Балалардың керек-жарақтарына қойылатын гигиеналық талаптар
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
“Гигиена-1” кафедрасы
Тақырыбы: “Балалардың керек-жарақтарына қойылатын
гигиеналық талаптар”.
Орындаған: Туртаев М
Тобы: 401- КДС
Қабылдаған: Долтаева Б.З
Ойыншықтарды, киімдерді, аяқ киімдерді санитарлық қадағалау.Далее
Балалардың күнделікті қолданылатын заттарына ескертпелі санитарлы
қадағалауға жаңа шығарылуы тиіс заттарға, оларды өндіріске қою алдында
санитарлық баға беру жатады. Оны медицина институттарының, ғылыми-
зерттеу институттарының, ірі санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың
санитарлық-гигиеналық және санитарлық-токсикологиялық
лабораторияларында органолептикалық, санитарлық-химиялық, физикалық,
токсикологиялық, микробиологиялық әдістерді қолданып жан-жақты
тексереді. Балалар заттарына ағымды санитарлық қадағалауды санитарлық-
эпидемиологиялық станция қызметкерлері жүргізеді. Оның негізгі мақсаты
шығарылатын балаларға қажетті заттардың техникалық жағдайға және
мемлекеттік стандартқа сай келуін, оларды тасымалдау, сақтау және сату
орындарының санитарлық талапқа жауап беруін қадағалау болып табылады.
Шет елдерден тасымалданатын балалар ойыншықтарына СЭС сапа
сертификатын береді. Санитарлық сараптау барысында жаңа ойыншықты
жасауға арналған материалдың және бояудың қолдануға рұқсаты бар –
жоқтығын анықтайды. Ойыншықтың сырт көрінісіне, иісіне, жұмсақтығына
көңіл аударады. Қолданылған бояғыштардың ойыншыққа жабысу дәрежесін
анықтайды. Сондықтан оны сабынды жылы сумен жуып, дезинфекциялық
ерітіндімен өңдейді.
Ойыншықтар балалар денсаулығына зиянсыз Далее
болуы тиіс. Оның өткір бұрыштары немесе қолға
қадалатын өскіндері болмауы керек. 3 жасқа
дейінгі балалар үшін ойыншықтың салмағы –
100 гр, 7 жасқа дейінгі балалар үшін – 400 гр, ал
10 жасқа дейінгі балалар үшін – 800 гр, аспауы
керек. Қолданылған электр қуаты 200 В, ал оның
шығаратын шуы 65 ДБ аспауы тиіс. Егер
ойыншықтан зиянды заттардың бөлінуі
байқалса, оны санитарлық-токсикологиялық
лабораторияның тексеруіне жібереді.
Далее
Киімдер мен аяқ киімдерді гигиеналық тұрғыдан
Далее
бағалау да оның сырт көрінісін анықтаудан басталады.
Оның қалыпты-техникалық құжаттарға сай келуін
анықтайды. Оның ішінде материалдың құрамындағы
синтетикалық және химиялық жіптердің пайыздық
шамасы, балалардың жасы мен жынысы, жалпы өндіру
мақсатына, жыл мезгіліне, климаттық жағдайларға,
жууға және тазалауға жарамдылығына көңіл бөледі.
Балалар киімі мен аяқ киімін жасау үшін тек
мемлекеттік санитарлық инспекциясы рұқсат еткен
материалдары қолданылады. 4 жасқа дейінгі
балалардың киімдеріне синтетикалық және ацетаттық
жіптер болмауы тиіс. Одан жоғарғы жастағы балалар
киімдерін каптовскозды және мақта-лавсан жіптерінен
тоқылған матадан тігуге болады.
Далее
Алайда, жіптердің құрамындағы лавсан және капрон
жіптерінің көлемі жалпы қолданылған материалдыңДалее
40% аспауы қажет. Егер киім мақта-қағаз және капрон
жіптерінен тоқылған матадан жасалса, онда оның
құрамындағы капрон жіптерінің пайыздық шамасы 28%
аспауы керек. Киімнің үшінші қабатының матасында
50%-дан 100% дейін синтетикалық және жасанды
жіптерді қолдануға болады. Киімді жылы ететін қабатты
4 жасқа дейінгі балалар үшін тек табиғи
материалдардан, ал одан жоғарғы жастағы балалар үшін
50% синтетикалық материалдан жасау қажет. Киімнің
астына салатын мериал тек табиғи материал болған жөн.
Далее
Балалардың аяқ киімін тігу үшін табиғи, жасанды және
синтетикалық материалдар қолданады. Аяқ киімнің негізгі
Далее
табиғи материалдар болуы тиіс. Ал оның сыртын әрілеу
үшін синтетикалық және жасанды тері қолданылады. Аяқ
киімді қалыңдатып жылыту үшін табиғи немесе жасанды
жүн пайдаланады. Жасанды жүнді тек 6 жастан бастап
қолдануға болады. Аяқ киімнің табаны теріден болуы тиіс.
Жылы аяқ киімнің табаны резина мен киізден жасалуы
мүмкін. Балалардың табаны ересек адамдардың табанынан
өзгеше, балалар өкшесі мен табанның алдыңғы жағынан
арақатынасына байланысты. Балалар табанының өкше жағы
ұзындау келеді. Аяқ киімнің шамадан тыс қатты немесе
жұмсақ болуы жалпақ табандылыққа алып келуі ықтимал.
Мектеп жасына дейінгі балалар аяқ киімі өкшесінің биіктігі
5-10 мм, 8-12 жастағы балалар үшін 10-20 мм, 13-17
жастағы балалар үшін 20-30 мм.
Далее
Аяқ киімнің асты қысып, оның қан немесе лимфа
айналымын нашарлатпау керек. Балалар аяқ киімінің
Далее
өлшемін балалар табанының ұзындығына 10 мм қосу
арқылы анықтайды. Резинадан жасалған аяқ киімді (етік
немес кроссовка) үнемі киіп жүруге болмайды. Оның
жан-жақты бітеу болуы аяқтың терлегіш болуына және
оның патологияға айналуына алып келеді. Аяқ киім
аяққа шақ және жайлы болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі
баулар, белдіктер, сырмақтар қолданады. Баулары жоқ
аяқ киімдер аяқты тез шаршатады. Сондықтан ондай аяқ
киімді үнемі киіп жүруге болмайды.
Далее
Балалардың кітаптарына Далее
қойылатын гигиеналық талаптар
Балалар ес білгеннен бастап,кітаптарына
Балалардың белгілі көлемдегі ақпаратты
қабылдап, түсіне білуі қажет.
қойылатын Білімді меңгерудің
гигиеналық талаптар жаңа жолдары
мен хабар алудың жаңа құралдары пайда бола бастағанымен
ақпарат алудың негізгі көзі кітап болып қала береді.
Мектеп оқушыларында жақыннан көргіштік дамуы көптеген
факторларға байланысты болатынын, әсіресе, оқулықтар мен
балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз
заманында Ф.Ф.Эрисман атап көрсеткен болатын. Бұл жағдай
офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да
айтылады. Сондықтан, кітаптың өзі де, оқу процессі де
регламенттеуді қажет етеді.
Далее
Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға
Далее
санитарлық бақылау екі бағытпен (басылып
шыққанға дейін және басылып шыққаннан
кейін) жүргізіледі:
Әрбір оқулықтардың басылымын, олар
көптеп шығарылғанға дейін өндірістік
мамандардың іріктеп тексеруі (жағдайлары
толық көрсетілген техникалық құжаттар);
Басылымнан шыққан оқулықтарға
гигиеналық сараптма жасау үшін, таңдап,
іріктеп алу;
Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылатын
гигиеналық талаптар, балалардың көз Далее
анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген.
Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі
жағдайдан тұрады: көріну жағдайы және оқуға
қолайлылығы. Текстің көрінуі қағаз бен баспаның
сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы -
баспа белгілерінің размеріне, олардың түсіне, баспа
бояуларының суретіне және теріп алынған әріптердің
орналасу жағдайына байланысты болады.
Сонымен, оқулықтың гигиеналық сипаты - қағаздың,
баспаның, шрифтің, баспа жиынтығының, форматтың
және кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға
беруден тұрады.
Далее
Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен
фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті
Далее
болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш
түсті болуы керек. Сөйлем мәтіндері қағаздың екінші
беттегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек.
Қағаз беті тегіс және жарықтың шағылысуына кедергі
келтірмейтіндей өте жылтырамауы керек. Кедір-
бұдырлы жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ
уақыт бойы сақталатын патогенді микроорганизмдерді,
органикалық лас заттарды өзінде ұстап қалады.
Арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы туберкулез
таяқшаларының кітап беттерінде 5 айға дейін, дифтерия
қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық
стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатындығы
анықталған.
№1 типографиялық және №1, №2 офсет қағаздары гигиена
тұрғысынан ең жақсы болып есептеледі. №2 тифографиялық Далее
қағазды қолдануға болмайды. Оқулықтарды №3 типографиялық
қағазда және газетке арналған қағаздарға басып шығаруға тиым
са-лынады.
Оқулықтардың басылымы айқын, біркелкі, анық көрінетін, қою
қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен
ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп көрсету және формулалардың
элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға
болады.
Оқу процессі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас
ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің
нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық-
педогогикалық талаптарға сәйкес, арнаулы шрифт: келбетінің
қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының
өлшемдерінің жеткіліктілігі, түр түсінің қанықтығы қажет
екендігі анықталды. Осы талаптарға ең жоғарғы дәрежеде,
рубленная (кертік) гарнитура сәйкес келеді екен.
Далее
Азбука әріптерінің әліппе әріптерінен айырмашылығы
штрихтары өте жуан және әріптер аралықтарының Далее
жақын орналасуында. Бірінші сынып оқушыларының
оқулықтары мен әліппесі үшін, әліппелік немесе
журналдық кертіктік гарнитурасын алған жөн.
Кейінгісін бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін
арналған оқулықтарға да қолдануға болады.
Екінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейінгі
оқушыларға арналған оқулықтарға мектептік
(школьная) гарнитура қолданылады. Оның кертіктік
гарнитурадан айырмашылығы штрихтарының
жіңішкелігінде және әріптердің аяқ жағында онша анық
емес кертік таңбалары болатындығында. Әріптердің
шрифтері мектеп гарнитурасынан жіңішкелеу келеді.
Далее
Үшінші сыныптан бастап және одан жоғары сыныптарға
арналған оқулықтарда қосымша мәтіндерді (ескертпе, Далее
түсініктеме, көрсеткіштер, сөздіктер және т.б.) басу үшін көлбеу
типографиялық шрифті (курсивті) қолдануға рұқсат етіледі.
Өрнектелген шрифтерді оқулықтардың мәтінін басуда (жазу
үлгісінен басқа) қолдануға болмайды.
Шрифтердің биіктігінің де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда
оқушы жас болған сайын, шрифт ірілеу болуы керек деген
заңдылық байқалады. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп
қарастырады, сондықтан, оның жеке элементтерінің өлшемі және
әріптің өзінің тұтас алғандағы өлшемі жеткілікті болуы керек.
Сонымен қатар, жылдам көз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің
биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені бұндай жағдайда
оның өлшемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық
нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін төмендетеді.
Оқуға дағдылану қалыптасқан соң, үлкен шрифтерден кішісіне
қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын
азайтады.
Бірақ, бұдан кейінірек жүргізілген зерттеулер, шрифтің биіктігін
жас мөлшеріне байланысты бөлу қажеттігін көрсетті, жәнеДалее
бұл
ұсыныстардың бәрі ересектерге де арналатындығы анықталды.
Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль
типографиялық пунктпен өлшенетін литер ауданының биіктігі)
Әріп штрихтарының биіктігі сөйлем жолындағы "Н" - әрпінің
биіктігімен өлшенеді. Әліппеде ол 48 бен 20 кегль арасында
болады, немесе 8 ден 3,5 мм дейін, бірінші сынып
оқушыларының оқулықтарында - 16 кегль (2,8 мм), екінші сынып
оқулықтары 16-14 кегль (2,3 мм) үшінші және төртінші сыныптар
үшін 14-12 кегль (2,0 мм). Бесінші сыныптан бастап жоғары
қарай оқулықтың негізгі текстінің шрифтері 10 кегль (1,75 мм)
болып келеді. Көзге үлкен жүктеме түсіретіндіктен және
оқушылардың тез қажуына әкеліп соғатындықтан,
гигиенистердің пікірі бойынша, жоғарғы сынып оқушыларының
өзіне 10 кегльден төмен шрифті қолдануға болмайды деп
есептеледі.
Одан ұсақ шрифтермен - петитпен (8 кегль) орта және жоғары
сынып оқушыларының оқулықтарында қосымша мәтіндерді Далее
басуға рұқат етіледі. Петитті оқулықтар тізімін жазғанда,
сөздіктер, нұсқауларды басқанда кеңінен қолдануға болады. 7-8
сыныптардағы тақырыптарға арналған мәтіндерді петит қолдану
арқылы 4 жолдан ар-тық басуға болмайды; ал 9-10 сыныптарға
арналған оқулықарда бір бетте 16 жолдан артық болмауы керек.
8-9 сыныптарға арналған оқулықтарға сұрақтар мен
тапсырмаларды, әрбір сұрақтың мәтіні екі жолдан, ал петиттің
барлық мәтіні - 16 жолдан аспаған жағдайда баспаға петитті
қолдануға рұқсат етіледі.
Сондықтан оқу дағдысы аз төменгі сынып оқушылары үшін 20,
16, 14 кегльден тұратын ірі шрифтармен басылған оқулықтарда
сөйлем жолдарының ұзындығының ең қолайлы мөлшері 126-130
мм болып есептеледі, 5 сыныптан бастап 10 кегльден тұратын
шрифтармен басылған кітаптарда сөйлем жолдарының ұзындығы
113 мм бастап, 98-95 мм дейін азайтылады.
Далее
Осыған байланысты бастауыш және орта сыныптардағы мектеп
оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағаннан тұратын текст Далее
жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан
екіншісіне жиі көңіл аудару мектеп оқушыларында жылдам қажу
пайда болғызады. Екі бағанды баспаны тек қана 8-10 сынып
оқушыларына қолдануға және олардың ішінде, негізінен ұзақ
уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін (анатомия, физиология,
география және т.б.) оқулықтарға ғана рұқсат етіледі.
Оқулықтардың мәтінін үш бағанды баспамен басуға тиым
салынады.
Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптерінің
арасының өзара қашықтығының да (интерлиньяж және апрош)
маңызы өте зор. 1-4 сынып оқулықтарында интерлиньяж 2,8 мм,
жоғары сынып оқулықтарында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм,
5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек.
Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының
тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1 см2Далее
орында 10-15 белгіден көп болмауы керек.
"Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері"
оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған
түрлерінен басқа барлық түріне арналды. Оның
талаптарының сақталуын бақылап отыру, оқулықтар
басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет
ететін санитарлық-эпидемиологиялық станцияға
міндеттеледі. Баспадан шыққан оқулықтар "санитарлық
ереженің" талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол
оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым
сала алады, немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің
жұмысын тоқтатады.
Мектептің жазуға арналған құралдарына Далее
қойылатын талаптар
Мектептің жазу құралдары (қалам, қарындаш, дәптер,
сия) балалардың көру органдары мен олардың
жастарына сәйкес өте әлсіз келетін қолдарының ұсақ
бұлшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі керек.
Сондықтан, жуан немесе өте жіңішке қаламдарды
қолдану әріптердің дұрыс жазылуына кедергі келтіреді.
Далее
Өзегі шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде
берілетін қаламдардың ұзындығы 142-150 мм, диаметрі
Далее
8-10 мм, салмағы 10 граммнан артық болмауы керек.
Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетіні
гигиенистік зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда қаттылығы орташа
(М,ТМ) ұзындығы 170-180 мм, диаметрі 7-8 мм
қарындаштар мақсатқа сәйкес келеді. Мектеп жасына
дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қырлы
қарындаштарды қолдануға болмайды.
Қазіргі қолданып жүрген нормалық құжаттар бойынша
мектеп дәптерінің ені 170 мм, ұзындығы 250 мм болып
келеді. Дәптердің беттеріне түзу жолақтар сызылады
және ені 25-30 мм жиектік жолақ қалдырылады.
Далее
Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың
Далее
ұсақ бұлшық еттерінің қызметін
жеңілдетеді және жазу жылдамдығының
азаймауына мүмкіндік жасайды деп
есептелінеді. Дәптердің қағазы тығыз,
кедір-бұдырсыз жазық, ақ түсті және жазу
екінші жағынан көрініп тұрмайтындай
болуы керек. Оның бетіне жазғанда сия
жайылып кетпейтіндей болуы керек.
Сияның түсі күңгірт-күлгін түсті немесе
қара түсті болғаны дұрыс.
Далее
Кітаптар мен дәптерлерін тасу үшін оқушылар портфельдер Далее
мен папкаларды пайдаланады, бірақ, гигиеналық тұрғыдан
ранецтер (арқаға асылатын сөмке) дұрыс болып есептеледі.
Ранецтерды пайдаланғанда жүктеме біркелкі түсіп,
оқушының қолы бос жүреді және дененің симметриялық
жағдайы сақталады. Бастауыш мектептің бала-лары
міндетті түрде ранецтерды пайдаланғаны дұрыс. Олар,
материалдарына, өлшеміне, өңделуіне қойылатын
гигиеналық талаптарды ескере отырып жасалады. Ранецтың
салмағы - 500 гр, ені - 360 мм, ременнің ұзындығы - 85 см
және олардың жоғарғы бөлігінің кеңдігі 35 мм кем болмауы
керек.
Далее
Назарларыңызға
Рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz