Мақыш Қалтайұлы



Мақыш Қалтайұлы
(1869-1916)
Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін меңгеріп,
көптеген жылдар бойы бала оқытқан.
Қазан қаласынан Мақыштың өлең кітаптары басылып шықты:
- “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы”
(1907 ж. татар тілінде, 1909 — 10 жылы қазақ тілінде)
- “Біраз ғибрат сөз” (1910)
- “Қазақтың айнасы” (1910)
- “Насихат қазақия” (1911)
- “Бар оқиға” (1912)
- “Тура жол” (1912) атты өлең кітаптары басылып шықты.
Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік
жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-
білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы
жағынан діни- ағартушылық пікірі басым болды.
Қалтайұлының кітаптары діни-дүниетанымдық сипатта
болғандықтан, кеңес дәуірінде ұмыт болған-ды. Мақыш
өзінің терең ой-толғаныстарында, философиялық
өлеңдерінде келешекте қазақ халқы бостандыққа,
тәуелсіздікке қол жеткізетінін, Сарыарқа жері Абылай
хан мен Кенесары заманындағыдай қазақ
мемлекеттігінің орталығы болатынын болжады.
Кетер бір заман шексіз бұл ақ қарлар,
Жылынар күн, болар желсіз шуақтар.
Көре алмаспын мен ол қардың кеткенін,
Болмаса халіме бір шипа хақтан.

Кетер боран, аяз бен жел, суық та,
Жауып жаңбыр, жері көктер жуықта.
Жасыл мақпал кілем болар қара жер,
Болармын мен көрде ол уақытта.

Болар дүние ол уақытта бір жеміс бақшадай,
Ағар сулар сылдырап, төгілген ақшадай.
Шаттықпен қызық көріп жүрер әркім,
Ол күнде тек болсын менің қабірім сарай.

Өсер, көктер жер үстінде толқындап,
Сайрар құстары неше түрлі менмұндап,
Болар ол күнде әркімге бостаншылық.
Тек мен жатармын топыраққа былғанып...

Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Коммерциялық банктердің операциялары
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
ҚР-дағы лизингтік қызмет және оның дамуы
БАНКТІК ТӘУЕКЕЛ
Х­ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Ақша
Банктердің жүргізетін операциялары
Ұлттық банк
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz