Жай және күрделі ақуыздар. Гликопротеиндердің, нуклеопротеиндердің құрылысы мен функциялары




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Жай және күрделі ақуыздар.
Гликопротеиндердің, нуклеопротеиндердің құрылысы
мен функциялары.
Жоспар

1. Кіріспе;
2. Негізгі бөлім;
• Жай белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
• Күрделі белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
3. Қорытынды;
4. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе

Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын
түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары
бар.
Ақуыз – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі
организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша
протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі
көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану,
өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс
алу процестеріне тікелей қатысады. Адам
тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы
керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда,
сосын ішектегі ферменттердің әсерінен
гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін
ыдырайды.
Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында
50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот,
0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден
түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы
нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы
өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.
Жай белоктар. Олардың негізгі өкілдері
және сипаттамасы

Жай белоктар гидролиздеу кезінде тек аминқышқылдарына ғана
ажырайды. Төменде қарапайым белоктардың негізгі өкілдері
жайлы сөз болмақ.
1. Альбуминдер - бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен
немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға
шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және
биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмырткасында, бұршақ
тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Альбуминнің молекуласы теріс
зарядталған. Құрамында глутамин кышқылы көп болғандықтан,
оның қышқылдық қасиеті бар, рН-1 — 4,7. Альбуминдер суда,
тұзды ерітінділерде ериді, қан плазмасында липидтерді,
гормондарды, витаминдерді, микроэлементтерді тасымалдайды.
Қан сарысуының альбумині 500 амин қышқылы
қалдықтарынан құралады, м.м. — 70000, лактоальбумин
(сүтте болады) 153 амин қышқылының қалдықтарынан
құралады, м.м. — 17 000. Жұмыртқа белогінде овальбумин
кездеседі, оның м.м. — 45000.
2. Глобулиндер — бейтарап тұздармен жартылай
қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер бар жерде
кездеседі. Глобулин — сәл қышқылдау белоктарға немесе
бейтарап белоктарға жатады. Ол сұйытылған тұз
ерітінділерінде ериді, суда ерімейді, рН-і - 6-7,3. Глобулиндер
қанда көп мөлшерде кездеседі. Олар өздерінің құрамы,
молекулалық массасы және биологиялық қызметі жағынан
бір-бірінен өзгеше. Глобулиндерді: a - глобулиндер, р -
глобулиндер және у — глобулиндер деп бөледі.
Ал, олардың өзі ары қарай бірнеше топқа бөлінеді. a — глобулиндер тобына
церулоплазмин жатады. Ол плазмадағы мыс иондарын тасымалдау қызметін атқарады,
м.м. - 150000.р — глобулиндердің арасында трансферрин бар, ол темір иондарын
тасымалдайды, м.м. — 76000. Глобулиндердің ішіндегі аса маңыздысы ү — глобулин. Ол
антиденешік, ағзаны қорғаушы белок.
3. Гистондар (грекше — histos — ұлпа) — ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің
ДНҚ қосылысымен байланысты болады. ДНҚ-ның кеңістіктік құрылымын тұрақтандыруға
және репрессия процесіне қатысады. Генетикалық мәліметтің ДНҚ-дан РНҚ-ға берілуіне
жан-жақты тосқауыл қояды.
Гистондар өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі. Олардың
құрамында аргинин мен лизин қалдықтары көп болуына байланысты сілтілік
қасиеті бар, м.м. - 11000-21000, рН- 10.
4. Протаминдер — ең шағын молекулалы белоктар, м.м. — 4000-12000
шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп,
гистондар сияқты ДНҚ-мен байланысты. Ол спермада (еркектің ұрығында) болады
және реттеушілік емес, тек құрылымдық қызмет атқарады.
5. Проламиндер — өсімдіктер белогі,
әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер
дәнінің жабысқақ ұлпасында болады.
Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда
және сілтілерде ерімейді, 70% этанолда
ериді. Бұл белоктар тобында кейбір
ауыстырылмайтын амин қышқылдары
тапшы болады. Проламин белоктары
тобына бидай мен қара бидайдың
глиадины, арпаның гордеині, жүгері зеині
мен сұлының аверині жатады.
6. Глутелиндер де өсімдік
белоктарына жатады, сілтінің сұйық
ерітіндісінде ериді, астық
дақылдары дәнінде болады, оның
құрамы глутамин қышқылына және
лизинге бай келеді. Астық тұқымдас
дақылдар дәнінде проламинмен
бірге белок қоры ретінде жиналады.
Бұлар: бидайдың глутелині, күріштің
оризенині және басқалары.
7. Протеиноидтар (склеропротеиндер) - белок
тәріздес заттар. Бұларға сүйеніштірек
ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің,
мүйіздің, жүннің, шаштың т.с. сияқтылардың)
фибрилл белоктары жатады. Бұл белоктар
ерекше мықты және иілмелі-созылмалы келеді.
Суда, тұздардың, қышқылдар мен сілтілердің
сұйық ерітінділерінде ерімейді. Бұл белоктарды
протеолиттік, ферменттердің көпшілігі ыдырата
алмайды, олар қоректік жағынан бағалы емес.
Протеноидтар тобының белок өкілдері мыналар:
Коллаген — бұл белок жалғастырып тұратын
тканьдерінің (сіңір, сүйек, тері, тіс және
шеміршектің) негізін құрайды. Осы фибрилді
талшықты белоктар суда ерімейді. Коллагеннің
молекуласы үш полипептидтік тізбектен тұрады,
м.м. - 285000 және оның амин қышқылдык
құрамы ерекше. Ондағы барлық амин
қышқылдарының үштен бірі глицин болып
табылады. Коллагенді ұзақ қыздырған кезде ол
денатураланады да, желатинге айналады.
Эластин — жалғастырып тұратын ұлпаның
иілмелі-созылмалы белогы. Сіңірде,
тарамыста болады. Суда ерімейді.
Құрамында глицин, валин, лейцин, пролин
болады. Ол, әсіресе, мойын
омыртқалардың байланысында, аорта қан
тамыры қабырғасында коллагенмен бірге
кездеседі. Эластин созылғыштық қасиеті
жағынан каучукке жақын.
Кератин — шаш, жүн, тырнақ, тұяқ,
қауырсындардың құрамына кіретін фибрилді
белоктар. Құрамында цистеин (150% шамасына
дейін), глутамин қышқылы, лейцин көп. Суда,
қышқылдарда, сілтілерде, тұздар ерітіндісінде
және органикалық еріткіштерде ерімейді, өте
берік. Бұл белоктің иіліп-созылғыштығы және
механикалық мықтылығы полипептидтік
тізбектер арасындағы дисульфидтік
байланыстардан болады.
Фибрион - табиғи жібек
талшықтарының негізін құрайтын
белок. Гидролизге тұрақты. Сол
сияқты ол өрмекші өрмегінің де
негізі болып табылады. Бұл белок
құрамында көп мөлшерде глицин,
аланин, серин, тирозин бар.
Күрделі белоктар. Олардың негізгі
өкілдері және сипаттамасы
Құрамында белоктік белігі және белоксіз белігі бар қосылысты күрделі белоктар —
протеидтер, ал мұндағы белоксіз бөлікті простетикалық топ деп атайды. Ол топ
белоктың биологиялық қызметінде маңызды рөл атқарады. Күрделі белоктар
құрамында кездесетін белокты және белоксіз бөліктер, шамасы коваленттік
байланыспен жалғасатын сияқты. Бұл құбылыс былай түсіндіріледі. Егер күрделі
белокты басқа заттардан бөліп алғымыз келсе, ол тек белоксіз бөлігімен ғана
бөлініп алынады да, белоксіз бөлігі, оның ылғи да негізгі компоненті ретінде бірге
жүреді. Күрделі белоктар құрамында болатын простетикалық топтардың сипатына
қарай мына төмендегідей топ тармағына бөлінеді.
1. Нуклеопротеидтер — нуклеин қышқылы бар
белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар
мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан
тұрады. Простетикалық топтың (нуклеин
қышқылының) ерекшелігіне байланысты, оларды
дезоксирибонуклеопротеидтер және
рибонуклеопротеидтер деп бөледі. Молекулалық
массалары үлкен болып келеді.
Дезоксирибонуклеопротеидтер барлық
клеткалардын, ядросында, митохондрияларында
және сперматозоид шөмішінде кездеседі.
Сондықтан, олардан клеткадағы ядроның негізгі
бөлігі құралады және олар ұлпадан айрықша
бөлініп тұрады. Нуклеопротеидтердің
биологиялық рөлі зор.
Олар клетканың құрылымдық элементі ғана емес, сонымен бірге тірі ағзаларда
негізгі қызмет атқарады. Бұл белоктардың құрамында гистондар мен протаминдер
нуклеин қышқылымен байланысқан. Олар ядродағы ДНҚ құрылымын қалыпқа
келтіріп, тұрақтандырады. Клетканың бөлінуі, белоктардың биосинтезі, тұқым
қуалаушылық ақпараттар, көп түрлі коферменттік қызметтер
нуклеопротеидтермен тығыз байланысты. Нуклеопротеидтерге вирусты белоктар
да жатады, оларды осы жағынан қарастыру өте қызықты.
2. Фосфопротеидтер — жай белоктар мен фосфор қышқылы қалдықтарынан
тұрады. Ол полипептидтік тізбектегі серинге, не треонинге жалғасады.
Қыздырғанда ұйымайды. Қышқылдармен әсер еткенде ұйиды.
Фосфопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртка сары уызындағы виталлин, балық
уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза)
жатады.
3. Гликопротеидтер — құрамында қанттар (манноза,
галактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және
басқалары) бар күрделі белоктар. Жануарлардың,
адамның, есімдіктердің және микроорганизмдердің
барлық ұлпаларында көп кездеседі.
Гликопротеидтерге сілемей муциндері, тірек ұлпалар
(шеміршек, сүйек) мукоидтары жатады. Сондай-ақ,
бұларға глюкурон кышқылы, хондроитин күкірт
қышқылы, гепарин, хитин сияқты заттардың да
қатысы бар. Олар буындарды майлайды, клетка
мембранасы құрылымының қалыптасуына,
иммунологиялық реакцияларға қатысады,
эритроциттердің беткі жағында орналасады, кан
тобын (группасын) анықтайды.
4. Липопротеидтер — белоктар мен
липидтерден (триглицеридтер,
фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер,
май қышқылдары) тұратын комплекс. Клетка
мембранасының құрылымына кіреді.
Липопротеидтер бос күйінде қан
плазмасында және лимфада кездеседі және
ол липидтерді, кейбір гормондарды бір
орнынан екінші орынға ауыстырып апара
алады. Электрофорездік қозғалғыштығы
бойынша a — липопротеидтерге және —
липопротеидтерге бөлінеді.
5. Хромопротеидтер (грекше chroma — түс, бояу
және протеидтер) — боялған күрделі белоктар.
Простетикалық тобы боялған зат және жарық
сіңіргіш белгілі бір спектрі бар.
Хромопротеидтерге гемоглобин, миоглобин,
цитохромдар, пероксидаза, каталаза, флавиндік
ферменттер жатады. Табиғатта жиі кездесетін
хромопротеидродопсин, көздің таяқшаларында
болады, кешқұрым қас қарайғанда адамның
көзінің көруіне көмектеседі.
Қорытынды
Сонымен, ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан
құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық
қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық
органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы
дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет
атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі
органикалық қосылыс.
Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Карл Маркстің пікір
бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы». Ақуыздар
органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің
негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан
құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық
реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді,
аурулармен күреседі, т.б.
Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары
жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса,
денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.
Химиялық құрамына қарай белоктар: қарапайым(жай) белоктар (протеиндер)
және күрделі белоктар (протеидтер) топтарына бөлінеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. С.О. Тапбергенов «Медициналық биохимия». Алматы, «Эверо», 2009 жыл.
2. Т.С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сейтембетова «Биологиялық химия».
Алматы, 2010 жыл.
3. Тұртабаев С.Қ., Кабдрахимова А.К., Еримова А.Ж. «Биохимия негіздері», Алмат
ы: Дәуір, 2012
4. Р.Ұ.Бейсенбаева, Б.Т. Төлегенова «Биологиялық химия». Алматы, 2008 жыл.
5. Биологическая химия/под ред. Н.И. Ковалевской.-М.: Академия, 2009.
Глоссарий
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған
органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс.
Глоссарий
Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) — химиялық элемент – түссіз, иіссіз, дәмсіз – суда аз
еритін газ.
Глоссарий
Сутегі (лат. Hydrogenium, H) – элементтердің периодтық жүйесінің IA тобындағы
химиялық элемент, атомдық номері 1, атомдық молекуласы 1,00797.
Глоссарий
Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы
химиялық элемент.
Глоссарий
Фосфор (лат. Phosphorus), P — элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы
химиялық элемент, реттік нөмірі - 15, атомдық массасы 30,97.
Глоссарий
Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар
тобы.
Глоссарий
Аминқышқылдар - молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары
бар органикалық қосылыстар.
Глоссарий
Ядро (nucleus) – жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ең маңызды құрам
бөлігі.

Ұқсас жұмыстар
Ақуыз құрамы
Ақуыздан қышқылынан
Ақуыз қасиеттері
Жасушаның биологиялық мембраналарының молекулалық құрылымы мен функциялары
Вирустардың құрылымының ерекшеліктері
Жай ақуыздар
Ақуыздардың жіктелуі
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы туралы ақпарат
Ақуыздың қызметі және қасиеті Ақуыз фолдингі Нуклейн қышқылдарының қызметі және қасиеті ДНҚ пішіні және РНҚ түрлері
Глюкозаға тән қасиеті
Пәндер