Жыныстық гармондар және олардың қызметі


Slide 1

СӨЖ

Орындаған: Жарасова Р.

Тобы: ВМ-503

Қабылдаған: Мухамадиева Н. Н.

Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Жыныстық гармондар және олардың қызметі.

Семей 2018 жыл

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жыныс гормондарын бөлетін жыныс бездері.

2. 2. Аталық жыныс гормондары.

2. 3. Аналық жыныс гормондары.

2. 4. Жыныс гормондарының әсері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Жыныс бездері:

Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді. Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.

Slide 4

Жыныс бездері:

Жыныс бездерінде жыныс гормондары және жыныс жасушалары түзіледі.

Жыныс бездері аталық және аналық жыныс гормондарын бөледі:

1. Аталық жыныс гормондары:

андрогендер;

2. Аналық жыныс гормондар:

- эстрогендер деп аталады.

Гормондардың екі түріде аталық және аналық бездерде түзіледі, бірақ еркек және ұрғашы организмінде олардың мөлшері әртүрлі болады.

Slide 5

Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі:

Нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал аталық организмде - сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин - сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.

Slide 6

Гормондардың әсер ету жолдары

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.

Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары - прогестерон, прогненол - ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген андрогендер фолли-кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жарылуын) реттеуге қатысады.

Slide 10

Аналық жыныс бездерінде эстрогендер және прогестерон түзіледі.

Эстрогендер: эстрон, эстриол, эстрадиол фолликулалардың дәнді қабығында және граафов көпіршігінде түзіледі

Прогестерон (гестогендер тобына жатады) - аналық бездің сары денесінде пайда болады, оның түзілуі менструалдық циклға байланысты.

Осы гормондардың бөлінуі аденогипофиздық гонотроптық гормондары мен реттеледі.

Slide 11 Slide 12

Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.

Жүктілік кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар жүктіліктің сәтті өтуі үшін қажет.

Slide 13

Аталық гормондар:

Андрогендер - аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналық, гормондар) түзіледі.

Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.

Slide 14 Slide 15

Аталық жыныс бездерінде (testis) ерлердің жыныс жасушалары (сперматозоидтар) түзіледі.

Аталық жыныс гормондары - андрогендер.

Олардың ішінде ең маңыздысы: тестостерон және андростерон.

Андрогендердің түзілуі аденогипофиздің гонодотроптық гормондарымен реттеледі.

Slide 16

Қорытынды

Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді. Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.

Slide 17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Сәтбаева Х. Қ, Өтепбергенова А. А, Нілдәбаев Ж. Б, . Алматы -2005

Агаджанян Н. А., Власова И. Г., Москва -2003

Коробков А. В., Чеснокова С. А., Москва-1996

Slide 18

Назарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Стероидты гормонының синтезі және олардың міндеттері. Менструальды фазалар бойынша эстрогендер мен прогестерондар қарым-қатынасы
ҚАН ПЛАСТИНКАЛАРЫ
Иммундық жауапқа қатысатын иммундық жасушалар
Бүйрекүсті без қыртысы
Қанның функциялары
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АТАЛЫҚ МАЛДЫҢ ЫҚПАЛЫ
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
Бүйрекүсті бездері
Аналық жыныс гормоны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz