Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: Майда еритін витаминдер. А, D, E, K витаминдері

Орындаған:

Топ:

Тексерген:.

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе.

Витаминдер туралы ұғым

Негізгі бөлім.

1. Витаминдер, олардың жіктелуі.

2. Витаминдердің құрылысы

3. Тағамдық қайнар көздері

Қорытынды.

Slide 3

Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.

Slide 4

Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.

Slide 5

Витаминдер

Майда еритін

Суда еритін

Slide 6

Майда еритін

Slide 7

А дәрумені-ретинол. Майда еритін дәрумендерге жатады. Ретинол циклды бір атомды қанықпаған спирттерге жатады.

А дәруменінің авитаминозы кезінде ксерофтальмия, көздің тұнық пердесінің құрғауы байқалады. А витаминінің 2 түрі бар А1 және А2

Slide 8 Slide 9

А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2, 5-10, 5 мг.

Slide 10

Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т. б. жақсы ериді. А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин) Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны - А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады) . Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада көрсетілген, яғни А2 витаминінің β-ионон сақинасында екінші қос байланысы бар

.

Slide 11

А витамині- организмнің өсуіне қатысады. А витаминінің жетіспеушілігі ішек аурулары мен респираторлық инфекциялардың қаупін 2-3 есеге жоғарылатады. Aдам қараңғыда көре алмайтын “тауық соқыр” ауруына шалдығады. А витамині(ретинол) -көздің көру қабілетін арттырады, терінің жаңаруына, зақымданған жері болса оның тез жазылуына әсер етеді, жас ағзадағы сүйектің қатаюына, бүйректі қорғауға ықпалы бар.

А витамині балық майында, сиырдың бауыры мен сары майда, жұмыртқа мен сүтте бар. А витамині каротині бар тағамдарды пайдаланғанда қалпына келеді. Каротин сәбізде, көк жуа, қызыл бұрыш, өрік, асқабақ пен қызанақта кездеседі.

Slide 12

А витамині (ретинол) .

Slide 13 Slide 14

D дәрумені-кальциферол. Д дәрумені стериндерге жататын, циклды қанықпаған бір атомды екіншілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, соңан соң қанға түсіп бауырға жеткізіледі.

Slide 15

Д витамині

Д витамині ( кальциферолдар) .

Кальциферолдар- антирахиттік витаминдер. Химиялық табиғаты бойынша олар стериндер тобына жататын циклды қанықпаған бір атомды екіншілік спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, сонон соң қанға түсіп, бауырға жеткізіледі. Балалар үшін Д витаминнің тәуліктік қажеттілігі 12-25 мкг, ересектер үшін ондаған есе аз. Д вит. көптеген жануар текетес тағамдарда (бауырда, сары май, сүт), өсімдік майларында, ашытқыда кездеседі. Балықтың бауырында Д витамні өте көп. Балаларда Д витамині жетіспеген кезде Д гиповитаминозы- рахит дамиды. Бұл аурудың негізгі белгісі- сәйкес симптондар арқылы көрінетін сүйек тканнің кальцификация пройестерінің зақымдалуы б. т. . Рахит кезінде қанда кальций деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйкелік- бұлшық еттік қозудың зақымдалуы орын алады.

Д витаминін мөлшерден тыс пайдаланған кезде витаминдік интокскация дамуы мүмкін, ол нәрестелерде сүйек тканінің жылдам кальцификациясы, краниостеноз белгілерінің дамуы, ал ересектерде- сүйек тканінің деминерализациясы белгілірімен және сынғыштығымен және қанда кальций мен фосфаттардың деігейінің артуымен және соның салдарынан ішкі мүшелерде кальцинаттардың түзілуімен сипатталады.

Slide 16

Д витамині ( кальциферолдар) .

Эргостерин

D2 (эргокальциферол)

7-Дегидрохолестерин

D3 (холекальциферол)

Slide 17

Балаларда Д дәрумені жетіспегенде рахит пайда болады. Рахит кезінде кальций мен фосфордың алмасуы бұзылады. Остеомаляция дамиды. Рахит кезінде сүйектің түзілу процесінің бұзылуы тістің өсуіне, алғашқы тістің пайда болуы мен дентиннің дамуы, тістері дұрыс пішінді болмай өсуіне зиянын тигізеді. Тәуліктік қажеттілігі балалар үшін 12-25мкг, ересек адамдар үшін 12 мкг жеткілікті. Жануар текті өнімдерде, Д3 дәрумені, сары майда, бауырда болады.

Slide 18

Д витамині(рокальтрол, вигантол) -фосфор- кальцийлі алмасуды күшейтеді, сүйектің минералдануы мен қатаюына ықпалы бар. Мешелге қарсы қолданылады.

Д витаминін жұмыртқаның сары узы мен сүт, балық арқылы пайдаланамыз. Күннің астында 10-15 минут жүргеннің де пайдасы бар.

Slide 19 Slide 20

К дәрумені-К дәруменінің 3 түрі:К1, К2, және К3 дәрумені болады. К1 дәруменін жоңышқадан, К2 д-н шіріген балық ұнынан бөліп алынған.


Ұқсас жұмыстар
Витаминдерге жалпы сипаттама
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биологиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К туралы
Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері туралы
ВИТАМИНДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Д’’ ДӘРУМЕНІ
Фолациндер алмасу коферменті
Сырт көрінісі сары май түсті зат
Құрамында май, май тәріздес заттары
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz