Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жағына тиесілі екендігін анықтау


Slide 1

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Такырыбы: Жұп сүйектердің қаңқаның оң немесе сол жағына тиесілі екендігін анықтау.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Бас сүйектері

Бұғана

Жауырын

Қабырға

Тоқпан жілік

Білек сүйектері

Қолбасы сүйектері

Жамбас белдеуі

Ортан жілік

Сирақ сүйектер

Аяқбасы сүйектері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері) . Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді - жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу) . Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

Slide 4 Slide 5

Самай сүйегі

Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұқыршағын түзуге қатысады да, сондықтан facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай кететін бет өсіндісі processus zygomaticus шығады. Басталатын жерінде бет өсіндісімен 2 түбірі бар: алдыңғы және артқы, олардың арасында төмеңгі жақсүйекпен буындасу үшінқажет шұқыршақ fossa mandibularis орналасады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Төбе сүйегі

Оның 4 жиегі көрші сүйектермен байланысуға қызмет етеді, атап айтқанда:

Алдыңғы жиегі - маңдай

сүйегімен margo frontalis

Медиальді жиегі - басқа

жағының аттас сүйегімен

margo sagittalis

Артқы жиегі - қарақұспен margo ossipitalis

Медиальді жиегі - басқа

жағының аттас сүйегімен

margo sagittalis

Slide 9 Slide 10

Таңдай сүйегі

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Көзжасы сүйегі

Оның латеральды бетінде көзжас қырқасы орналасқан. Қырқадан алға қарай көзжас жүлгесі sulcus lacrimalis өтеді, ол жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісіндегі жүлгемен бірге көзжас қапшығы шұқыршағын түзеді.

Slide 14 Slide 15

Бет сүйегі

Сүйектің орналасуына сәйкес онда 3 бет пен 2 өсіндіні бөліп көрсетуге болады. Бүйір бет facies lateralis, төртұшты жұлдыз тәрізді және төмпешік түрінде шамалы шығып тұрады. артқы, тегіс бет, самай шұқыршағына қараған және facies temporalis деп аталады. Үшінші бет көз беті facies orbitalis көз шарасы қабырғаларын түзуге қатысады.

Slide 16 Slide 17

Бұғана

Бұғана жіктелу бойынша аралас сүйектерге жатады және дене мен екі медиальді және латеральді ұшқа бөлінеді. Қалыңдаған медиальді немесе төстік ұшында, extremitas sternalis, төстікпен буындасуға арналған ершік тәрізді буын беті болады.

Латеральды немесе акромиальді ұшында extremitas acromialis, жазық буын беті жауырын акромионымен буындасатын жер орналасады. Оның төмеңгі бетінде төмпешік tuberculum conoideum жатады.

Бұғананың денесі төстікке жақын медиальді бөлігі алға қарай дөңес, ал латеральді бөлігі артқа қарай дөңес болатындай етіп йілген.

Slide 18 Slide 19

Жауырын

Жауырынның алдыңғы қабырғаларға қараған беті facies costalis деп аталатын жалпақ батыңқы жер болып табылады, ол жерге m. subscapularis бекиді.

Артқы бетінде facies dorsalis жауырын қылтанағы spina scapula өтеді, ол бүкіл артқы бетті тең емес екі шұқыршаққа бөледі: қылтанақүсті fossa supraspinata және қылтанақ асты fossa infraspinata шұқыршақтарына бөледі.

Slide 20 Slide 21

Қабырғалар

Әр жақта 12 ден қабырға болады. Олардың барлығының артқы ұштары көкірек омыртқаларының денелерімен қосылады. Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы ұштарымен тікелей төстікпен қосылады. Бұлар нағыз шын қабырғалар. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы ұштары бос жатады, бұлар толқушы қабырғалар.

Артқы ұшында қырқамен бөлінген буын беті бар қалыңдау қабырға басы болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады.

Slide 22 Slide 23

Тоқпан жілік

Үстіңгі айдаршықтар арасында білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буын беті (дистальді эпифиз) орын алады. Ол екі бөлікке бөлінеді: ортасында ойығы бар көлденең орналасқан кішкене жал түріндегі блок trochlea медиальді жатады; ол шынтақ сүйекпен буындасу үшін керек және оның ойығымен incisura trochlearis қаусырылады. Блоктан жоғары бір-бірден шұқыршақ жатады: алдыңғы төбе шұқыршағы fossa coronoidea артынан шынтақ өсіндісі шұқыршағы fossa alecrani.

Slide 24 Slide 25

Білек сүйектері

Білек сүйек ұзын қуысты сүйектерге жатады. Олар екеу:

Кәрі жілік медиальді орналасады ulna

Кәрі жілік шыбығы латральді орналасады radius

Slide 26 Slide 27 Slide 28 Slide 29 Slide 30

Білезік

Білезіктің проксимальді немесе бірінші білекке жақын қатары егер бас бармақтан бастап санасақ мына сүйектерден түзілген: ладья тәрізді os scophoideum, жартылай os lunatum, үшқырлы os triquetrum және бұршақ тәрізді os pisiforme.

Slide 31

Алақан

Бес алақан сүйектерінен түзіледі, олар типі жағынан бір нағыз эпифизі бар қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап І, ІІ, ІІІ және т. с. с деп реттеліп саналады.

Slide 32

Саусақ сүйектері

Кішкентай нағыз бір эпифизі бар, бунақ деп аталатын бірінен соң бірі орналасқан қысқа қуыс сүйектер. Проксимальді бунақтың табанында сәйкесті алақан сүйектің жұмыр басымен буындасуға арналған нағыз буын шұқыршағы, ал ортаңғы және дистальді бунақтарда қырқашықпен бөлінген екі-екіден жайпақ шұқыршақтар болады.

Әрбір саусақ 3 бунақтан тұрады: проксимальды, ортаңғы және дистальді. Тек бас бармақта ғана екі проксимальді және дистальді бунақ болады.

Slide 33

Жамбас белдеуі

Жамбас сүйек жалпақ сүйектерге жатады да, қорғаныш, қозғалғыш қызметін атқарады. Os coxa. 3 бөлімнен тұрады: мықын, шондонай, шат.

Ұршық ойығы acetabulum ( сірке суы ыдысы) жамбас сүйектің сыртқы жағында орналасады және ортан жілік басымен буындасуға арналған.

Slide 34 Slide 35

Ортан жілік

Ортан жіліктің денесі алға қарай шамалы иілген және үшқырлы дөңгелектерден пішінді: оның арт жағында 2 латеральды, labium laterale және медиальды labium mediale еріннен тұратын сан бұлшықеттері бекитін із, linea aspera орналасқан.

Slide 36 Slide 37

Сирақ сүйектері

Сирақ қаңқасы жуандығы бірдей емес 2 ұзын қуыс сүйектен - асықты жілік пен оның шыбығынан тұрады.

Асықты жілік-медиальді

Ал асықты жілік шыбығы - латеральды жатады. Бұл екеуінен тек асықты жілік қана тізе буыны арқылы ортан жілікпен буындасады.

Slide 38 Slide 39

Аяқбасы сүйектері

Slide 40

Тілерсек

Қол қоспасы сүйектері сияқты екі қатарға орналасқан жеті қысқа кеуек сүйектен түзілген. Артқы немесе проксимальді қатар екі біршама ірілеу сүйектен асық және оның астында жатқан өкше сүйектен құралады. Алдыңғы немесе дистальды қатар медиальды және латеральды бөлімдерден тұрады.

Медиальды бөлім ладья тәрізді және 3 сына тәрізді сүйектен түзілген.

Латеральды бөлімде тек 1 ғана куб тәрізді сүйек жатады

Slide 41

Табан


Ұқсас жұмыстар
Бет сүйегі
ТІРЕК - ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІГІ
Тірек қимыл аппаратының балалардағы жастық ерекшеліктері
Дөңгелекауыздылардың нерв системасы
Адам қаңқасының бөлімдері
Сүйектердің құрамы, құрылысы
Сүйек ұлпасының құрамы
Сүйекті балықтардың жіктелуі
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz