Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангитензинді жүйе


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангитензинді жүйе.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Антидиуреттік гормон

Альдостерон және ренин-ангитензин

Натрий-уретикалық фактордың қызметі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жасушалық деңгейде гормондардың әсер етуі 2 негізгі механизімі белгілі: жасуша мембранасының сыртқы қабатындағы эффектінің реализациясы, гормон ішіне енгеннен кейін реализация. Гормондардың биологиялық эффекті, рецептормен байланысатын, плазмалық мембранада орналасқан, бұл процесс екінші реттік өткізгіштік арқылы жүзеге асады оны мессенджер деп атайды. Оны атқаратын заттын жіктелуіне байланысты гормондарды бөледі:

Slide 4

1. биологиялық эффектіні көрсететін цАМФ гормоны. Оған: глюкагон, лютеин, ФСГ, ТСГ, кальцитонин, паратиреоидты гормон, антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин жатады

Slide 5

2. өз қызметін циклдік нГМФ арқылы жүзеге асатын гормон - азот тотығы

3. өз қызметін мессенджер арқылы жүзеге асырады олар - фосфатидилинозитол (инозитолтрифосфат және диацилглицерин) немесе екеуін де бірге. Оларға: антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин, ангиотензин ІІ, гонадотропин-рилизинг немесе люлиберин, тиролиберин жатады

Slide 6

4. өз қызметін каскадты, фосфатазаларды белсендіру арқылы жүзеге асырады. Оларға: инсулин, пролактин, эритропоэтин жатады.

Slide 7

Бірақ бұл жіктелу шартты түрде . Рецепторлардың түріне байланысты бір гормон сигналды түрлі мессенджермен беруі мүмкін. Мысалы, адреналин бета2-рецептормен байланысқанда цАМФ, егер альфа1-рецепторымен байланысқанда онда иондалған Са және фосфатидилинозиттер қатысады.

Slide 8

Негізгі бөлім

Тұз-су гомеостазының негізгі параметрлеріне осмос қысымы, ортаның рН-ы және жасуша ішілік және жасуша сыртылық сұйықтардың мөлшері жатқызлады. (Сур. 2. ) . Бұл параметрлердің өзгерісі артериялық қысымның өзгеруіне, ацидозға немесе алкалозға, дегидратацияға және ісіктерге әкеле алады. Су-тұз балансының реттелуіне қатысатын негізгі гормондарға АДГ (антидиуреттік гормон, вазопрессин), альдостеронжәне жүрекшенің натрий-уретикалық факторы (НУФ) жатқызылады.

Slide 9

АДГ немесе вазопрессин - пептид, құрамында 1 дисульфидтік көпірше байланысымен жалғасқан 9 аминоқышқыл болады. Ол гипоталамуста прогормон түрінде синтезделеді, сонан кейін гипофиздің артқы бөлігіне жүйке ұлпасының соңдары арқылы тасымалданады. Олардан сәйкес стимул әсері кезінде қан айналысына секретеледі. Аксон бойымен тасымалдануды арнайы тасымалдаушы белок - нейрофизин атқарады.

Slide 10

АДГ секрециясын дамытатын стимул қызметін натрий ионы концентрациясының жоғарылауы және жасушадан тыс сұйықтың осмостық қысымының жоғарлауы атқарады.

Slide 11

АДГ үшін аса маңызды нысана-жасушалар - бұлар бүйректің дистальдық және жинақтаушы түтікшелерінің жасушалары болып табылады. Бұл түтікшелердің жасушалары суды салыстырмалы түрде өткізбейді және АДГ болмаған кезде зәр концентрацияланбайды, сондықтан көп мөлшерде бөлінуі мүмкін, тәулігіне 20 л астам (қалыпты мөлшері 1-1, 5 л) .

Slide 12

АДГ әсер ететін рецептордың екі түрі болады - V1 және V2. V2 -рецепторы тек бүйректің эпителиалдық жасушаларының беткейінде ғана анықталған.

Slide 13

АДГ-ның V2 рецептормен байланысуы аденилатциклазалық жүйені қосарландырады және ол протеинкиназа А-ның (ПКА) активтенуін стимулдейді. Протеинкиназа А (ПКА) белоктарды фосфорландырады. Бұл белоктар мембраналық белок - аквапорин-2-нің генінің экспресиясын стимулдейді. Аквапорин-2 апикалдық мембранаға ауысып, оған орналасып су каналдарын түзеді. Олар жасуша мембранасының су үшін селективті өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде судың бүйрек каналшаларынан реабсорциясы жүреді және су интерстициалдық кеңістікке өтеді.

Slide 14 Slide 15

V1-рецептор жазық бұлшықет мембраналарында шоғырланған. Vi-дің АДГ мен байланысуы фосфолипаза С-ның активтенуіне әкеледі. Фосфолипаза С фо-сфатидилинозитол-4, 5-бифосфатты гидролиздеп инозитол-3-фосфаттың (ИФ-3) түзілуіне әкеледі. ИФ-3 эндоплазмалық ретикулумнан Са2+-ң босатылуын жүргізеді. Гормонның Vi рецептор арқылы әсерінің нәтижесі тамырлардың жазық бұлшықеттік қабатын жиырылдыру болып табылады.

Slide 16

Гипофиздің артқы бөлігі дисфункциясынан болатын АДГ жетіспеушілігінде, сонымен бірге гормондық сигналдың берілу жүйесіндегі бұзылуда қантсыз диабеттің дамуы мүмкін. Қантсыз диабеттің негізгі белгісі - полиурия, немесе, тығыздығы төмен зәрдің көп мөлшерде бөлінуі.

Slide 17

Альдостерон - біршама активті . Ол бүйрекүстілердің қыртысты қабығында холестериннен синтезделеді.

Slide 18

Шумақтық аймақтағы жасушалардағы альдостеронның синтезі мен секрециясын ангиотензин II, АКТГ, простагландин Е стимулдейді. Сонымен қатар бұл процестер К+ концентрациясы жоғарлағанда жөне Nа+ концентрациясы төмен болғанда да активтенеді.

Гормон нысана-жасушалардың ішіне өтеді және ядрода немесе цитозолда орналасқан спецификалық рецептормен әсерлеседі.

Slide 19

Бүйрек каналшалары жасушаларында альдостерон белоктар синтезін стимулдейді, олар әртүрлі қызметтерді атқарады.

Slide 20

Бұл белоктардың қызметі: а) . бүйректік дистальдық каналшалардың жасушасының мембранасындағы натрий каналдарының активтілігін жоғарлатады, сол арқылы натрий ионының зәрден жасушаға тасымалдануын қабілеттендіреді; б) . ҮКҚЦ ферменттері болып табылады, сондықтан Кребс циклінің АТФ молекуласын түзуі қабілетін жоғарлатады, ол иондардың активті тасымалдануы үшін қажет. в) . К+, Nа+ АТФ-аза насосының жұмысын активтендіреді және жаңа насостардың синтезін стимулдейді. Альдостеронмен индуцирленетін белоктардың әсерінің қорытынды нәтижесінде нефрон каналшаларында натрий иондарының реабсорбциясы жоғарлайды, бұл ағзада NаСІ-дың ұсталуына әкеледі.

Slide 21

Альдостеронның синтезі мен секрециясының негізгі реттелуі механизмі ренин-ангиотензиндік жүйемен атқарылады.

Slide 22

Ренин- фермент, ол бүйректік афференттік артериолдардың юкстагломерулярлық жасушаларында өндіріледі. Бұл жасушалардың шоғырлануы оларды артериялық қысымның өзгерістеріне ерекше сезімтал етеді. Артериялық қысымның төмендеуі, сұйықтың немесе қанның жоғалтылуы, NaCI кон­центрациясының төмендеуі рениннің босатылуын стимулдейді.

Slide 23

Ангиотензиноген-a2 - глобулин, ол бауырда синтезделеді. Рениннің әсері үшін субстрат болып табылады. Ренин ангиотензиноген молекуласындағы пептидтік байланысты гидролиздейді және N-соңындағы декапептидті (ангиотензин І) бөледі.

Slide 24

Ангиотензин I ангиотензинөзгертуші фермент үшін субстрат болып табылады. Ол эндотелиалдық жасушалар мен қан плазмасында кездеседі. Ангиотензин І-ден екі терминалдық аминоқышқылдар бөлініп октапептид - ангиотензин ІІ түзіледі.

Ангиотензин II альдостеронның өндірілуін стимулдейді, артериолдардың тарылуын дамытады, соның нәтижесінде артериялық қысым жоғарлайды, шөлдеу сезімі дамиды. Ангиотензин ІІ альдостеронның синтезі мен секрециясын инозитолфосфаттық жүйе арқылы активтендіреді (сурет2, 3) .

Slide 25

НУФ- пептид, құрамында 28 аминоқышқыл бір дисульфидтік көпірше байланысымен болады. НУФ кардиоциттерде синтезделіп препрогормон түрінде (126 аминоқышқыл қалдықтарынан тұратын) сақталады.

Slide 26

НУФ -тың секрециясын реттеуші негізгі фактор - бұл артериялық қысымның жоғарлауы. Басқа стимулдері: плазманың осмолярлығының жоғарлауы, жүрек соғысы жиілігінің жоғарлауы, қанда катехоламиндер мен глюкокортикоидтардың деңгейінің жоғарлауы.

Slide 27

НУФ-тың негізгі нысана-мүшелері - бүйректер, шеткері артериялар.

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
Антидиуреттік гормон
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Қан тамыр
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Әйелдің жыныс гормондары
Гормондар биохимиясы. Гормондар және адаптациялық процестер
Заттар және энергия алмасу
Гормондар туралы
Фармакологиялық әсері
Эндокриндік жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz