директоры Елена Ивановна Лепская

4. "Қазтарссервис" АҚ директоры Аскар Советбекович Сагындыков

5. Тәуелсіз директор Олег Петрович Каракчиев

6. Тәуелсіз директор Виссарион Валерьевич Ким

Slide 6

БАСШЫЛЫҚ

Cұлтанов Арман Тұрлыханұлы Президент

Байтуренов Марат Рымбайұлы Өнім жөніндегі вице-президент

Жаркенов Нұрлан Серікұлы Экономика және қаржы бойынша вице-президент

Кедельбаева Ажар Серікжанқызы Аппарат жетекшісі

Малдынов Алибек Валерьевич Атқарушы директор

Жұматаев Рүстем Нуркейұлы Атқарушы директор

Оразбаев Қайрат Мақышұлы Бас инженер

Кушумбаева Айна Зейноллақызы Бас бухгалтер

Slide 7

ТАРИХ

РМК 19. 11. 1999 ж. № 611 бұйрығы негізінде «Демалыс орны-Боровской рельс әзірлеу пойызы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Қазтранссервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорнына өзгертілді. Қайта құрылған «Қазтранссервис» ЕМК «Қазақстан темір жолының» контейнер паркі, темір жолдары мен жүк шаруашылығын пайдалану функциялары берілді.

1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 3-пр. бұйрығына сәйкес «Қазтранссервис» ЕМК бөлімшелері ашылды: Астана қаласында орналасқан «Солтүстік» бөлімшесі, Ақтөбе қаласында- «Батыс» бөлімшесі, «Оңтүстік» бөлімшесі- Алматы қаласында.

«Қазақстан темір жолы» РМК 27. 06. 01 ж. № 342-Ц бұйрығы негізінде «Қазтранссервис» ЕМК балансына 1061 дана құрамды вагон паркі берілді, оның ішінде контейнер тасымалдаушы- 491 дана, фитингті платформа- 570 дана. 2002 жылдың 21 мамырындағы ҚР Үкіметінің № 479 Қаулысына сәйкес «Қазтранссервис» ЕМК «Қазтранссервис» ашық акционерлік қоғамына өзгертілді. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес 2004 жылдың 01 сәуірінде «Қазтранссервис» ААҚ «Қазтранссервис» АҚ өзгертілді.

Slide 8

«Қазтрассервис» АҚ орталық аппаратын басқарудың ұйымдастырушы құрылымы

Slide 9

БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕР

Slide 10

СЕРІКТЕСТЕР МЕН КЛИЕНТТЕР

InterRail Holding AG

Трансконтейнер ААҚ

ТОО МЭК Транссистема

Interrailservices GmBh

Fesco Integrated Transport

Forcon LtdValmeca Universal S. A.

China Railway International Multimodal Transport Co.,

LtdBattal spol s r. o.

Slide 11

АКЦИОНЕРЛІ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР

Акционер: " КТЖ"ҰК"АҚ Қатысу мөлшері 100 % Бастапқы капитал мөлшері: 1175759000 теңге

ҚРЗ «Темір жол көлігі туралы», 8. 12. 2001 жыл N 266

ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы көлік», 21. 09. 1994 жыл N 156

ҚРЗ «Акционерлік қоғамдар туралы», 13. 05. 2003 жыл N 415

ҚРЗ «Бәсекелестік туралы», 25. 12. 2008 жыл N 112-IV

Slide 12

ТҚО

Ұсынып отырған транспорттық қызметтің сапасын жетілдіру мен аясын кеңейту мақсатында 2008 жылы «Қазтранссервис» АҚ транспорттық қызмет орталықтар жүйесі ұйымдастырылып, Алматы, Астана, Ақтөбе қалаларында өз жұмысын жандандыруда (әрі қарай- ТҚО) . ТҚО басты мақсаты - клиеттің күші мен уақытын үнемдеу үшін кешенді және сапалы транспорттық қызмет көрсету.

ТҚО басты функциялары:

«бір терезе» қағидасы бойынша тасымалдауды, құжаттарды рәсімдеу мен есептесуді өткізу;

контейнермен жүк тасымалдауды жоспарлауды рәсімдеу;

автокөлікті пайдалану арқылы «басынан аяғына дейін» жүкті жеткізуді ұйымдастыру;

кеңейтілген қызмет тізімдемесі;

«Қазтранссервис» АҚ маркетингтік саясататын жылжыту;

ТҚО ұсынған барлық қызмет түріне келісімдер рәсімдеу.

ТҚО мақсатын жетудің басты жағдайы- Тұтынушыға ұсынып отырған қызмет кешенін орындағаны үшін ақыны төлеу барысында «Қазтранссервис» АҚ міндеттерді сапалы және кепілді орындауы.

Slide 13

ЖӨНДЕУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Қазтранссервис» АҚ жөндеу цехтары бойынша ақпарат

Контейнер паркінің техникалық жағдайын қалыпты ұстау мақсатында «Қазтранссервис» АҚ Түркістан және Семей қалаларында контейнер жөндейтін екі цехы бар, сонымен қатар, Тюра-Там, Жилаево, Астана, Көкшетау және Шымкент стансаларында контейнер жөндейтін пункттері орналасқан.

Түркістан стансасындағы жөндеу цехы жерде жүретін орта тонналы контейнерлерге, 1А, 1АА, 1С және 1СС түрді көп тонналы контейнерлерге техникалық куәландыруымен барлық жөндеу жұмысын жүргізуге арналған (Ресейдің теңіз көлігі регистрімен 15. 04. 2008 ж. берілген №08. 00015. 044 «Контейнерлерді жөндеуге құқылы кәсіпорынды растау куәлігі» ) .

Цехтың жылдық қуаты - 1000 көп тонналы контейнерді жөндеуден өткізу.


Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz