Ұлттық әдебиеттегі Мағжан ( Сәбит Мұқанов және Дүкенбай Досжан шығарлары)




Презентация қосу
ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЕЛКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыстың тақырыбы:

Ұлттық әдебиеттегі Мағжан (Сәкен Сейфуллин,
Сәбит Мұқанов және Дүкенбай Досжан
шығарлары)
Зерттеу жұмысын жүргізген: ҚТӘ-06 тобының студенті
Есқожина Мадина Мұратқызы

Зерттеу жұмысының жетекшісі: аға оқытушы
Өмірсейітова Назым Жәмшитқызы
Зерттеу жұмысының мақсаты мен
міндеттері
Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфулин және Дүкенбай
Досжан шығармаларындағы Мағжан бейнесінің
жасалу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау;
Қаһарман болмысындағы ұлттық мінезді таныту;
Ақынға арналған өлеңдерге талдау жасау;
Зерттеу жұмысының өзектілігі,
құрылымы
Айнала дүниені, қоршаған ортаны, әлемді, болмыстың
түрлі категорияларын танып-білу үшін ең әуелі адамды
танып-білу керек. Бұл сауал ежелгі дәуірден бері адамзат
қоғамының алдында тұрды, тұра бермек. Яғни, адамтану
аяқталмаған процесс. Мағжан бейнесін сомдау арқылы
ақынның сол қоғамдағы рөлін, қызметін беру.
Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімі «Өмір
мектебі», «Тар жол, тайғақ кешу», «Мағжанды
өлтіргендер» шығармаларындағы Мағжан бейнесі, және
көріктеу құралдарының кейіпкер бейнесін берудегі
қызметі атты екі тараудан тұрады. Әр тарау соңында ой
қорытындыланып, тұжырымдалған. Соңында қолданылған
әдебиеттер тізімі берілген.
Бейсенбай Кенжебаев Мағжанның ұстаздық қасиеті
жөнінде:

«Мағжан сұлу еді: орта бойлы, болық денелі, бұйра қара шашты,
ақ құба, бидай өңді еді. Бет пішіні Адайдың белгілі суретіндегі
бет пішініне ұқсайтын. Жүріс-тұрысы жарасты, сәл мңғаз еді.
Осының бәрінің үстіне ол қыз мінезді де еді.
Мағжан ғалым, тәрбиелі, шебер оқытушы, асқақ методист-педагог
еді. Педагогика жайында, қазақ тілі мен әдебиетін
оқытужайында жарияланған кітабы, мақалалары болушы еді.
Осыдан болу керек, ол бізге қазақ тілі мен қазақ әдебиетін
тамаша оқытты: сабақ үстінде лекциялық, практикалық
әдістерді ретімен қатар қолданар еді.
Мейлі, лекциялық сабақтар болсын, мейлі, практикалық сабақтар
болсын, ол қағазға, кітапқа қарамайтын. Сөз арасында
келтіретін мысал өлеңдер мен әңгімелерді түгел жатқа айтатын»
[4.274б.].
ІІ ТАРАУ Мағжан бейнесін беруде көркемдегіш
құралдардың қолданылу аясы
(түрлеріне, мағыналық түрлеріне мысал)
теңеу Арнау
Қу түлкідей алдайды ақылды үміт. Мағжан! Мағжан! Ерек есім киелі,
Жас баладай еліккіш, албырт, аңғал... Ұмытпайды, халқың сені сүйеді.
Несін құдай жаратқан ақын қылып. Күннен туған пайғамбары өлеңнің
Метафора Алты алашың өзіңе бас иеді.
Қайталау
Кеудеде-от, көзде – жас, іште- Ғашық болды,
жалын... Өлердей құлап сүйді,
Дәрмене боп саудаға түскен арың. Елти сүйді, егіліп, жылап сүйді.
эпитет Адасса да, алды жөн, өзіне аян
Мағжан, Мағжан.. Қайрылмастай басқаға бір-ақ
Мағжан ол – жел, Мағжан – жыр, сүйді.
өлеңдері –
борай жауған ақ жаңбыр
ІІІ ТАРАУ Тұрақты тіркестердің синтаксистік
қызметі
Тұрақты тіркестердің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Мысал:
Сұм өмір күшті уын аяды ма?
Қанды ор боп ақын жолы қалады ма?
Тұрақты тіркестердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Мысал:

Көл болып көздің жасы төгілгенмен,
Ауыр дерт қорғасындай жанды жанышты.
Тұрақты тіркестердің толықтауыш қызметінде жұмсалуы.Мысалы:

Ер Баян жас сұлуды алып келген
Көзінен ыстық жасты сорғалатты
Тұрақта тіркестердің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Мысал:

Бөленген бұйра сыпсың қарағайға
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Тұрақта тіркестердің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Мысал:

Қан шашып әлдекімді қорғағандай,
Кенежан елің қалды жау қолында.
Қорытынды
Мағжанның еңбегін бағалап, халық ақыны деп құрмет тұту бәріміздің
парызымыз. Сол себепті қаламызда ақын есімімен қаланың дәл төсінде
жайлап жатқан жалпақ көшені атап, кезінде өзі қызмет атқарған
педагогикалық колледжге Мағжан есімі берілген еді. Мағжан көшесінің
университетпен тұстасқан жерінде ақынға арнап ескерткіш қойылған.
Сонымен қатар, биылғы 2007 жылдан бастап, қаламызда облыс әкімі
болған Тайыр Мансұровтың қолдауымен облыстық «Мағжан» журналы
шықты. Бұл журнал жылына үш рет жарық көріп, онда облыста және
республикамызда болып жатқан ғылыми, мәдени жаңалықтар
жарияланып тұрады. Қарап отырсақ, бұл игі істердің барлығы ақынға
деген құрметіміз, себебі біз Мағжан ақын алдында бас иеміз. Ақын
есімін қадір тұтып, игіліктер жасасақ та, ешқашан көптік етпейді.
Ақынға арнап қаламызда мемориалдық мұражай ашылса, тіпті
қуанышымызда шек болмас еді. Келешекте осы ой жүзеге асар деген
үлкен сенімдеміз. Өйткені Мағжанның халқы үшін жасағаны халқының
ақын үшін жасағанынан сан есе асып кетеді.

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық әдебиеттегі Мағжан (Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов және Дүкенбай Досжан шығарлары)
Сәбит Мұқановтың шығармалары
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
2000 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ақын, жазушылар
Ма ғжан Жумабаев (1893-1938)
Жай қайталау
Мағжан поэзиясы
Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
Сәбит Мұқанов Саятшы Ораз әңгімесі
Сырдың тұлғалары тарихи
Пәндер