Ар - намысым, қасіретім, қуанышым желтоқсан туралы


Slide 1

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институты Физика және Математика кафедрасы.

Ар - намысым,

қасіретім, қуанышым

ЖЕЛТОҚСАН

Эдвайзер: Жұмабаева Сания Бақытжанқызы

Физика 41-тобы

Slide 2

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр - қайрат керек.

Н. Ә. Назарбаев.

Slide 3

Намыс оты алаулаған.

Азаттықты аңсағандар.

Мұзда жанған алаулар.

Не үшін, кім үшін бардым алаңға???

Ерлік ұмытылмайды.

ҮЗІЛГЕН ҮМІТТЕР

Slide 4

Қайсар рухты қазақ

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотроицк (қазіргі Төле би) селесондағы шопан бала-ларына арналған мектеп-интернатта оқыған. Мек-тепте сол кездегі қалып-тасқан дәстүр бойынша тәуір оқитындарды қоғам-дық жұмысқа жиі тартатын.

Slide 5

Ләззатым намысшыл бала еді

Желтоқсан көтерілісі деген-де күңіреніп кетемін. Өйткені онда мен ғана емес, талай ана бақытсыздыққа ұшырады. Біреулердің балалары хабарсыз кетсе, енді бірі тепсе темір үзетін жап-жас ұл-қыздарының мүгедек болып қалғанын көріп күйінеді. Осы бір алапат құйында мен де тұлабой тұнғышым Ләззаттан көз жазып қалдым.

Желтоқсан қөтерілісі орын алған тұста ауылдағы мектептің кітапханасында жұмыс істеп жүрдім. Алғашында:”Қыздарың қатты сырқат. Тез жетіңдер!” - деген тілдей жедел хат келді.

Анасы Алтынайдың естелігі

Slide 6

1966 жылы 25 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданына қарасты Қара-құр ауылында дүниеге келген. 1984 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Абай атын-дағы педагогикалық инсти-туттың бастауыш сыныптар-ды оқытудың педагогикасы мен методикасы факультетіне оқуға түседі. Ал 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қаты-сып, комсомол қатарынан шығып, оқудан қуылған. Бұл күнде іргелі отбасы. Жолдасы Қанат Смайылов екеуі Қарақұр ауылындағы орта мектепте ұстаздық етеді.

Гүлнәр Айтбекқызы Есенқұлова

Slide 7

Уызбек Шәкірұлы Есіркепов

1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Советский ауылындағы Қызылжырау деген бөлімшеде дүниеге келген. 1981 жылы Советский ауылында орта мек-тепті бітіреді. Дәл осы жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын Владивостоктағы теңіз фло-тында өтеді. 1986 жылы Ауыл-шаруашылығы институтында оқып жүргенде Желтоқсан көтерлілісіне қатысқан. Жел-тоқсан мәселесін қараған комис-сия кейіннен ақталған, оқуына қайтадан қабылданып, оны ойдағыдай тәмамдап шыққан. Қазір аталған институтта оқытушы.

Slide 8

Гүлбира Төлебайқызы Панина

1966 жылы 2 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Нарын ауданы, Ново-Бере-зовка елді мекенінде дүниеге келген. Гүлбира орта мек-тепті ойдағыдай аяқтаған-нан кейін Алматыға келіп, оқу мен жұмысты қатар алып жүреді. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, жазықсыз сот-талған. Кесілген 3 жыл мерзімінің 6 айын өтеді. Қазір Алматыда тұрады.

Slide 9

Ерлан Әбдірашитұлы Декелбаев

1962 жылы 19 қазанда Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке разъезінде дүниеге келген. 1980 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Николаевка (қазіргі Жетіген) ауылындағы №3-ші орта мектепті бітіргеннен кейін, еңбек жолын “Қазақфильм” киностудиясында оператордың ассисенті болып бастайды. Ал, Желтоқсан көтерілісі қарсаңында “Радиотехника-4” деп аталатын фирмалық дүкенде инженер болып қызмет атқарған. Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін 6 жылға сотталып, кесілген жазаның 2 жыл 1 ай 8 күнін өтеді.

1992-1993 жылдары Мұхтар Шаханов басқарған Желтоқсан кө-терілісін зерттеу комиссиясы жұ-мыс тобының көмекшісі, М. Шахановтың депутаттық көмекшісі болды.

Slide 10

Еламан Кеңесұлы Әбдіреев

1963 жылы Қызылорда облысы, Арал теңізінің жаға-сында 5 желтоқсанда дүниеге келген. 1971-1981 жылдары Арал қаласындағы №15 қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматы құрылыс техникумына оқуға түседі. 1984 жылы әскер қатарына шақырылады. 1986 жылы Алматыға келіп оқуын ІІІ-курстан жалғастырады. Осы жылы Желтоқсан көтері-лісіне қатысып, нақақтан-нақақ 4 жылға сотталған. Мерзімді уақытының 3 жыл 5 айын өтеп келген. 1990 жылы ақталды.


Ұқсас жұмыстар
Ар - намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Қайраттың отбасы
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан ( Тәрбие сағаты )
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Отан үшін отқа түс!
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz