Өтініш


Slide 1 Slide 2

Өтініш (арыз) - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгісі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.

Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Өтініш белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көрсетіледі. Өтініш онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.

Slide 3

2. Өтініш түрлері:

өтініш түрінде жазылатын арыз;

шағым түрінде жазылатын арыз;

Түсініктеме түрінде жазылатын арыз;

Конституция түрінде жазылатын арыз.

Slide 4

Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза, түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.

Арыз құрылымы:

Құжат адресациясы;

Құжат аты;

Негізгі мәтін;

Қосымша болса оған сілтеме;

Жазылу мерзімі;

Қолы;

Арыз мазмұнымен келісушілер қолы;

Slide 5

Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда тегі, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса, олардың барлығының ресми қызметі адресацияда көрсетілуі керек.

Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, “Менің Сізге арыз беру себебім, ”. Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, ”Айтыландарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын”, “Нұсқау беруіңізді сұраймын” т. б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады.

Slide 6

Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парақтың сол жақ өлігінде орналасады.

Қолы. Арыз жазушының атқаратын қызметінің толық ресми аты жазылады, қол қойылады. Парақтың оң жағына тегі, аты-жөні жазылады.

Егер арызға қол қоюшылар бірнешеу болса, онда олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит тәртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болса, онда арызға қол қою парағы тіркеледі.

Арыз мазмұнымен келсуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпаратта жазылады. Мысалы, “Келіспе”, “Қарсы емеспін”. Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.

Slide 7

“Семей-су”

фирмасының Вице президенті

А. Т. Қали мырзаға

Ж. Уәлиевадан

Өтініш

Мені фирманың маркетинг бөлімінің хатшы-референт қызметінен осы бөлімнің құжаттаманы басқару бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне ауыстыруыңызды өтінемін.

Негіз. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің дипломы.

00. 00. 00 ж. қолы


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін құжат Өтініш
Құжаттың атауы өмірбаян
Өмірбаян қандай құжат
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің схемасы
Электронды құжат айналымы. Отбасы
Электронды өкімет. e.gov.kz сайтының қызме
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесі НАНДЫ, НАН-ТОҚАШ, МАКАРОН ӨНІМДЕРІН, АШЫТҚЫНЫ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Адвокат. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
Грант саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz