Автогрейдер



Грейдер (ағылш. grader, grade - тегістеу, түзеу) - алаңдар мен еңістерді жайғастыру (планировка) және профильдеуге, грунт, қар және борпылдақ құрылыс материалдарын тегістеу мен жылжытуға арналған тіркелмелі немесе өзі жүретін машина.

Өзі жүретін грейдерлерді автогрейдер деп атайды.
Автогрейдер - жол жабынын талқандайтын қосалқы құрылғысымен жабдықталған және бульдозердің, қар тазалағыштың және т. б. ауыстырмалы аспабы бар өзі жүретін дөңгелекті жол құрылысына арналған машина.

Бульдозер -аспалы жұмыстық тетігі - қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор немесе сүйреткіш.


ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho - тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) - тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т. б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.


Доңғалықты трактор-доңғалақ тәрізді козғағышы бар трактор; келіктік жылдамдыгы жоғары және металл сыйымдылығы аз болады

Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары - жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері - ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.

Трактордың механизмдері мен жабдықтарына:
күштік қондырғы,
күштік беріліс,
жүрістік бөлік,
қаңқасы,
басқару механизмі,
кабина
электр жабдықтары жатады.

Бу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.

Қолданылған әдебиеттер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 VIII том
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д,, профессор Е. Арын - Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
http://www. cbs-atyrau. kz/uploads/2011/08/1. 01. 32-2005. pdf
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz