Теодолит құралы, түрлері,құрлысы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» КАФЕДРАСЫ

СӨЖ
Тақырыбы: «Теодолит құралы, түрлері,құрлысы»

Дайындаған: Несіпханов М.А.
Тобы: ГК - 507
Тексерген: : Оразбекова Г.Б
.
ЖОСПАР:
Кіріспе
Теодолит деген не?
Теодолиттің жіктелуі
Оптикалық теодолиттер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Теодолиттiң лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегi бар, оның қиғаш
шетiне Оº-тан 360º-қа дейiнгi бөлiктер түcipiлгeн. Лимбаның үстіндe тік сызықтың
төңiрегiнде айналатын теодолиттiң жоғары бөлiгi орналыстырылған, бұл бөлiктiң
iшiнде алидада жане дүрбi (4) бар. Дүрбi тұғырыққа (2) горизонталь болатын НН1
осінің төңірегінде айналғанда , оның колимациялық деп аталатын жазықтары
түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек , бұл арада алидаданың
ҒҒ1 айналу осі аспаптың негiзгi немесе вертикаль oci деп аталады. Лимба мен алидада
алидадаға бекiтiлген металл қаптамамен жабылған. Теодолиттiң негiзгi oci цилиндрлiк
деңгей (5) арқылы үш көтеру винттерiнiң (1) көмeгiмeн вертикаль жағдайға келтiрi
ледi. Heriзiнде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрiздi жасалған; ол вертикаль
бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеугеарналған. Егер теодолитке окуляр жағынан
қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбiнiң оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін. Бiрiншi
5 орны «оң дөңгелек» (OD), екiншici - «сол дөңгелек» (CD) деп аталады. Теодолит
буссоль, штатив және тiктеуiштен тұрады. . Теодолиттің айналатын бөліктерін
қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу
айналдыру микрометрлік (жетекші) винттерімен жасалады.
Теодолит
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді
тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда
көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін геодезиялық
аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі,
градусталған екі — вертикальды (тік) және
горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады.
Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды
бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап
арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь
координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады.
Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге
ыңғайлы.
Негізгі түрлері:
Oптикалық және электронды. Соңғысын алғашқыда көптеп
шығарған, сапалы, оңай болғанмен бағасы жоғары болғандықтан тез
қолданыс аясы азайды. Қазір оптикалық теодолиттер кең тараған.
Теодолиттің жіктелуі

Дәлдігіне қарай жоғары Санақ құрылғысына
дәлдікті (Т1), дәл (Т2, Т5) байланысты:
және техникалық (Т15, Т30, верньерлік және
Т–60). оптикалық болып
Мұндай классификация бөлінеді.
Ресейді қабылданған және
Беларуссияда көп
қолданылады.
Теодолиттер құрастырылуына қарай верньерлік және оптикалық болып
бөлінеді, олар өз кезегінде қайталанатын және қайталанбайтын болып
жіктеледі. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әр
қайсысыны ң қысып коятын ж әне жетекші
бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал
қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда
лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жа ғына бұрылады

Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа
бөлінеді: Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық
жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі
және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде
бұрыштарды өлшеуге арналған.
Теодолиттердің негізгі осьтері мен
бөлшектері

ZZ' – теодолиттің вертикаль айналу
осі;
ТТ ' – көру дүрбісінің айналу осі;
VV' – цилиндрлік деңгейдің осі;
VV' – көру дүрбісінің нысаналау
(визирлік) осі;
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты:

а) бағалау ммкроскобы; ә-) шкапалы микроскоп; б) оптикалық
микрометрлер
Көлденең дөңгелектің тік осьтері конструкциясына байланысты:
Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады,
әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары
болады. Оларға ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады.
Қайталанбайтындарға 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда
лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.
Негізгі бөлшектері мен олардың қызметі

o Көлденең және тік шеңбер – көлденең және тік бұрыштарды өлшеу
үшін. Құрылымы: лимба – 0˚тан 360˚-қа дейінгі бөліктері бар
шеңбер, алидада –есеп алу құрылғыларының элементтері орналасқан
аспап бөлігі.
o Дүрбі – нысананы нысаналау және көлденең шеңбердің
жазықтығына өлшенетін бұрыш жақтарын жобалау үшін.
o Цилиндрлік деңгей – аспап осьтерін тіктеуіш жағдайына келтіру
және жұмыс барысында осы жағдайдың қалыпты болуын бақылау
үшін
o Тұғырық- үш көтергіш винттері бар тұғыр.
Тіктеуіш – жіп немесе оптикалық құрылғы арқылы бұрыш шыңның
аспаппен центрлеу
Жетекші винттер – бекіткіш винттермен қатар жұмыс жасайды
және нысанаға дәл келтіру қызметін атқарады.
Юстировкалау внттері – аспаптың қателіктерін түзету үшін
(цилиндрлік деңгей мен дүрбіні)
Есеп алу құрылғысы – шкалалы микроскоп
Кремальера – дүрбіні фокустау үшін
Стан винтті – теодолитті штатив устелңне бекіту үшін
а-суретіндегі тзо теодолитінің есеп алу тетігі бағалау
микроскобы да, ә-суреттеріндегі 2т30 теодолитінде шкалапы
микроскобы бейнеленген
Теодолиттен есеп алу құрылғылары

Теодолиттен есеп алу дегеніміз -лимб нөлдік штрихымен есептеу индексі
арасындағы доғаның мәнін анықтау. Есеп индекстері микроскоп ішіндегі шыны
пластинкаларға сызылған.
Қазіргі уақытта ТЗО теодолитті жаңа моделі 2Т30 теодолитімен ауыстырылған,
ол негізгі теодолиттен горизонталь және вертикаль дөңгелектер шкаласының
бағалау бөлігі 5'-тік шкалалық микроскоптың қолданылуымен ерекшеленеді.
Есептеулер бұл кезде шкала бөлігінің ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен 0,5'-қа дейін
жүргізіледі. 2, ә-суретте горизонталь дөңгелектегі есеп 125°06'-қа, ал вертикаль
шкаласындағы есеп-0°26'-қа тең. Вертикаль дөңгелек шкаласының таңбалары "+"
және "-" екі қатар цифрлары болады. Шкаланың таңбасы "+" лимб штрихы
қиып өтсе, шкала жазулары солдан оңға өседі. Егер лимб штрихының таңбасы "-"
болса, онда шкаланың төменгі жазулары оңнан солға қарай өсетін цифрлар
қолданылады. Осылайша вертикаль дөңгелектей есеп "-0°26' тең болып тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі
масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш елшейтін
геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған
екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады.
Негізгі түрлері: оптикалық және электронды. Соңғысын алғашқыда көптеп
шығарған, сапалы, оңай болғанмен бағасы жоғары болғандықтан тез
қолданыс аясы азайды. Қазір оптикалық теодолиттер кең тараған.
Теодолиттер құрастырылуына қарай верньерлік және оптикалық болып
бөлінеді, олар өз кезегінде қайталанатын және қайталанбайтын болып
жіктеледі.
Дәлдігіне қарай жоғары дәлдікті (Т1), дәл (Т2, Т5) және техникалық (Т15, Т30,
Т–60).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Спиридонов А.И., Кулагин Ю.Н. Справочник-каталог геодезических приборов. –М.:
Недра, 1984.
Савиных В.П., Ященко В.Р. Геодезические и фотограмметрические приборы. – М.:
Недра, 1991.
Спиридонов А.И., Кулагин Ю.Н., Кузьмин М.В.Проверка геодезических приборов. –
М.: Недра, 1981. – 59 с.
Кузнецов П.Н., Васютинский И.Ю., Ямбаев Х.К. Геодезическое инструментоведение.
–М.: Недра, 1984.
Захаров А.И. Геодезические приборы. Справочник. –М., Недра. 1989.
Федоров В.И., Шилов П.И. Инженерная геодезия. М.: Недра. 1982.
Х.К.Ямбаев. Специальные приборы для инженерногеодезических работ. –М.: Недра,
1990 г.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Электронды теодолит
Аспаптар теодолит
РАДИОЗОНД ЖАПОНИЯ
Геодезиялық аспаптармен жұмыс істеу ережелер
Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы
Нивелирлер мен теодолиттердың жіктелуі
Құрылғы құрлысы
Геодезиялық құралдардың техникалық сипаттамасы. Теодолит
Тахеометрлі түсіріс
Билік саяси феномен ретінде
Пәндер