Шойын




Презентация қосу
Шойын

Дайындаған:
Шойын
Шойын – темір мен көміртектің қорытпасы,
құрамында 2,14% С. Шойындардың құрамына
көміртектен басқа кремний, марганец, фосфор,
күкірт қоспалары кіреді. Шойынның қасиеттері
осы қоспаларға байланысты. Механикалық
қасиеттері және қолдану ауданы құрылымына
байланысты. Шойындар бірнеше түрлі болады:
ақ, сұр, жоғары берікті және соғымды.
Ақ шойын – барлық көміртегі (массалық үлесі
6.67) цементит түрінде болады. Бұл шойынның
беріктік, үйкеліске беріктік, қаттылық, морттық
қасиеттері жоғары болып келеді. Шойынның
морттық қасиеті құрамындағы көміртектің
мөлшерінің артуына байланысты болатқа өңдеуге
арналған. Ақ шойын соқаның пышағын,
диірменнің шарларын, соғылатын шойын алу
үшін қолданады. Ақ шойындар тез сынғыш, өте
қатты және морттылығы жоғары, кескіш
аспаппен жақсы өңделмейді, сондықтан ақ
шойын деталь жасауға қолданылмай қайта
өнделетін шойын ретінде, яғни, болат жасауға
қолданылады.
Ақ шойын (Белый чугун)
Сұр шойын (құймалы шойын) Шойынның көп қолданылатын түрі
«машина жасау, сантехникалық бұйымдар, құрылыс конструкциялары).
Сұр шойындарда көміртегі бос күйінде пластикалық
графит шойынның беріктігін төмендетіп, кесумен өңдеудің сапасын
жақсартады). Мұндай шойындардың құрамында графит болғандықтан,
сынығы сұр түсті болады. Бұл шойынды жайлап суыту арқылы
кристаллизация жолымен алады. Сұр шойындарда графит тілім
түрінде болады. Көміртегі мөлшері 2,2-3,7%. Сұр шойын арзан
құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жоғары құйылғыштық
қасиетері бар, кесумен жақсы өңделеді, тозуға төзімді, тербелмелі және
ауыспалы жүктеме барысында тербелістерді жою
қабілеті бар. Машина жасау өнеркәсібінде , құрылыста детальдарды
жасау үшін констукциялық материал ретінде қолданады.
Сұр шойын (Серый чугун)
Соғылатын шойын-өте тұтқырлы, оны ақ шойынның
қорытпасын күйдіру арқылы алады, яғни 950 С
температурада ұзақ тұрғызып, жайлап суытады.
Нәтижесінде графит үлпек түрінде болады. Бұндай түрдегі
шойын өте сапалы. Соғылатын
шойынды автомобиль,ауылшаруашылық және тоқыма
машиналары құрылысында кең қолданады. Одан тозу
жағдайында жұмыс жасайтын және ауыспалы жүктемелерді
қабылдауға қабілетті беріктігі жоғары
бөлшектерді жасайды. Мысалы, артқы көпірдің картері,
тежегіш колодкалар, алтылықтар т.б. Соғылатын шойындар
жоғары антикоррозиялық қасиеттермен сипатталады және
ылғалды ауа, газ және су ортасында жұмысқа пайдалануға
бейім.
Соғылатын шойын (Ковкий
чугун)
Беріктігі жоғары шойын-шойынды магний
элементімен модификациялау. Мұндай шойынның
құрамындағы графит шар түрінде болады. Айрықша
ерекшелігі: механикалық қасиеттері
(құрылымында графиттің шар түрінде болуы), жоғары
беріктігі және иілгіштігі. Осындай қасиеттерінің бар
болуына байланысты беріктігі жоғары шойын
көміртегілі болатпен бәсекеге түседі және соғылатын
шойын мен болаттан арзан. Беріктігі жоғары шойынның
механикалық қасиетері оны ауыр жағдайда жұмыс
жасайтын машина бөлшектерін
жасауға пайдалануға мүмкіндік береді.
Беріктігі жоғары шойын (Высокопрочный
чугун)
СЧ-серый чугун( сұр шойын) . Таңбалары: СЧ-
10(143-229); СЧ-15 (163-229); СЧ-20 (170-241); СЧ25
( 180-250); СЧ30 ( 181-255); СЧ 35 ( 197-269);
СЧ40(207-285) СЧ45 ( 229-289)- жақшаның
ішіндегі сандар- қаттылықтың сандық мәндері.
ВЧ- высокопрочный чугун ( беріктігі жоғары
шойын), КЧ- ковкий ( соғылатын шойын).
Таңбалары: Вч 38-17( 140-170); ВЧ42-12 (140-200);
ВЧ45-5 (160-220)- бірінші сан-созылу
барысындағы беріктік шегі, екінші сан –созылу,
жақшадағы қаттылықтың сандақ мәні).
КЧ-ковкий чугун(соғылатын шойын). Таңбалары:
КЧ30-6(163), КЧ33-8(163), КЧ35-10 (163) КЧ37-
12(163)- жақшадағы сандар қаттылықтың
сандық мәні .
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Домна шойыны
Шойын мен болат
Шойын және метал емес газ құбырлаы
Металдардың физикалық қасиеттері
Металдар мен бейметалдар қасиеттері
Металл емес материалдар
Қара және түсті металдарды халық шаруашылығында қолдану
МЕТАЛЛ МАТЕРИАЛДАР
Болат, шойын, түсті металл қортпасынан құйма жасау
ҚАРА МЕТАЛДАР ҚАРА МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Пәндер