ДНҚ репликациясы


Slide 1

ДНҚ репликациясы

Кез келген клетка бөлінер алдында оның ДНҚ молекуласы екі еселенеді және соның нәтижесінде ұрпақ клеткалары алғашқы аналық клеткадағыдай ДНҚ молекуласына ие болады. Олай болса, бөлінетін клетканың ДНҚ-сы дәл өзіне ұқсас тағы бір ДНҚ молекуласын қалай жасайды?

Slide 2

Тұқым қуалау ақпаратының жалпы берілу типінің көрінісі:

1. ДНҚ ->ДНҚ(репликация)

2. ДНҚ ->а-РНҚ(транскрипция)

3. а-РНҚ ->белок

(трансляция)

Slide 3

ДНҚ молекуласының екі еселену процесін репликация деп атайды. Репликация бірлігі-репликон, өздігінен репликацияланатын генетикалық элемент. Оның құрамында инициациялық учаскесі және репликация процесіне қатысатын белоктардың синтезін бақылайтын гендер орналасқан. Репликация- аса күрделі биохимиялық прцесс. Бұл процеске генетикалық ақпараттың өте дәлдікпен көшірілуін, ДНҚ тізбектеріндегі қателіктерді түзетіп, алмастыруды және рекомбинациясын қамтамасыз ететін көптеген белоктар(ферменттер) қатысады.

Slide 4

1940ж Л. Полинг пен М. ДЕльбрюк ген (ДНҚ) өзінше бір бейненің қалыбы секілді деген тұжырымы-Уотсон мен Крик көрсеткен репликациясының бастамасы.

1953 жылы Дж. Уотсон және Ф. Крик ұсынған ДНҚ құрылымының үлгісі генетикалық хабардың кодын, мутациялық өзгергіштіктің және гендердің көшірмесінің алынуын түсінуге мүмкіншілік берді.

Slide 5

Г. Стент ДНҚ-ның екі еселенуінің үш түрін ұсынды:

1) консервативті

2) жартылай консервативті

3) дисперсиялық

Slide 6

2. ДНҚ репликациясына көптеген ферменттер мен ақуыздар қатысады.

Бір сағатқа жетпей-ақ E. coli жалғыз хромосомада негіздердің(оснований) 5 миллион жұбының көшірмесін жасайды және ұқсас 2 туынды(дочерние клетки) жасушаны құрастырады.

Адам жасушасы бірнеше сағатта бөлінеді және 6 миллиард негіздер жұбының көшірмесін жасайды.

Бұл үрдіс өте нақты, қателік тек миллиардқа біреу ғана жіберіледі.

ДНҚ репликациясына біршама фермент және басқа да ақуыздар қатысады.

Slide 7

ДНҚ молекуласының репликациясы нақты орынарда басталады- репликация басталатын нүктелерде (origin) .

Бактериалдық жасушада-бұл репликациялық ферментпен танылатын жалғыз ғана реттілік.

Бұл ферменттер шынжырды, репликациялық «көпіршік» түзе отырып, тарқадады.

ДНҚ-ң толығымен көшірмесі жасалғанша дейін репликация екі бағытта жүреді.

Slide 8

Репликация механизмі

Тірі организмде қос қабат спиральдың бөлінуі әртүрлі ферменттер және белоктар арқылы жүзеге асады. Репликация жүруі үшін біршама уақыт бөлінген бөлшектер бір-бірінен алшақ тұруы қажет. Бұл қызметті хеликаза атты АТФ-ке тәуелді ферменттер комплексі немесе белок rep орындайды. Хеликаза тікелей репликациялық айырдың алдыңғы ДНҚ молекуласының қысқа учаскелерін бөледі.

Репликациялық айыр-аналық ДНҚ молекуласының бір мезгілде тарқату және синтез процесі жүретін учаскесі.

Slide 9

ДНҚ молекуласының екі тізбегінде 5' : 3' бағытында синтезделеді. Жетекші тізбек екі еселеніп өседі, артта қалған тізбек қысқа үзінділермен (Оказаки фрагменттерімен) синтезделеді.

Хеликаза әсерімен қос тізбекті спиральды тарқату үшін энергия АТФ АДФ-ке және фосфатқа гидролизденгенде бөлініп шығады. Негіздердің әр тізбегін үзу үшін кемінде екі АТФ жұмсалады.

ДНҚ-байланыстырушы белоктізбектердің қайта қосылуына бөгет болады.

Slide 10

1. Артта қалған тізбек

2. Бастаушы тізбек

3. ДНҚ полимераза (polα)

4. ДНҚ-лигаза

5. РНҚ-праймер

6. Праймаза

7. Оказаки фрагменттері

8. ДНҚ-полимераза (polδ )

9. Хеликаза

10. ДНҚ байланыстырушы белок

11. Топоизомераза

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
ДНҚ полимераза
ДНҚ биосинтезі
ДНҚ - ның құрылысы
Репликация принциптері
Нуклеотид құрылысы
Мезельсон-Сталь тәжірибесі, прокариоттардың және эукариоттардың ДНҚ репликациясы, ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы
Прокариот ДНҚ - ның репликациясы
ДНҚ бөлімі
транскрипцияның молекулалық негізі
Клетка циклындығы ДНҚ репликациясының орны мен құбылыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz