Қойлардың он екі елі, аш және мықын ішектеріндегі лимфа ағысының гистологиялық құрылымы және ірі қара малдың тік ішек арқылы дене температурасын өлшеу әдісі


Slide 1

Кілегелейлі қабықтармен лимфаның түйіндерін зерттеу. Малдың дене қызуын анықтау Орындаған: Кереева Ү. ВС 315

Slide 2 Slide 3

Кіріспе

Қазіргі уақытта клиникалық лимфология, оның ішінде лимфа ағысын, лимфостимуляторлық және эндолимфалық әдістермен қатар, көптеген ауру сипатын анықтау мен емдеу кезінде қолданылатын лимфотроптық терапия өте қарқынды дамуда.

Slide 4

Қойларды жарып-сою кезінде алынған он екі елі ішек, ашішек және мықынішектен тұратын 7 кешенді мүшелерді Героттың көк массасының интерстициальдық инъекциясы, гематоксилин-эозинмен және Ван Гизон бойынша бояу әдісі арқылы дайындалған жаппай ағартылған препараттар мен гистологиялық кесінділерден лимфа ағысының ішкі мүшелік тізбегі анықталды. Ертеде алынған Д. А. Жданов, А. В. Борисов сияқты бірқатар авторлардың және қазіргі біздің зер- ттеу нәтижелеріміз бойынша алған ащы ішектің ішкімүшелік лимфа ағынының құрылысы туралы мәліметтерге сүйенсек: он екі елі, аш және мықын ішектерінің қабырғасындағы архитектоникасына сай, лимфа ағыны тізбегі лимфаны ішектің қабырғасының терең және беткей қабаттарынан әкететін, ішек бүрлерінің орталық лимфа тамырларынан, яғни торлана орналасқан ішектің кілегей, кілегейасты негізі, етті, сірлі қабықасты, сірлі қабаттарының лимфа капиллярларынан, сонымен қатар екі негізгі- кілегейасты және сірлі қабықасты лимфа та- мырларынан тұрады

Slide 5 Slide 6

Біз зерттеу барысында, ең алдымен, ащы ішек қабырғасының терең қабатында орналасқан лимфа капиллярларының микрото- пографиясына, олардың бездермен өзара байланысына назар аудардық. Сонымен қатар, осы орайда он екі елі ішек қабырғаларында лимфа ағынының, әсіресе, асқазаннан он екі елі ішекке өтетін тұсындағы құрылысы күрделі екенін атап кеткен жөн. Бұл бөлікте лимфа ка- пиллярларын инъекциялаған кезде қиындық тудырады, сәтті инъекцияланған препараттарда асқазаннан он екі елі ішекке өтер тұста кілегейлі және кілегейасты қабықтың лимфа капиллярлары торларының бір мүшеден екіншісіне ауысуы өте жақсы көрінеді. Он екі елі ішектің кілегей қабығындағы лимфа капиллярлары бүрлердің орталық лимфа тамырлары мен тегіс орналасқан лимфа капиллярларының торымен ажыратылады. Капиллярлардың диаметрі 25-30 мкм, ал ішек бүрлерінің орталық лимфалық тамырлары, әсіресе, тұйық тұстары сәл үлкенірек болып келеді.

Slide 7 Slide 8

Малдың дене қызуын өлшеу

Құрал- жабдықтар: ірі қара мал, вазелин, мал дәрігерлік термометр, спирт, мақта.

Малдың дене қызуын өлшеген кезде келесі қауіпсіздік сақтау керек:

- малдың мүйізіне, аяқтарына, құйрығына, тістеп алуына сақ болу;

- термометрмен өлшеу кезде малдың басын сәл бұрып, мүйізден ұстап басын көтеру керек;

- өте асау малдың танауына мұрындық кигізіп кояды;

Slide 9 Slide 10

Тік ішекке термометрді енгізер алдында:

- термометрді қарап, қағып сынап бағанасын 34-35 0 бөліміне түсіреді;

- термометрді спиртпен, сүртіп вазелинмен майлайды;

- термометрді оң қолда ұстайды;

- малға сол жағынан жақындайды;

- сол қолмен малдың құйрығын көтереді, оң жақа қарай бүрып, денесіне ұстап тұрады;

- оң қолмен жеңілдеп қозғалтып тік ішекке термометрді тереңірек кіргізіп, 10-15 минут ұстайды;

- уақыт өткеннен кейін термометрді жайлап алады;

- мақтамен тазалап, сынап бағанасын белгілейді.

Slide 11 Slide 12 Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың зәр бөлу жүйесінің анатомиялық, гистологиялық және функционалдық ерекшеліктері
Малдың дене тұрқысының индекстері мен өлшеу әдістері
Антропометриялық өлшеулер: бой, салмақ және дене температурасын өлшеу әдістері
Асқазан мен он екі елі ішек ойық жараларының асқынулары: диагностика, қан кетуді бағалау және хирургиялық ем
Ішек пен несеп-жыныс каналдарына жасанды тесік ашу және тік ішек арқылы операция жүргізу техникасы
Ірі қара малдың бронхопневмониясы: этиология, клиника, диагностика және емдеу
Ауыл шаруашылық малдарының кілегейлі қабықтары мен лимфа бездерін клиникалық зерттеу және дене қызуын өлшеу
Ірі қара малдың экстерьерін және конституциясын бағалау әдістері мен көрсеткіштері
Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және асқынулары
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезіндегі мамандандырылған мейіргерлік көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz