Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: концепциясы, мақсаттары және міндеттері


Slide 1

ОРЫНДАГАН: АРЫСТАНБЕК СЕРІК

АБ-17, 2

ТЕКСЕРГЕН: МАХАМБЕТЖАНОВА А. T

Жастар саясаты

Slide 2

Жастар саясаты туралы

Жастар - келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.

Slide 3

Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа, интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады », -деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Slide 4

Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды.

Slide 5

Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.

Slide 6

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:

1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:

1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;

Slide 7

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша «қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне айналуда». Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты: мақсаттары, міндеттері және жастар ұйымдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: мақсаттары, негізгі бағыттары және әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты: құқықтық негізі, бағыттары және әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Жастар әлеуметтануы: пәні, объектісі, теориялық негіздері және мемлекеттік жастар саясаты (Қазақстан мен әлемдік тәжірибе)
Қазақстан Республикасының Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы (2016-2020): мақсаттары, міндеттері және қаржыландыру
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру: білім беру және жастар саясаты
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мақсаттары, құралдары мен институттары
Қазақстандағы жастар әлеуметтануы: әлеуметтену нормалары, субмәдениет және мемлекеттік жастар саясаты
Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты: мақсаттары, бағыттары және іске асыру тетіктері
Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты: заңнамасы, негізгі бағыттары және қолдау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz