Дивергенция. Конвергенция. Паралельділік


Slide 1

Орындаған: Марденова Гауһар

Тексерген: Саимова Рита

Дивергенция. Конвергенция. Паралельділік.

Slide 2 Slide 3

Дивергенция(лат. divergo - кері шегінемін) деп туыс

формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта

ұдайы жүретін процесс. Бір аймақта қорек қорын біркелкі

қабылдайтын ұқсас жануарлар болса, қорек таусылғанда

олар қорегі мол басқа орындарға ауысады. Бір аймақта

сыртқы ортаға талабы әртүрлі организмдер тіршілік етсе

арасында бәсеке аз болады. Себебі әрқайсысы бір-біріне

тәуелді емес, өзінің қажетіне лайықты қорегін тауып жейді.

Ч. Дарвин табиғатта 1-2м жерде өсімдіктердің 8 тұқымдасқа.

18 туысқа жататын 20 түрін анықтаған. Бастапқы бір

популяциядан дивергенция процесіне бірнеше ормалар

таралады. Оған мысал ретінде бұғылардың 7 түрін алуға

болады. Дивергенция мен жойылу процестері тығыз

байланысты болғандықтан аталған түрлердің біразы өсіп-

өсіп, артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастырады.

Қалғандары тіршілігін сақтай алмай, жойылып кетеді.

Дегенмен әртүрлі формалардың арасында бәсекке азырақ

болса, басым көпшілігі тіршілігін сақтап қалады. Табиғи

сұрыптау нәтижесінде пайда болған түр тармағы жаңа

түрге айналады. Мұнда тұқым қуалау белілерінің

айырмашылығының әсері күшті болады.

Slide 4 Slide 5

Дивергенция (лат. diverge

- ауытқимын, ажырасамын)

- екі не одан көп тіл

құбылыстарының бір-

бірінен ажырасуы.

Дивергенция ұғымы

глоттогониялық және

құрылымдық-

диахрониялық болып екі

тұрғыда қаралады.

Дивергенция - табиғи

сұрыпталудың әсерінен

түр немесе популяция

ішіндегі даралардың

белгілерінің ажырауы.

Slide 6 Slide 7

Конвергенция( лат. conergo - ұқсас болу ) деп

организмдердің туыстық жағынан алыс

болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей,

сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады.

Мысалы, дельфиндер сүтқоректілердің класына

жатады, соған қарамастан дене пішіні

балықтарға ұқсайды. Дене пішіні сүйір, артқы

аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары жүзбе қанатқа

айналған. Жүзбе қанаттары судың тереңдігіне оң

мен солға бұрылу, су бетіне көтерілу және тежеу

қызметін атқарады. Арқа жүзбе қанаты жылдам

жүзгенде ауыр денесі жан-жағына ауып кетпес

үшін қажет болса, құйрық жүзбе қанаты балықтікі

сияқты тік емес көлбе орналасқан. Бір-бірімен

туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік

ортасына бейімделушілігін көрсетеді. Бұл

құбылыс ковергенттік ұқсастыққа жатады.

Slide 8

Конвергенция - дивергенцияға қарама-қарсы

құбылыс. Этнографияда әртүрлі халықтардың

мәдениетінде қоғам дамуының жалпы

заңдарының ықпалымен бір-бірінен тәуелсіз туған

өзара ұқсас немесе бірыңғай мәдени

құбылыстарды білдіру үшін қолданылатын

термин.

Ал мәдениет конвергенциясы - мәдениеттердің

жақындасуын, бірігуге бейімділігін, процестерді

айқындайтын термин. Мәдениет айырмашылығы

күннен-күнге азаюда, бүның аяғы синтездік

нәтиже беруі мүмкін деген болжам да жоқ емес.

Конвергенция - табиғи сүрыпталу барысында

ұқсас бірдей ортада тіршілік етуге байланысты

әртүрлі систематикалық топтарға жататын тірі

ағзаларда ұқсас сыртқы белгілердің дамуы

байқалады яғни белгілердің жақындасуы.

Белгілердің жақындасуы сыртқы ортаның бірдей

Slide 9

Параллелизм( грек. Parallelos - қатар жүру) деп

туыстық жағына өте жақын организмдердің ұқсас

белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуына айтады.

Мысалы, сүтқоректілер класына жататын

ескекаяқтылар отрядының сулы ортаға

бейімдеушілігі 3 салада дамыды. Мысалы,

морждар, құлақты және кәдімгі түлендер сулы

ортаға бір бірінен тәуелсіз көшкендіктен суға

бейімделу мүшесі - ескегі пайда болды.

Жәндіктердің ішінде қоңыздардың алдыңғы жұп

қанаттары өзгеріп, қатты қанатқа

айналғандықтан қанатүсті деп атайды.

Қоңыздардың барлығы қатқыл қанаттылар

отрядна топтастырылды. Қосмекенділердің

белгілері саусаққанатты балықтарда дамиды.

Сүтқоректілердің көп белгілері аңтісті

кесірткелердің топтарында пайда болды және т. б.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Марденова Гауһар

Тексерген: Саимова Рита


Ұқсас жұмыстар
Макроэволюция жолдары: дивергенция,конвергенция, параллелизм. Бұл процестердің биологиялық маңызы
Макроэволюция жолдары: дивергенция,конвергенция, параллелизм
Биологиялық регресс
Биологиялық прогрестің жолдары
Макроэвалюция,жолдары:конвергенция,параллелизм.Бұл процестердің биологиялық маңызы
Бірінші ұрпақ будандары үшін будандастыру кезінде көбінесе гетерозис тән қасиет
ОЖЖ қозу. Қозудың таралу ерекшеліктері
Табиғи сұрыптау
Қазақ тілі білімі қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы
ДНҚ құрылысы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz