Жапон елі
Презентация қосу
Жапон елі
Жапония - Тынық мұхитының терiскейiнде
солтүстiк-шығыстан оңтүстiк-шығысқа қарай
2900 шақырымға созылып жатқан архипелагқа
орналасқан ерекше мемлекет. Ел территориясын
құрайтын 4 мыңнан астам аралдың әрбiрiнiң
өзiне ғана тән ерекшелiгi жетерлiк. Ел
территориясы - басты төрт аралдан: Хоккайдо,
Хонсю, Сикоку және Кюсюдан тұрады. Жалпы
аумағы 377819 шаршы шақырымды
құрағанымен, құрылықтың көбiн тау-тасты
жерлер мен тiк қиялар, терең құздар алып
жатқандықтан ел территориясының 15 бөлiгi
ғана адамдар өмiр сүруге қолайлы. Соның өзiнде
адамдардың тығыз қоныстануы жағынан
Жапония әлемдегi тоғызыншы орынды алады.
127 млн. халқы бар мемлекеттiң өзге елдерден
басты айырмашылығының өзi де осында:
тұрғындардың 99 пайызы жапондар. Мұның өзi
ел өмiрiнiң өзге мемлекеттерге ұқсамайтын
қырларын ерекшелеп көрсететiнi сөзсiз.
Жапон елінің туы мен
елтаңбасы
Токио – Азия елдерінің ішіндегі ең ауқымды метрополис болып саналады.
Мұнда өткен ғасырларлардың дәстүрі мен қала мәдниетінің қазіргі
заманауй талаптары ерекше түрде біріккен. Токионың жалпы халық саны –
12 миллион адам. Елде 200-ден астам жанартау болса, соның 77-сi қазiргi
кезде де әрекет етуiн тоқтатқан жоқ. Ал сұлулығы жағынан
қайталанбайтын Фудзияма жанартауы - жапон халқының ерекше
қастерлейтiн, ұлттық символға айналған тауы. Фудзияма Токиодан 100
шақырым батысқа қарай орналасқан, Жапониядағы ең биiк тау. Оның
биiктiгi - 3776 метр. Фудзияма ең соңғы рет 1707 жылы атқылағанына
қарамастан, ол әлi сөнбеген жанартау деп саналады және оның кез келген
сәтте атқылауы ықтимал. Жыл сайын Жапонияда 800-ден 1000-ға дейiн
жер сiлкiнулер тiркеледi екен. Бiр сөзбен айтқанда, өздерiн жанартаудың
үстiнде отырғандай сезiнетiн жапондар, қала құрылыстарының
қауiпсiздiгiне, құрылыс материалдарының берiктiгiне ерекше мән бередi.
Теңiз жағалауларындағы жазықтарда орналасқан қалалардың бәрiнде жер
сiлкiнiсiне қарсы амалдар аса жоғары деңгейде жүргiзiлетiнi сондықтан.
Жапон қалаларының әрбiрi өзгелерге ұқсамайтын, өзiне ғана тән
қасиеттерi, көрiнiстерiмен ерекшеленсе де, жапон астанасы Токионың
әрбiр жапондық үшiн орны бөлек.
Окинава - тамаша жапон аралы жапон тілінен аударғанда «теңіз
бетіндегі арқан» дегенді білдіреді. Арал расында да теңіз бетіне
тасталған арқанға ұқсайды. Саяхатшылар бұл аралды керемет жылы
климаты мен тамаша табиғаты үшін жақсы көреді. Аралдың бойын, 20
км қашықтықта Жапониядағы ең үлкен кораллды рифі алып жатыр.
Тарихқа сүйенсек, бұл аралға адамдар 20 мың жыл бұрын қоныстанған
екен. ІІІ ғасырда окинавалықтар Азия континетімен байланыста
болғаны белгілі, ол туралы Наха қаласының маңындағы қазбалардан
табылған, сауда негізі болған Кытай заттарынан байқауға болады. Бұл
арал субтропикалық климатта орналасқан, мұнда орташа жылдық
ауаның температурасы +22 градус, теңіз суының температурасы +20
градустан төмендемейді.
Йокогама – Токиодан оңтүстік –батысқа қарай 32 км.жерде
орналасқан және үлкендігі бойынша елдің екінші қаласы, Жапонияның ең ірі
порты, сонымен қатар елдің сыртқы саудасының ірі орталығы болып
табылады. Қала ультразаманауй архитектурасымен және жоғары өмір
тынысымен таң қалдырады, сондықтан да “ешқашан ұйықтамайтын қала”
деген атқа ие. Қаланың негізі ХІ ғасырда қаланған және бірнеше храмдары
бар, халқы күріш өсірумен айналысатын жай ғана елді мекен еді. Бұл қаланың
ең маңызды жері деп “Болашақ портын” немесе Минато Мираи айтуға
болады. Дәл осы жерде бүкіл қаланың символы ең биік мұнара Ланд Марк
Тауэр бар, оның биіктігі шамамен 300 метр.
Киото – бұл Жапонияның көне қаласы, шамамен 1200 жыл
жапон саясаты, экономикасы және мәдениетінің орталығы болған. Қала
басында мемлекеттің астанасы ретінде салынған, сол себептен де мұнда
керемет әдемі ғимараттар бой көтерген, кейіннен олар Әлемдік
мәдениеттің негізі болды. Алғашында ол Хэйанкио, яғни «әлем астанасы»
деп аталған. Ескерткіштік құрылымдардан қаладағы буддистік
храмдардың ішіндегі ең әдемісі 805 жылы салынған Киемидзудера, «Таза су
храмы» көзге түседі. Киемидзудера – бұл храмдар жиыны, мұнда бірнеше
ғимараттар бар. Бұл кешеннің ең негізгісі – Хонда храмы, мұнда он бір
жүзді және мың қолды Киемидзудера негізгі құдайлары орналасқан.
Саяхатшылар Киотодағы тағы бір көрнекі орын Ниси-Хоган-дзи ежелгі
храмын тамашалай алады (биіктігі 56,9 м). Мұнда, самурайлар қолданған
жебе және басқа да абзелдері бар Сандзюсангэндо тарихи мұражайы бар.
Осака – Жапонияның тамаша қаласы. «ХХІ ғасырдың кереметі»
саналатын және Осака жасанды аралында орналасқан «Кансай» аэропорты
мен үлкен теңіз портының мінсіз орналасуына байланысты Осака
Жапонияның ірі комерциялық орталықтарының бірі болып табылады. Осака
екі бөлікке бөлінеді: тарихи оңтүстік және іскерлік солтүстік. Оңтүстік
бөлігінде қаланың танымал храмдары, соның ішінде синтоидтік Сумиеси
храмы орналасқан. Осаки сауда орталығы мен Синсайбаси, Дотонбори
кварталдары да осы оңтүстік бөлікте орналасқан. Қаланың солтүстік
және оңтүстік бөліктерін Мидосудзи бульвар бөліп тұр.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz