Сеул. Болашақ қаласы




Презентация қосу
Сеул. Болашақ қаласы.

Орындаған:11А сынып
оқушысы Искакова Жадра.
Тарихы

• Қаланың алғашқы аты — Виресон, б. з. д. 370 жылдан
бастап Пэкче мемлекетінің астанасы
болған. Корё заманында Хансон деген атпен белгілі
болды. Чосон әулеті кезінде 1394 жылдан бастап Ханян деген
атпен астанасы болды. Корея Жапония қол астында кезінде
қала аумағында Кёнсон деген әкімшілік орталық
болды,Сеул деген аты тәуелсіз Кореяда 1946 жылы ғана нық
бекітілді.
Климаты
• Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты ел
аумағына ылғалды шығыс азиялық муссондық климат тән.
Жазғы муссон мол жауын-шашын әкеледі, оның 70%-ы
маусым мен қыркүйек аралығында түседі. Чеджудо
аралында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері
1500 мм-ге жетеді. Күшті нөсерлермен қоса, жаз кезінде
күшті ыстықтар да байқалады: 1943 жылдың тамызы мен
1994 жылдың шілдесінде ауа температурасы +40°С-қа
жеткен. Кыс кезінде суық, құрғақ ауа райы орнайды.
Корейлердің негізгі кәсібі — күріш егу. Бірақ оншақты
жылда бір рет болатын «құрғақшылық» (жылдық жауын-
шашын 1000 мм-ден кем жылдар) күріш шаруашылығына
зиянын тигізеді.
Сеул қаласының көрнекті
жерлері.
2009 жылы ашылған Ханган өзенінде салынған «Кемпірқосақ
субұрқағы» көпірі «Әлемдегі ең ұзын су бұрқақ көпірі» деген
атпен әлемдік Гиннес кітабына енгізілді. Су жоғарыдан төменге
қарай ағып, әр минут сайын 190 тонна су шығындалады.
Сеул қаласының Инсадон ауданында «Кимчхи әлемі» атты
көрме орталығы бар. Көрмеде тұздалған орамжапырақ
Корей еліндегі ең биік ғимарат 63 қабатты «Тэхан сэнмен»
сақтандыру компаниясының ғимараты. Оның биіктігі 249 метр.
1974 жылы ашылған 300 шақырым жер асты жолы мен 200
станциялы Сеул метросы Токио мен Нью-Йорк қаласындағы
метролардан кейінгі әлем бойынша үшінші үлкен метро.
Кенбоккун сарайы. Қаладағы бес сарайдың
бірі. Чосон әулеті заманының бас сарайы. Чосон
әулеті 14-20 ғасыларда Корей елін басқарды.
Сарайды әулет басшысы Ли Сон Ге салған. Ли Сон
Генің ықпалымен Корей астанасы Кенджу
қаласынан Сеул қаласына ауыстырылды.
Намсан тауы – Сеул қаласының нышаны. Шыңында
субұрқақтары, Сеул мұнарасы, ботаника бағы, кітапхана
орналасқан.
• Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ҚАЛАСЫ
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ТУРАЛЫ
Жаһандық урбанизация
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ, СИНГАПУР ЖӘНЕ ГОНКОНГ ҚАЗІРГІ ДАМУ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТ
ОҢТҮСТІК КОРЕЙ РЕСПУБЛИКАСЫ
Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы - корейлер
Математикалық жаттықтырушы. Үшбұрыш. Сөз құрастыр
Оңтүстік Корея
ЛОНДОН
Пәндер