Балалар бас миының анатомиясы
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Балалар бас миының анатомиясы.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы
және оның жастық ерекшеліктері
• Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
• Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым
• Жүйке жүйесінің құрылымы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге
асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге
жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене
мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу
мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп
отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың
бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген
қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала
келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке
жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне
жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын
жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Негізгі бөлім
Нерв жүйесінің құрылымдық-
функционалдық құрылысы және
оның жастық ерекшеліктері
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен
байланыстырып,
организмнің біртұтсатығын
жүзеге асырады;
- денедегі барлық мүшелердің
және мүшелер
жүйелерінің қызметін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен
байланыстырады.
Жүйке жүйесінің жалпы сызбанұсқасы:
Адамның нерв жүйесі 2-ге бөлінеді:
1. Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) – ми, жұлын;
2. Шеткі нерв жүйесі – ОНЖ-дан тыс орналасқан нерв
клеткалары мен барлық нерв талшықтары.
Сонымен қатар, нерв жүйесі
(НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:
Вегетативті нерв жүйесі
– ішкі органдар қызметі мен зат
алмасуды реттейді. ВНЖ өз
кезегінде 2-ге бөлінеді:
А) симпатикалық; Б)
парасимпатикалық.
Соматикалық НЖ көлденең
жолақты бұлшықеттің жұмысын
реттеп, дененің сезімталдығын
қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы
Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық
бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына
нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді.
Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв
ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын
қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет
атқарады.
Жаңа туған нәрестеде
глиалдық жасушаларға
қарағанда нейрондардың
саны көп болады. 20-30 жаста
олардың мөлшері теңесіп,
кейін нейрондардың саны
азайып, глиалдық жасушалар
көбейеді. Нерв ұлпасының
негізгі қасиеттеріне
қозғыштық, өткізгіштік және
лабильділік жатады. Бұл
қасиеттер өз кезегінде
тітіркенгіштікпен тығыз
байланысты.
Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін
талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа
өсінді-дендрит, ұзын өсінді-аксон болады. Нейроннның
денесі сома д.а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада күрделі зат
алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс
істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын
көрінеді және онда көптеген органоидтар болады.
Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа
клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Д.- қозуды
қабылдаушы негізгі бөлік. Бір нейронда бір ғана аксон
болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы
д.а. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді.
Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі – нерв
импульстерін өткізу. ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш
(афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі
органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе
орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан
тұратын аралас нервтерді ажыратады. Кейбір нерв
талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы
болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер
жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а Миелиннің атқаратын
қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау.
Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин
қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық
бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында
миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами
бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына
тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше
жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші
қызметін қиындатады. Жекелеген нейрондар арасындағы
байланыс синапс арқылы жүзеге асады.
Синапстың:
- пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді);
- постсинапстық мембранасы (басқа нейронның
участогы);
- синапс саңылауын ажыратады.
Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді
заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі. Рефлекс
және рефлекс доғасы. ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде
рефлекстік реакциялар жатыр. Рефлекс ОЖЖ-ның
қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру
реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы
д.а. РД 5 элементтен тұрады:
-рецептор;
-афференттік нерв;
-ОНЖ;
-эфференттік нерв;
-жұмыс органы.
Егер РД 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2
нейронды немесе моносинапстық д.а. Егер РД көп
нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген
синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды
немес полисинапстық д.а. Дененің барлық органдарында
тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары – рецепторлар
орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.),
орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.
Орналасуына байланысты рецепторларды:
1)экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс,
дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы
ортадан қабылдайды;
2)интерорецепторлар ішкі
органдардың ұлпаларында орналасып,
тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;
3)проприорецепторлар –
бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып,
бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап,
дененің қозғалысы туралы белгі береді.
Нерв орталығы туралы түсінік. ОНЖ-ның әртүрлі
бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі
функционалдық бірлестіктері нерв орталығы д.а. Нерв
орталығы рефлекторлық реакциялардың және
функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының
өзіне тән қасиеттері болады. ОНН-гіқозу мен тежелу
процестері ОНН-гіқозу мен тежелу процестері
- қозуды бір жақты ғана өткізеді;
- ОНЖ-нің синапстарында
қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу).
Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв
бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен. Тежелу.
Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде
қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу
процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОНЖ-гі
тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан.
Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады.
Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы.
Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті
нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі
барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас
құрылым ретінде жауап береді. Организмнің әртүрлі жүйелері
қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция,
ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына
бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп
аталады.
Қозу болған нейрондарда
қозудан кейін тежелу пайда
болады және керісінше,
тежелуден кейін сол
нейрондарда қозу туады.
Бұл ізді индукция. Мысалы,
оқушылардың сабақтан кейін
үзілістегі белсенділігі.
Дененің қаңқасының бұлшық
еттерінің тонусын сақтайтын
организм үшін
аса маңызды рефлекстер де
осы жұлындағы орталықтардың
қатысуына байланысты.
Жұлынның қозғаушы
орталықтарынан
үнемі келіп тұратын нерв
импульстеріне байланысты адам
кеңістікте белгілі орын алып
қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы
орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару
т.б. рефлекстер).
Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды
бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі
мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен
байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін
мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз
қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII
дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII
тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми,
көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми
сыңарларынан тұрады.
Сопақша мидың арт жағында мишық орналасқан. Мишық 3
бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын
ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары.
Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты
сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы
1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан
нейондардан (нерв клеткаларынан) құралған: І-сыртқы,
молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III -ішкі, түйіршік
баттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ
заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері - тісті,
тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан.
Мишықтың кұртында сұр заттан құралған екі ядро бар.
Сопақша ми-жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның
ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет
атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида
тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру,
сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін
шығаратын нерв орталықтары және ІХ-ХІІ ми нервтерінің
ядролары орналасқан. Вароли көпірі-сопақша мидың үстінде
орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында
ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі.
Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан.
Мұндағы сұр заттар 4 төмпешік түрінде шоғырланған: көзді
қозғаушы және шығыршық нервтерінің, қызыл және қара
субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында
алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс
орталықтары орналасқан.
Олардың қызметіне қарай
бағдарлау реакциялары
орындалады. Қара
субстанция үйлестірілген
жұтыну, шайнау,
саусақтардың нәзік
қимылдарын реттеуге
қатысады. Қызыл ядрода
еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ
ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты
аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты
аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың
барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары
дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат
алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл
сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу
орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол
неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан
Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен
орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі
секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын
орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және
сергектігін реттеуге қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми
бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация
( торлы құрылым ) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және
мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан
тұрады. Микроскоппен
қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны
торлы құрылым деп те
атайды. Торлы құрылым негізінен
орталық жүйке
жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын,
мишық және үлкен ми
сыңарлары. Ол жұлынның
белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:
1. Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында
орналасқан үсақ нейрондардан қүрылған;
2. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида
және көп бұрышты нейрондардан түрады;
3. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері
әртүрлі нейрондар;
4. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ
нейрондар;
5. Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының
жиынтығы;
6. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді,
көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардай тұрады;
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларының
кейбіреулерінің дендриттері 1-ші
қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді.
Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер
сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жар-
шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет
атқарады:
1 Организмнщ сыртқы ортамен баиланысын қамтамасыз
етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы
ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру,
ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптас-
тыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке
әрекеттері.
Қорытынды
Бүдан бір ғасырдай бүрын ми жарты шарларының бірдей еместігі,
әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырма-шылығы
анықталған болатын. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы
зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген.
Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан
кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын
Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол
жақ жарты шарының ойлауға қаты-сы барлығы байқалды. Мидың
оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, алсол жақ
жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы
мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу
жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды.
Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер
анықталды. Р. Сперри өзінің пациенттерін бақылау арқылы мидың
екі жарты шары екі ми іспетті қызмет атқаратынын байқады.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Рақышев А. « Адам анатомиясы» 2004ж.
2. Қ.Дүйсембин, Г.Абеуова, З.Алиакбарова. «Жасқа
сай физиология және валеология», А., 2007.
3. Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. «
Адам физиологиясы» 2009.
4. Г.Е. Островерхов, Ю.М. Бумаш, Д.Н. Лубоцкий.
Оперативті хирургия және топографиялық анатомия.
Курск, 1998ж.
5. Досаев Т.М. Адам анатомиясы. –Ақ-Нұр, 2013.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz