ПСИХОАНАЛИТИК АЛЫҚ БАҒЫТ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫП:ПСИХОАНАЛИТИК
АЛЫҚ БАҒЫТ
ЖОСПАР

1. ПСИХОАНАЛИЗ ДЕГЕН НЕ?
2. ПСИХОАНАЛИЗДІҢ БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ПСИХОАНАЛИЗ
Психоаналитикалық бағыт. Психоаналитикалық зерттеулер тәуелділіктің
пайда болуын психосексуалды жетілудегі дефект ретінде түсіндіреді.
Сонымен қатар тәуелділік регрессия ретінде қарастырылады.
Қажеттіліктерін қанағаттандырмағандықтан жеке тұлға фрустрацияға
ұшырайды және өшпенділікпен жауап береді. Ал егер ол өз өзіне тұйықталса,
психикалық бұзылысқа ұшырайды.
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің

барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу
әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия биологияның ықпалына
айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен
дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән
механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр,
қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын
зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз
кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп
аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол
кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің
көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы
арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты.
Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Психоанализдің
Психоанализдің
басты ережелері
басты ережелері Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық
психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі көшірмесі
белгілейді.
Адамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның
иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары
қалыптастырады.

Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.

Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу
психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын
туғызады.
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және
нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы
пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар
келіп шығады.
Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны
(әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын
ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға
білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді,
көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай,
өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық
ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып
болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп
бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды
емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте
ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл
жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте,
философияда, психология ғылымында кең
көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ
елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмуін
туғызды.

Психоанализдің бейресми таңбасы
Өз (It)

Фрейд адам
психикасын

Мен (Eg) Жоғары мен
(Superego)
Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде
көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері,
құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану
ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол
мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған
құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз
бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл
құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты —
адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне
бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады.
Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін
тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді.
Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам
Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін

әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін
бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы Эдип
комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым
салынған ЛИБИДО импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар
көзі мен құпиясы есептеледі. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға)
ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші
жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі
арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға)
мүмкіндік береді.

Ұқсас жұмыстар
Назарларыңызға рахмет
Перинатальды психологтың анаға кеңес беру
Пластырлер түсінігі
Деректер базасы
Платонның шәкірті
Аристотель философиясы
Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау
Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді
Программаның даму тарихы
Табиғи бірігу арқылы сұрыптау
Пәндер